Главная » Файлы » Рефераттар » Философия, социология |
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы
[ Скачать с сервера (54.3 Kb) ] | 26.01.2013, 19:24 |
Қайта өрлеу философиясының ерекшелігі. Қайта Өркендеу дәуірі философиясы мен мәдениетінің пайда болуы мен қалыптасуының алғы шарттары: 0 енбек құралдары мен өндіріс қатынастарының дамуы, капиталиста қатынастардың пайда болып, феодализмнің дағдарысқа ұшырауы; 0 сауда мен кәсіптің дамып қалалардың өркендеуі, феодалдар мен Шіркеуден тәуелсіз мәдени, саяси орталықтардың пайда бола бастауы; 0 ұлы жағрапиялык жаңалықтар (Колумб, Васко да Гама, Магеллан); 0 ғылыми-техникалык жаңалықтар (қару-жарақ, оқ-дәрі, домен пеші, микроскоп, телескоп, кітап басу, медицина, астрономия, космология және т.б.); 0 ұлттық мемлекеттердің пайда болуы, абсолюттік монархияның үстем болуы; 0 ұлттық әдеби тілдердің қалыптасуы; 0 ІІІіркеу мен схоластикалык философияның дағдарысы, Еуропада сауаттылық деңгейінің өсуі. Қайта Өрлеу Заманы философиясының негізгі идеялары мен белгілері: 0 антикалық, классикалық дәстүрді қайта жаңғырту; 0 мәдениеттегі өтпелі кезең, мәдениеттің гүлденуі, дамуы; 0 гуманизм принципін айқындау-адамның шығармашылыққа, еркіндікке, бақытка деген кұкын анықтай бастау; 0 антропоцентризмнің дамуы, адамның өз табиғатына қайта оралуы; 0 пантеизм-Құдай мен табиғатты, табиғат пен адамды барабарлықта қарастыру; 0 аристотелизм, платонизм, стоикалык және Эпикурлық фило-софиясы ойларының модификациясы; 0 дүниені ғылыми, жаратылыстану ілімдері тұрғысынан тану элементтерінің пайда болуы (гелиоцентризм, әлемнің шексіздігі, анатомиялық білім және т.б.); 0 Реформация философиясы - католицизмді реформациялау, шіркеуді демократияландыру; Құдай, шіркеу және дінге сенушілер арасында әділеттілікті орнату мақсат болды; 0 индивидуализмнің үстем болуы, әлеуметтік теңдік идеясының кең тарауы; 0 әлеуметтік мәселелерге, қоғам мен мемлекет мәселелеріне қызығушылық таныта бастау; 0 философиялық ойлаудың антифеодалдык, антисхоластикалық және антитеологиялық үрдісі. Қайта Өркендеу дәуірі философиясының негізгі багыттары: 0 гуманистік; 0 неоплатондық; 0 натурфилософияшылдық; 0 реформациялык,; 0 саяси; 0 сопиалистік- утопиялық. Соңғы үш ағымды «әлеуметтік - саяси бағыттар» деп атауға болады. Гуманистік бағыт XIV ғ.-XV ғ. орта шені, оның орталығы Италия болды. Гуманизмнің негізгі сипаты: 0 адам тағлымы, оның ұлылығы мен құдіреті; , 0 антишіркеулік және антисхоластикалық бағыттылығы; 0 ортағасырлық Құдай, теоцентрлік көзқарастан адамның өзіндік құндылығы, адами, антропологиялық зерделеуге өту; 0 антропоцентризм, адамгершілікті дәріптеу, өмірлік оптимизм; 0 гуманистік философия көркем формаға, әдебиетке жакын болды. Көрнекті философ - гуманистер сонымен бірге ақын жазушылар болды. Данте Алигьери (1265-1321)- ортағасырдың соңғы және сонымен бірге Жаңа заманның бірінші ақыны. Шығармаларын италиян тілінде жазды. Атақты шығармалары: «Құдіретті комедия» (Тозақ, Арылу, Жұмақ), «Той», «Жаңа өмір». Өз шығармаларында Данте: 0 христиандықты дәріптеді, бірақ оның қайшылықтары мен догматтарын астарлы сынға алды; 0 адамды мадақтады; 0 адамды құдай жаратылым деуден алшақтай берді; 0 адамды құдай және табиғи бастамалардың гармониялық үйлесімдігі деп ұғыну; 0 адамның бақытты болашағына сенім, адам табиғатының ізгіліктігін дәріптеу. Франческо Петрарка (1304-1374) - бірінші гуманист, жаңа еуропалық лириканы жасаушы. Шығармалары: «Өлеңдер кітабы», «Менің құпиям». 0 адам өмірге бір-ақ рет келеді, өмір - жайсаң; 0 адам Құдай үшін емес, өзі үшін өмір сүруі керек; 0 адам табиғи, әрі рухани тұрғыда еркін болуы тиіс; 0 адам өз-өзіне, өз күшіне сүйене отырып, бақытқа жете алады; 0 о дүниелік өмір жоқ, адам тек адамзат жадында мәңгілікте қалады; 0 адамның ішкі дүниесі мен сырт бейнесінің сұлулығының гармониясы. Лоренцо Валла (1507-1557) - «Ақиқи игілік тұрғысындағы ләзаттану туралы» деген трактаттың авторы. 0 Шіркеуді терістеді, схоластиканы жасандылығы үшін сынады; 0 адам мүмкіншілігі мен парасатына сенді; 0 адам мәселесін жете зерттеді, оны әлем орталығы деп ұғынды; 0 әйел мен еркек теңдігін жақтады; 0 белсенді іс- әрекетке, күреске, дүниені өзгертуге шақырды; | |
Просмотров: 6809 | Загрузок: 1660 | |
Всего комментариев: 0 | |