Главная » Файлы » Рефераттар » Информатика |
[ Скачать с сервера (523.5 Kb) ] | 27.08.2014, 17:47 | ||
КІРІСПЕ.. 3 1 AutoCAD-ң негізгі құралдары.. 5 1.1 Түзу сызықты кесінділер. 5 1.2 Көмекші құрау сызықтары.. 7 1.3 Көріністерді басқару құралдары.. 8 1.4 Қолданушы координаттар жүйесі 9 2 AutoCAD-тағы редакциялау мүмкіндіктері 10 2.1 Редакциялау құралдары.. 10 2.2 Объектіні таңдау. 10 2.3 Редакциялау құралдарының кеңейтілген жинағы.. 11 2.4 Өлшемдерді түзету бұйрықтары.. 12 2.5 Объектілерді конструкциялау бұйрықтары.. 14 3 AutoCAD-та мәтінмен жұмыс. 16 3.1 AutoCAD-та бір жолды қарапайым мәтін құру. 16 3.2 Мәтінді редакциялау мүмкіндіктері 16 3.3 Мәтіндік стильдер. 17 3.4 Көпжолды мәтін. 17 4 Күрделі объектілерді құру. 19 4.1 Поли сызық құру. 19 4.2 Сплайндар. 19 4.3 Штртихталған аймақтар. 20 4.4 Мультисызықтар. 20 4.5 Эскизді сызықтар құру. 21 5 Формалармен жұмыс. 22 5.1 Форма файлдарын құру. 22 6 Үшөлшемді көрініс салудағы AutoCAD мүмкіндіктері 23 6.1 Проекциялаудың типтік бағыттары.. 23 6.2 Сызбаны бояу. 23 6.3 3D-Orbit режимін қолдану. 24 6.4 Үш өлшемдімодельдердің сызбаларын жинақтау. 24 6.5 Типтік үшөлшемді объектілер құрылымы.. 25 ҚОРЫТЫНДЫ... 28 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 29
Бүгінгі күндерде AutoCAD 2002 – автоматты проекциялау жүйелері арасында ең мықтысы болып табылады. Техникалық проекциялаудың әртүрлі аймағында керек болған, кез-келген сызба жұмыстарын орындай алады. Программаның ішкі компоненттерінің жетілдіруінен басқа, көп жаңа функция пайда болды. Бұл функциялар қолданушының жұмыс уақытын қысқартып, сызба сызуды біршама жеңілдетті.
1-сурет- AutoCAD-ң жұмыс үстелі
AutoCAD-ң бірінші версиясы 1982ж. Жарық көрді және ол DOS жүйесінде жұмыс істеген болатын. Бұл шынында дербес компьютерде жақсы жұмыс істей алатын алғаш автоматты проекциялау программасы еді. Ол кездерде бұл сияқты жүйелерді мықты жұмыс станциялары ғана қолданған. Бірінші версияның басты ерекшелігі, файлдардың көбісі, ASCII форматындағы жай мәтіннен құрылған еді. Жоғарыда айтылып өткендей, AutoCAD АПРЖ(САПР)-гі қолданымда ең көп болған программа, түрлі техникалық проекциялау облыстарында эффектілі түрде жұмыс істеуге мүмкіндігі бар графикалық программалық жүйе. Латын емес тілдерді қолданғандар да бұл программаға тез арада үйрене алады. Сол себебті AutoCAD дүниежүзінде конкуренциядан тыс болып, ол дүниенің 150 мемлекетінде қолданылады және 2 миллионнан астам регистрацияланған қолданушыға ие. AutoCAD 2002 түрлі техника облыстарында, ерекшеленген АПРЖ-де қолданылады:
AutoCAD жеңіл көрінуі мүмкін, бірақ бұл программаның да қиын жерлері бар. AutoCAD өте үлкен программа болғандықтан, оны 20-30 бетте толығымен ашу мүмкін емес. Бұл программаға жүздеген, мыңдаған бетті кітаптар шығарылып жатыр. Сондықтан AutoCAD-ң ең маңызды жерлерін зерттейік.
1 AutoCAD-ң негізгі құралдары1.1 Түзу сызықты кесінділер
Жаңа версияда AutoCAD-ң мінезі мүлдем өзгерген жоқ. Жағдайға қарай шақыру мәтінінің варианты таңдалады:
Егер Line бұйрығының алдында басқа сызу бұйрығы орындалған болса, онда Line бұйрығын таңдағаннан кейінгі Specify next point: шақыруына Enter бассаңыз, жаңа кесінді алдында таңдалған графикалық элементтің біткен нүктесінен бастайды.
Бұл бұйрықты таңдағаннан кейін AutoCAD екі шың жөнінде сұрақ шығарады. Шыңдарды белгілеу үшін , егер сіз тіктөртбұрыштың ені 6 см., ұзындығы 3 см. Болу керек екенін білсеңіз, екінші шыңның салыстырмалы координаттарды енгізуге болады:-@6,3. Бір кезде тіктөртбұрыштың белгіленген шамалары, келесі тіктөртбұрыштарға меншіктеледі. Rectang бұйрығы бірнеше параметрге ие. Қосымша редакциялау операцияларын қолданбай, фаскалы не дөңгелек бұрышты тіктөртбұрыш жасауға болады. Elevation және Thikness параметрлерін қолданып, Rectang бұрығы көмегімен тіктөртбұрыш табанды параллелепипед жасауға болады. Rectang бұйрығы полисызық құрады. Яғни Rectang, келешекте бір объект негізінде қолдануға болатын AutoCAD қарапайымы.
Polygon бұйрығын таңдағаннан кейін қабырға саны берілуі керек, одан кейін келесі белгіленуі керек үш метод таңдалуы керек:
Polygon бұйрығы да, соңында бір объект деп қабылданатын сынықтар сызады.
Тағы да Donut(Жүзік) бұйрығы бар. Ол бұйрық ортасы бір, бірақ диаметрлері түрлі шеңберлер сызады.
Endpoint(ақырғы нүкте)
Endpoint(ақырғы нүкте)
Current point modes: PDMODE=34 PDSIZE=0.0000 Specify point: Мұндағы PDMODE – нүкте салынуының стилінің кодын анықтайды PDSIZE – нүкте шамасын белгілейді. Бұл айнымалыларды FormatÞPoint Style менюінде (1.2-сурет) өзгертуге болады. Ал келесі шақыруларға кез-келген методбен нүкте белгілеу керек.
1.2 Көмекші құрау сызықтарыКей уақыттарда сызбаларда көмекші сызықтардысалуға тура келеді. Олар бөлшектің пішін сызықтарын салу үшін база ретінде болады. Көмекші сызықтар салу үшін Line бұйрығын да қолдануға болады. Бірақ AutoCAD-та ол үшін басқа XLine қарапайымы қолданылады.
Бұл бұйрықты таңдағаннан кейін AutoCAD бұйрықтық жолға шақыру шығарады: Specify a point or [Hor/Ver/Ang/Bisect/Offset]:. Шақыру парметрлерінің мағыналары мынадай:
Ray(Сәуле): XLine-н айыриашылығы, ол бір жағынан шектеулі. Ол да Draw панелінде орналасқан. Таңдағаннан кейінгі Specify start point: шақыруына сәуленің бастапқы енгізу керек. Тура солай Specify through point: шақыруына жауап қайтару керек. Enter батырмасына басып, бұйрықтың орындалуын тоқтатасыз.
1.3 Көріністерді басқару құралдарыZoom (Көрсет): бұл бұйрық сызба масштабтарын басқаруға арналған. Zoom бұйрығының параметрлері көп. Әрқайсысына тоқтала кетейік: Window(Терезе): бұл параметрде тіктөртбұрышты терезе белгілеу керек. Бұл терезе, сызба бөлігінің жаңа шегі ретінде жұмыс істейді. Dynamic (Динамика): бұл параметр бір мезетте масштабтау және “панорамалау” мүмкіндіктерін туғызады:
Scale(Масштаб): таңдалғаннан кейін егер кез-келген сан енгізсек, онда жүйе бұл санды сызба лимитіне байланысты керекті масштаб ретінде санайды. Егер саннан кейін “x” әрпін жазсақ, онда жүйе енгізілген шаманы осы кезге дейін шығарылған көрініске басты масштабы ретінде қарастырады. Ал егер саннан кейін “xp” суффиксін енгізсек, онда жүйе бұл шаманы парақ кеңістігіндегі бірліктерге байланысты берілген масштаб ретінде қабылдайды. 1-ден кіші шама көріністі кішірейтеді, 1-ден үлкен шама үлкейтеді. Center(Орта): бұл параметр экран үстіне шығарылатын сызба аймағы ортасының жаңа жағдайын енгізу мүмкіншілігін туғызады. In(Үлкейту): бұл параметр Scale параметрін 2х шамасымен қайталайды. Out(Кішірейту): бұл параметр Scale параметрін 5х шамасымен қайталайды. All(Бәрі): бұл параметр экранның графикалық зонасы мен сызба лимитінің шекаралары бірдей болатындай масштабтайды. Extents (Шекаралар): бұл параметр сызбадағы барлық графикалық элементтерін, экранның графикалық зонасына түсетіндей етіп масштабтайды. Previous(Алдыңғысы): бұл параметр алдыңғы масштаб параметрін қалпына келтіреді.
