Главная » Файлы » Рефераттар » География

Қазақстан Республикасы реферат
[ Скачать с сервера (116.0 Kb) ] 08.04.2013, 18:48

 

Қазақстан Республикасы

Қазақстан, евразия құрылығының түкпіріндегі, Орталық Азияда орналасқан. Оның территориясы - 2.717.300 ш.км.(1.049.150. sq. miles). Ауданы жағынан Қазақстан дүние жүзінде 9-шы орында (Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан және Австралиядан кейін). Қазақстанның ауданы европадағы 12 мемлекеттің ауданынан да үлкен.

Қазақстанның : Қытай-1460 км, Қырғызстан-980 км, Түркменстан-380 км,Өзбекстан 320 км, Ресей 6467 км мемлекеттерімен шекарасы бар. Барлық шекарасының ұзындығы – 12187 км.

 

Қазақстанның территориясының мұхиттардан алыс жатуы және ауданының үлкендігі оның климатына қатты әсер етеді. Республиканың климаты күрт континенталды.

Қаңтардың  орташа температурасы -19 дан -4 градус С-ге деін, шілденің орташа температурасы +19 до +26 С. Қыстың  ең суық күндері ауаның температурасы –45  С-ге дейін түседі, жазда +40 С-қа көтеріледі.

Халқының саны –15,672 млн.(01.01.1998 ж.). Халқының тығыздығы – 1 ш.км –6 адам. Астанасы – Астана (1997 ж. 10 желтоқсаннан бастап). Астана халқының саны 271 мың адам. Қазақстанда –14 обылыс бар (05.05.97). Алматы және Ленинск қалаларының ерекше статусы бар. 84 қала, 160 аудан, 10 қала аудандары, 195 қалашық, 2150 ауылдық округтар бар.   

Адам саны жағынан Қазақстан қалалары төмендегідей бөлінеді:

300-400 мың тұрғындары бар қалалар (Қарағанды, Шымкент, Павлодар, Тараз, Өскемен),

200-280 мың тұрғындары бар қалалар (Орал, Теміртау, Қостанай, Ақтөбе),

110-160 мың тұрғындары бар қалалар (Жезқазған, Экібастұз, Қызылорда, Ақтау, Көкшетау, Талдықорған). 50 мыңға дейін тұғындары бар қалалар саны өте көп.

Мемлекеттік тіл – қазақ тілі, бірақ барлық мекемелерде сонымен қатар орыс тілі де қолданылады.

Мемлекеттің ақшасы теңге болып есептеледі. 1 теңге =100 тиын. 1993 жылдың  15 қарашасынан бері ендірілген. Ұлттық мерекелер – 25 қазан Республика Күні(1991ж),

16 желтоқсан – Азаттық Күні.

Қазақстанда – 8,5 мың үлкен және кіші өзендер бар. Жеті өзеннің ұзындығы 100 км асады. Ең  ірілері – Орал, Ембі Каспий теңізіне құяды, Сыр-Дария өзінің суын Арал теңізіне апарады, Ертіс, Есіл және Тобыл  өзендері Респуликаны қиып өтіп, солтүстік мұзды мұхитқа барады.

Қазақстанда – 48000 үлкенді және кішілі көлдер бар. Олардың ішінде ең үлкендері – Арал , Балхаш, Зайсан, Алакөл, Теңіз, Селетеңіз. Каспидің  солтүстігі мен шығысының жартысынан көбі Қазақстанға қарайды. Каспидің қазақстанға қарайтын жағалауының ұзындығы 2340 км.

Қазақстан жерінің 26% жазық даладан тұрады. 167 млн.га жерін құм(44%), (14%) шөлейт жерлер алып жатыр. Ал ормандары – 21 млн.га.

Қазақстан жерінде сүт қоректілердің 155 түрі кездеседі, 480 түрлі құстар, балықтың 150 түрі, дәрі-дәрмек жасайтын өсімдіктердің 250 түрлері кездеседі. Қазақстанның оңтүстігінде басқа еш жерде жоқ жусан шөбі өседі. 

Табиғи-ресурстық потенциалы.

Қазақстанда сан-алуан қазбалық кен байлықтар бар. Менделеев таблицасының 105 элементінің  99 Қазақстанда табылған, оның 70-нің мөлшері анықталған, қазір 60 өндіріледі.

Қазіргі уақытта 1225 түрлі минералдарды қамтитын 493 кен қазба орындары анықталған. Қазақстан зерттелген қоры жағынан: мырыштан, вольфрамнан и баритан –бірінші орында, күміс, қорғасын және хромитан-екінші орында, мыс пен флюориттан –үшінші орында, молибденнен төртінші орында, алтыннан –алтыншы орынды алады. Ал СНГ мемлекеттерінің  ішінде Қазақстан хром мен қорғасыннан –бірінші орын; мұнай, күміс, мыс, марганц, цинк, никель және фосфордан –екінші орын; газ, көмір, алтын және қалайыдан – үшінші орында.

Күміс, хромит, қорғасын және мырыш өндіру жағынан республика бірінші орын, мұнай,көмір, мыс, никель және фосфат өндіруден екінші орын, алтын өндіруден үшінші орында.

Қазақстанның батысында мұнай мен газдың  өте үлкен қорлары бар болғандықтан, еліміз дүниедегі мұнай мен газды көп өндірушілердің қатарына жатады. Торғай аймағының оңтүстігінен ашылған жаңа мұнай қорлары республиканың мұнай өндіру саласының болашағын одан әрі арттырады.

Геолого-экономикалық есептеулердің арқасында Республикаға экономикалық маңызы зор салалар: көмір, мұнай, мыс, темір, қорғасын, мырыш, хром, алтын, марганец болып табылады.

Транспорт және коммуникация.

Қазақстанның  евроазиялық құрылығының ортасында орналасуы көп мемлекттер үшін, транспорттық және  коммуникациялық жағынан керекті болып отыр. Республиканың транспорттық және  коммуникациялық комплексі темір жол, әуе, теңіз жолдары, труба құбырлары, автомобиль жолдары және телекоммуникациялық системалар арқылы іске асырылады.

Мәліметті толығымен алу үшін Файлды жүктеп алыңыз

Категория: География | Добавил: rasik | Теги: Реферат, Қазақстан, Республикасы
Просмотров: 3152 | Загрузок: 479 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar