Главная » Файлы » Рефераттар » География

Қазақстан баспасының жайы
[ Скачать с сервера (19.3 Kb) ] 02.11.2014, 19:32

«Қазақстан баспасының жайы» Қазақмстан Республикасы құрылғалы 8 жыл өтседе «Қазақстан мемлекеттік баспасы» құрылғанына 5-ақ жыл толды. Әрине, бұл азған уақыт бірақ осы аз уақыттың ішінде де мәдениет майданының едәуір істері істеліп қалды. Тізгінді алып соцализм құрылысына кірісе бастаған жұртшылық баспасөздіде алға сүйреді. Төнкерістен бұрын, төнкеріс ұарсаңында, төнкерістен кейін туған қалам қайраткерлері белсене жазу ісіне кірісті. Біреу "Тап» деп аттанды, біреу «Қазақ» деп, біреу «Бай» деп, біреу «Кедей» деп аттанды. Кейбіреулер екі енені кезек еміп, жүзін жүз құбылтты. Бәрі қосылғанда жұрттың сусап аңсап отырған кезінде баспасөз ұйыттушы бола алды. Октябрден кейін туған жүздеген мектептерімізді сусындатта алды. Саяси тілектерімізді елге жая алды. Кезекті науқандарымызға қол қабысын тигізді. Біздің қай маңдайымызға кедергі болмаған. Осы баспасөз майданында да, ірі кедергілерімізде көп болды. Баспа жұмысына тәжіриебесіздігіміз, басқа мәселелердің бұл жұмысқа жөнді мойын бұрылтпауы, елдің мұң-мұқтажын дұрыс өлшей алмау, жазушыларымыздің әлсіздігі, қаражат кемдігі... Тағы тағылар ірі бөгет болды. Баспасөз жұмысын бастап қолға алған кездегі қиыншылықтар көп уаыт істі жоспарсыз жүргізді. Сол кеселдер келе келе сүйекке сінген әдетке айналып, баспасөз жұмысын өмірге байланыстырмады. Жоспарлы деген ісіміз дұрысында өмірге жанаспай жоспарымыз далада қалып, ісіміз өз бетімен жүріп келді. Соның аяғы бұрынғы «Қазақстан мемлекет баспасының» ажалына келіп соқты. Осы жиырма сегізінші жылдың жазғы тұры көк шыға «Мемлекет баспасы» опат болды. 1923 жылы құрылғын баспа беске шықтыда өлді. «Қазақстан мемлекет баспасының» ісі үшке бөлінетін-ді: бастыратын, басатын, таратынды бөлімдері барда іске шорқақ болып, өз ажалына өз ортақтасқаны болмаса, оның қолында барлық жағдайдың да кілті бар еді. Әйтсе де жоспарсыз іс былығып алды да «Қазақстан мемлекет баспасының» жабылуына себеп болды. «Қазақстан мемлекет баспасы» жабылатын болғасын, әлгі үш бөлімді Қазақстан өкіметі ұшке бөліп жіберді. Кітап басатын «Баспахана» бөлім шаруашылық мекмесіне көштіде, кітап тарату бөлімі (кітап тарататын магазиндер) окуруктың Атқару комитеттерінің қолына көшті. Сөйтіп, бұрынғы «Қазақстан мемлекет баспасының» орнын да жұрдай болып бастыру жұмысын басқаратын - «Қазақстан баспасы» қалды. Міне біздің әңгіме осы туралы болмақ. «Қазақстан баспасы» жиырма сегізінші жылдың май айының аяқ кезінен бастап іске кірісті. Бұрынғы баспаның ащы тәжірибесінен аузы күйген ісі жоспарлы, ықшам, (барлығы бес саусақтай санаулы болып тұрмаса да өз өмірінің ішінде отыздан астам кітап шығарды. Алдағы жылдың ішінде төрт жүзге тарта кітап шығармақшы. Жасалған жоспарға қарағанда бұл кітаптардың басылу (өндіріс) шығыны: жарты миллион сомнан артығырақ болмақ. Тиражы 1,340,000-дай. 11785 баспа табақтай. Міне, бұл «Қазақстан баспасының» бір жылда бітіретін жұмысы. Бірақ әңгіменің ең күштісі мұнда емес, екінші нәрсеге байланысты. «Қазақстан баспасының» қолында кітап, журнал бастырып шығару бар да, басылып шыққан әдебиетті тарату құралы жоқ. Бұрынғыдай емес, кітап сататын магазиндер «Қазақстан баспасына» қарамайды, жергілікті округтік аткомдерге қарайды. «Қазақстан баспасына» кітапты бастыруын бастырса да, таратуға түк қатынасы болмайды. Міне, әңгіме осында тұр. «Қазақстан баспасына» жылына қанша кітап бастыруға шамасы келетінін білсе деғ соның қаншасы тарайтынын біле алмайды. Солай болған соң бастыру мен таратудың арасында үлкен кедергі бар. Ал енді, кітап бастырудың көздеген мақсатына келсек: кітапты бастыру ғана мақсат емес, ел ішіне таратып мәдениеттің үлкен құралы ету мақсат қой. Әдебиет елдің рухани өмірін тәрбиелеу үшін таралу керек дейміз. Бәріміз де осыны айтамыз. Осы «тарату» деген жағы бізде өте нашар.Нашар емес, «Қазақстан баспасында» жоқ.Бұрынғы «Қазақстан Мемлекеттік баспасының» қолында кітап тарату құралы болған.Бірақ оны өмірге жанастырып жөндеп құралмаған.Соның кесірінен қазіргі «Қазақстан баспасы» «тарату» құралынан айырылып отыр.Екінші түрлі кітап тарататын жолы және жоқ.Жолы емес-ау «тарату» дегенді қолға алуға еркі жоқ. Өкімет ұйғарындысымен,округтік аткомдердің қарауына көшкен кітап магазиндеріне келсек,олар бұрынғысынан да нашарлап кетті.Қайта,бұрын тәуір екен.Өйткені «Қазақстан Мемлекеттік баспасы» өзі қысылып бара жатқанда,магазиндерді түрткілейді ғой........ Ал енді,ел кітап ала ма,елге кітап керек пе? Сөзсіз алады.Керек түгіл мұқтаж.Елге кітап таратып болады.Қай ауылға барсаң да, қай қалаға барсаң да,қай мектепке кірсең де,кітапсыз сусап отырғанын көресің. «Құрал жоқ, кітап жоқ қазақ әдебиетінен аулақ қалдық!» деп шулап отырғанын естисің. Бірақ елге қаладан өзің келіп-ал деуге болмайды, апарып беру керек. Біздің кітаптар өмірінде ауылдың қарасын көрген емес. Жиырма үшінші жылғы басылған кітаптардың әлі ел қарасын көрмегендер бар. Дұрысында, енді оқуға да жарамай қалды. Баяғы кезде «Кітап – Құран, Нұрғазарын, Салсал, Зарқұмдар» елге тарайтын еді. Осы күнге дейін кей үйдің сандығының түбінен сол қиссаларды табуға болады. Мұның себебі не? Мұның себебі: бұрынғы кездегі шолақ саудагерлер сол қиссаларды ауыл-ауылға қыдырып жүріп тарататын. Жүн-жұрқаға айырбастаса да, мақтап-мақтап өткізетін. «Қырық мысал», «Бақытсыз Жамалдарды» былай қойғанда түрік, татар, парсы тілінде басылған әдебиеттердің көбі қазақ еліне тарайтын. Анда-санда болып тұратын базарларға кітап толып кететін. Малын сатып көңілденіп тұрған қазақ үйіне 1-2 кітап та сатып ала келетін. Сонымен «Бақырған», «Көрің қадірлер» де қазақтың елінен шығатын. Міне, біз сол шолақ саудагерлер құрлы бола алмай отырмыз. Сол шолақ саудагерлердей бола алсақ ел кітапсыз отырмас еді. Бұрын 5-6 адам жиналып біреуіне «Қисса» оқытып өзгелері маужырап тыңдап отыратын еді. Губерналық қалалардың магазиндерінде бір-бір ақ тұмсық әйел тұрады. Қазақ әдебиетін қазаққа өткізе білмейді. Қазақша кітап