1.4 Қолданушы координаттар жүйесіAutoCAD-ғы геометриялық объектілер глобальді тікбұрышты абсолют координат жүйесіне байлайды. AutoCAD-та ол “дүниежүзілік координат жүйесі” деп аталады. Графикалық зонаға байланысты өс бағыты жаңа емес: х өсі горизонталь және оңға бағыттралған, у өсі тік жоғары бағытталған. Қолданушылар өз қалауларынша меншікті координат жүйесін құрып, сақтай да алады. Өз координат жүйесін құру үшін Tools менюындағы New UCS-ті таңдаңыз. Сонымен бірге өз қалауларыңызша ҚКЖ пиктограммасын да ауыстыра аламыз. Бұны ViewÞDisplayÞUCS бұйрықтарын таңдап, жүзеге асыра аласыз. Сонда UCS Icon сұхбатты терезесі ашылады (1.3-сурет).
1.3 – сурет – UCS Icon сұхбатты терезесі
2 AutoCAD-тағы редакциялау мүмкіндіктері2.1 Редакциялау құралдарыРедакциялау - AutoCAD-та өте маңызды рөл атқарады. Редакциялаусыз ешбір сызба жұмысы жасала алмайды. Мысалға, сызылған объектіні қайта салудың орнына, көшіру. Редакциялау бұйрықтарының көбісі Modify менюінде орналасқан. Ең маңызды редакциялау бұйрықтарына тоқталайық:
2.2 Объектіні таңдауОбъектіні таңдау жеңіл көрінгенімен өте жеңіл жұмыс емес. Оның да өзінің параметрлері бар. Бұл параметрлер өте керекті: саны 16. бұл параметрлердің аббревиатуралары бар. Select objects: шақыруына қажетті аббревиатураны енгзсеңіз болғаны. Солардың ең маңыздыларына қысқаша тоқталайық: Window: бұл параметр диагоналінен екі бұрышы көрсетілген терезеге толығымен кірген объектілерді таңдайды. Терезені ашқанда солдан оңға қарай ашу керек. Last: соңғы құрылған объектіні таңдайды. Crossing: терезеге толығымен не бөліктеп кірген объектілердің бәрі таңдалады. Терезені ашу оңнан солға қарай бағытталған. Box: бұл Window және Crossing параметрлерінің комбинациясы. Егер терезені оңнан солға белгілісеңіз, онда Crossing параметрін қолданудасыз, ал егер солдан оңға ашсаңыз Windows параметрін қолданасыз. All: бәрін таңдайды. Fence: уақытша таңдау сынық сызығын құруға мүмкіндік тудырады. Сызықты қиған барлық объектілер таңдалады. Wрolygon: бұл параметр дұрыс көпбұрыш құрады, және ішіне кірген объектілерді таңдайды. CРolygon: дұрыс көпбұрыш жасайды. Ішіне толығымен және бөліктеп кірген объектілерді таңдайды. Group: аты бойынша объектілерді таңдайды.
2.3 Редакциялау құралдарының кеңейтілген жинағы
Қажетті массив элементінің санын енгізіп, бұрыштарын қалауыңызша таңдап алуыңызға болады. 1.4 – сурет – Array сұхбатты терезесі
● Егер шақыруға арақашықтық енгізсек, онда AutoCAD Select objects to offset or <exit>: шақыруын шығарады. Бір объектіні таңдауға болады. Одан кейін Specify point on side to offset: шақыруына эквидистантаны өткізу керек объектінің жағынан нүкте керек. Кейін бұл шақыру шыға береді, <Enter> батырмасын басып бұл процестерді аяқтауға немесе жалғастыра беруге болады. ● Объектіге көрсетілген нүкте арқылы өтетін ұқсас объектілерді құру үшін “t” әрпін, кейін <Enter> батырмасын басу керек. Select object to offset or <exit >: шақыруына бір объект көрсету керек. Кейін Specify through point: шақыруы шығады. Бұған, трансформаланған көшірменің өтуі керек нүктені көрсету керек. Align (Түзету): Тек бір операция арқылы бір және бірнеше объектіні жылжытуға немесе бұруға мүмкіндік тудыратын бұйрық. Бұл бұйрық 3-өлшемді объектілермен жұмыс кезінде өте маңызды. Объектіні түзету үшін Modify => 3D operations => Align бұйрықтарын кезептен шақыру керек. Одан кейін AutoCAD объектідегі шеткі нүктені көрсетуге шақырады және ол нүктеге орны сәйкес нүкте көрсетуі тиіс. Егер дене күрделі болса, онда бұл нүктелер саны бірнеше болады.
| |||
Просмотров: 6117 | Загрузок: 908 | |
Всего комментариев: 0 | |