Главная » Файлы » Рефераттар » Информатика |
[ · Скачать удаленно (78.0Kb) ] | 09.11.2012, 21:05 |
INTERNET ЖЕЛІСІ Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18 000 әр түрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен толықтыруда) қашықтық үғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез-келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді ғой, қазір де INTERNET жалпыға бірдей информациялық қор тәрізді ертектегі "ханшалардан" күнделікті "күңіңізге" айналып барады. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. INTERNET желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. ISOC (Internet Society — Internet қоғамдастығы) президентінің жақында INTERNET желісін пайдаланушылар саны бір миллиардқа жетеді деуі де бекер емес шығар. Мұнда таңданарлық ешнәрсе жоқ. Сол себепті INTERNET бізге "даналық көзі" болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдаланатынымызды білген артық болмайды. Желіге қосылудың бірнеше түрі бар, олар: - косылып түратын тікелей байланыстар (кіру жолдары); - тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар (кіру жолдары); - почталық байланыстар. Бұл атаулар әзірге түсініксіз шығар, енді олардың ерекшеліктерін карастырайық. Тұрақты қосылып тұратын байланыс - мұнда жеке компьютер тікелей TCP/IP желісіне қосылған (Transmission Control Protocol/ Internet Protocol - жеткізуді баскару протоколы/интержелі протоколы) түрінде болады, бұл INTERNET -тің бір шеткі бөлігі, яғни жеке компьютер мекемедегі желімен тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып тұр. Мұндай байланыс ерекшеленген немесе тұрақты тікелей байланыс деп аталады. Ерекшеленген немесе тұрақты тура байланыс тек ірі компаниялар мен корпорацияларда болады. Провайдер-компания осындай мекемеде бағдарлауыш орнатып, бағдарлауыш INTERNET -Ке кызмет ететін компьютермен (хост-компьютері) косатың телефон каналын жалдап алады. Телефон каналы мен Internet арасындағы байланыс тұракты сакталады, сондықтан провайдер-компаниясының компьютерімен байланысуға телефон шалу кажет емес, ауқымды желіге әрбір адам өз компьютерімен кіреді де, қалаған жеріне Internet арқылы мәлімет жібере (алады) береді. Қосылып тұратын тура байланыс көбінесе SLIP, Point-to-Point Protocol немесе РРР деп аталады (Serial Line Internet Protocol — тізбекті желі үшін Internet хаттамасы, Compessed Slip — тығыздалған Slip, Point-to-Point Proprotocol — "нүкте-нүкте" хаттамасы). Ал XRemote деп аталатын байланыс түрі сирек кездеседі, бұл да TCP/IP секілді, бірақ телефон каналын тұрақты пайдалануға негізделген, ыңғайлылығы жағынан бүл түр түрақты қосылып тұрмайтын байланыстан кейінгі орында тұр. Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс қымбаттылығына қарай әр компьютнрге қойылмайды да, оның орнына Slip (арзан болғандықтан) қолданылып келеді. Ол желіге телефон арқылы қосылатындықтан, модем мең бір телефон номірі қажет болады. Солар аркылы хост-компьютермен байланыс орнатылған соң, Slip-пен қосылып тұрмайтын байланыс аралығында (жылдамдығынан басқа) ешбір езгеріс жоқ. Почталық байланыс. Internet-пен қосыла алатын бірнеше почталық байланыс түрлері бар. Провайдері CompuServe болып келген компьютерлер бірден Internet-пен почталык байланысқа кіре алады. Олар өз почтасың Internet-ке беріп, одан да бірден хат-хабар ала береді. CompuServe жүйссінде почта адресі аддына Internet деп жазып қойылады. Бұл ортада әр түрлі тақырыптардағы дискуссияларға қатысу үшін LISTERV жүйесін пайдаланған абзал. Осы секілді почталық байланыстар желілік көмек (network gateways) деп аталады, олар Internet желісімен шектеулі тәсілдер арқылы байланысады. Почталық катынастың колмен терілетін терминалдық байланыс түріндегі тағы бір түрі бар, бірақ ол тек почта жүйесімен ғана қосыла алады. Тағы да UUCP деген почталық байлаыыс түрі бар, онда байланыс тек осы мақсат үшін жұмыс істейтін программа арқылы орнатылады (Бүл туралы келесі сабақта айтылған). | |
Просмотров: 2960 | Загрузок: 445 | |
Всего комментариев: 0 | |