сұрасаң, Ақаңның «Әліппесін», Жақаңның «Есеп құралын» ұсынады. Осы күні сұмдық және шығыпты. Қызылорданың кітап магазиніне баршы! Кітаптарды қабырғасын көрсетіп қатарламай, түбін көрсетіп қатарлайтын өрнек табылыпты. Сонда кітаптың сыртындағы суреті де, кітаптың аты да, жазушының жөні де көрінбейді. Кітаптың жазусыз түбі ғана көрінеді. Кітап ала келген қазаққа: «Қандай кітап керек өзің атын айт» дейді. Мұны талай көрдім. Бұл қазақтың мінезін білмегендік. Кітаптың атын келген адамның өзінен сұрайтындарың не, көрсетіп қызық- тырсаңдаршы десем - Ой қазақты білеміз ғой. Текке балтаит. Ол кітап алмайды, біз жақсы білеміз,-дейді. Ұнамсыз-ақ мінез әйтеуір... Бізде кітап таратудың жолдары бар ма? - Бар, бар болғанда да ірі жолдары бар. Олар менімше мыналар . - Ең әуелі қазақ елінің кітап оқуға жарап қалғанын қатты ескеру керек. - Губерниялық қалаларымыз елден аулақ болғандықтан, ондағы кітаптар елге бармайды. Қалада кім тұрса, соларға ғана таратылады. Олай болса кітап сататын магазиндерді елдің ортасына апару керек. Осы күні аудандық аткомдер, валком- дер елдің мәдени кіндігі болуға айналды. Маңайлары ағыл-тегіл халық болып тұ- рады. Тым болмағанда сол аткомдердің қасынан кітап магазиндерін ашу керек. Жеке ашу қиын болған жерде, аудандық кооперациямен байланыстырылсын. - Қазақстанның түрлі қалаларында түрлі уақытта, ұзақ уақыттық базар бола- ды, сол базарларға кітапты төгу керек. Базарда кітап көп тарайды. Айлап базар болатын. Ойыл қаласында кітап магазині жоқ екен. Бұл сұмдық емес пе. Бұл әр жерде толып жатқан сұмдықтың біріғой... - Қазақстанның ішін аралап кететін темір жол бар. Темір жол бойы қаз-қатар Станция. Станцияларда кітап сатылады. Сол станциялардың үйшігінде қазақ әде- биетінде сату керек. Осы күні қазақ поезд маңына жиі келе бастады,қорықпайды. Жүргінші қазақ толып жатады. Поездбен кетіп бара жатқандар кітап алғыш келеді. - Әжептәуір қалалардың көше-көшесінде сондай үйшіктерінде қазақ әдебиеті неге сатылмайды. Егер үйшігі жоқ, бірақ қазағы бар қала болса, үйшік жасау сондай қйын-ақ па. - Кітап сататын магазиндер жеке адамдар арқылы да кітап таратуға болады. Мәскеу, Ленинградтың сондай жеке адамдары (контрагент. Қай қалада болса да ұшыраса бередіғой. - Осының бәрін істеп, бәрін басқарып, бір жағынан барлық баспамен тура байланысып отыратын аймақтық бір мекеме болу керек. Жоғарғы айтқандардың бәрін сол орындауға міндетті болсын. «Осы ақылыңды өзің неге істей бермейсің» деушілерге айтатыным. Мен «Қазақстан баспасында» екенім рас, бірақ кітап тарату «Қазақстан баспасында» емес, Қазақстанның өкіметінің қолында. Маған айтқызып отырған «отқа жақынның қолы күйеді»,деген секілді,баспасөздің арқасына батыпмбара жатқан жағдай. Сондықтан уақыт өтпей,санды соғудан алысырақ тұрғанда,жұрттың құлағына салып жатқаным ғой.

Категория: География | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Қазақстан, жайы, баспасының
Просмотров: 806 | Загрузок: 336 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar