Главная » Файлы » Рефераттар » Экономика |
[ Скачать с сервера (187.5 Kb) ] | 01.11.2014, 15:03 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Шағын бизнесті дамытудағы несиелендірудің рөлі
Көптеген шағын кәсіпорындар қаржылық тұрақсыздық және құрал-жабдықтардың жетіспеушілігінен өзінің даму жолында қиыншылықтарға кездеседі, олардың алдын - алу барысында жаңа технологиялар енгізіп, өнім мен қызметтің сапасын жоғарылатып, ұзақ мерзімді инвестициялар тартып, сондай-ақ, жаңа нарық жасау жолдарын енгізу сияқты бағыттарды ұстанады. Кәсіпкерліктің сәтті жүргізілуі үшін белгі бір активтер санын басқаруы керек. Олар тез пайдаға түспейді, яғни белгілі бір уақыт арасында ретке келіп отырады. Осы активтерге кеткен жиынтық шығындар капиталдағы кумулятивті қажеттілікпен анықталады. Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар үшін ең өзекті мәселе болып меншік құралдары мен капиталдың ұзақ мерзімді көздер есебінен туындайтын қаржылық стратегия табылады. Ғылыми зерттеулер көрсеткіштері тек қана 5% шетел кәсіпорындары инвестициялық қорлар есебінен қаржыландырылады. Көбінесе, шағын кәсіпкерлік меншік жинақтарынан, туыстарының, достарының жинақтарынан, сондай - ақ коммерциялық банктердің несиелерімен қаржыланады. Қазақстанда меншікті құралдар шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады. Бірақ олар қаржыландырудың барлық қажеттіліктерін жаба алмайды. Бұл жағдайда қаржыландырудың альтернативті көзі болып банк несиелері және мемлекеттің және халықаралық ұйымдардың арнайы жүргізілетін Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде келісім бойынша кепіл заты болуы қажет. Кепілхаты мыналар болуы мүмкін: есеп құжаттарының материалдық бағалылығы; бағалы қағаздар; валюталық құндылықтар;. Сондай-ақ, кепіл зат ретінде тек қана өндіріске тез араласып кететін бағалы құндылықтар болады. Кепіл түрлері болып, мүлік және құқық кепілдері табылады. Клиенттің мүлік кепілі, бұл тауарлы - материалды құндылықтар келілі; дебиторлық шоттар кепілі; бағалы қағаздар кепілі; вексельдер кепілі; депозиттер келілі (сол бөлікте болып саналатын); ипотека; аралас кепіл. Құқықтық кепіл, бұл несие алушының өзінің мүлігіне құқы бар кепіл. Мұнда несие алушы кепіл туралы келісім және несие беруші банк арасындағы байланыс көрсетіледі. Қазақстан Республикасында «Казкоммерцбанк» ААҚ-мы кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғаларға несие беру бағдарламасын жүргізеді. Сондай-ақ, тауар айналымын өсіру, айналым капиталын толықтыру, көрсетілген қызметтер көлемі немесе өндіріс көлемін ұлғайту, машина сатып алу, құрылғылар, шикізаттар мен материалдар, құрылыс және қозғалмайтын мүлікті жөндеуден өткізу сияқты кәсіпкерлік қызметтер субъектілерін несиелендіреді. Несиелендіру қозғалатын және қозғалмайтын мүлікті кепілге алу барысында жүргізіледі. Несие мөлшері 500 АҚШ долларынан 30000 АҚШ долларына дейін 12 айға, ал пайыздық ставка мөлшерінде айына 2- 2.6 % мөлшерінде беріледі. Халықтық Жинақ Банкі орта және шағын бизнес субъектілерін несиелендіру бағдарламасын, сондай-ақ орта және шағын агробизнесті қаржыландыру бағдарламаларын жүргізеді. Бұл бағдарлама несиелік қызметтер комплексін ұлғайту, шағын кәсіпкерлік субъектілерін, олардың қызметтік инфрақұрылымдық, транспорттық, өндірістік сферасындағы орнын ұлғайту мәселелерін орындайды. Несиелендіру заңды және жеке тұлғаларға жүргізіледі. Кепіл ретінде ғимараттар, құрылғылар, пәтерлер, тұрғын үйлері, автокөлік түрлері, тұтыну тауарлары, шаруашылық субъектілерінің бағалы қағаздары қойылады. Несиелендіру мерзімі 6-15 айға дейін беріледі. Ал Тұран Әлем Банкін алатын болсақ, несиелендіру бағдарламасы құрылысқа және қозғалмайтын мүлікті жөндеуден өткізуге, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге, айналым капиталын толықтыруға, сауда келісімдерін жүргізуге, материал және шикізаттар сатып алуға, машинамен жабдықталуға жүргізіледі. Несиелендіру сомасы 30000 АҚШ долларынан 200000 АҚШ долларына дейін беріледі. Пайыздық ставкасы 1,33-2,16 % мөлшерінде. Мерзімі 4 айға дейін. Кепіл ретінде қозғалмайтын мүлік, құлылғылар, автотранспорт, жеке мүліктер, тауарлық запастар алынады. Сондай-ақ, жеке тұлғаларды микронесиелендіру бағдарламасын жүргізеді. Несие сомасы 500-30000 АҚШ долларына дейін. Мерзімі 2-13 айға дейін. Пайыздық мөлшерлемесі 1,75-2,33 % шетел валютасында, 2,33 - 2,75 % теңге мөлшерінде. Сонымен қатар, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі (ЕБРР) ірі масштабты жобаларды тікелей қаржыландырады, орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындарды қаржыландырады. Қаржыландыру негізінен несие түрінде жүргізіледі. Қазіргі кезде Еуропа Қайта Құру және Даму банкі Қазақстан Республикасындағы кіші бизнесті қолдауға атсалысып, шағын бизнесті несиелендіру бағдарламасын жүргізеді. Бағдарламаның негізгі мақсаты шағын кәсіпорындарға қысқа және орта мерзімдік несиемен қамтамаыз ету. Несие жолағының көлемі 775 миллион АҚШ долларына шақ келеді. Сондай-ақ, бағдарламаның негізгі тапсырмаларының бірі болып, шағын кәсіпорындар мен кәсіпкерлерге өз бизнестерін дамыту үшін тұрақты қаржыландыру көздерін ашу табылады. Бағдарлама айналым капиталын толықтыруға, шикізат сатып алуға, қосымша құрылғыларды сатып алуға шағын инвестициялар тарту, автотранспорт, өндірістік ғимараттар, ғимараттарды жөндеуден өткізу, қаржыландыру сияқты несиелендіру түрлерін жүргізеді. Бұл бағдарлама несиенің үш түрін жүргізеді: 1. micro (10000 АҚШ долларына дейін) 12 айға дейін теңгеде және шетел валютасында жүргізіледі; 2. Largt-micro (10000-нан 30000 АҚШ долларына дейін) 12 айға теңге бірлігінде, шетел және теңге бірлігінде 18 айға дейін жүргізіледі; 3. small (30000-нан 125000 АҚШ долларына дейін) теңге бірлігінде 12 айға, шетел және теңге бірлігінде 30 айға дейін жүргізіледі. Осы бағдарлама бойынша, сондай-ақ «Алматы Сауда-Қаржы банкі», «Тұран Әлем банкі» АҚ, «Центркредит банкі», «Казкоммерцбанкі», «Қазақстанның Халық банкі», «Цесна банкі» және «Темір банкі» де жүргізеді. Қазіргі таңда, шағын бизнесті жүргізуде несиенің орны маңызды болып табылады. Президентіміздің биылғы Жолдауына байланысты шағын кәсіпкерліктің дамуы экономикалық және әлеуметтік жағдайға өз әсерін тигізеді. Сондықтан, кәсіпкерлікті дамытуға байланысты әртүрлі несиелендіру көздері қарастырылып жатыр.
1.3 Шағын бизнесті несиелендірудің шетелдік тәжірибесі
Қазіргі таңда экономикасы дамыған елдерде шағын кәсіпкерлікті дамытуда көптеген шаралар жүргізілуде. Экономикасы дамыған елдердің мәліметтері бойынша шағын кәсіпкерлік экономиканың дамуына көп әсерін тигізетін факторлардың бірі. Шағын кәсіпкерліктің экономикалық өсіміне әсер ететін қажетті шарттардың бірі ол қаржылық - несиелік қамтамасыз ету болып саналады. Шағын кәсіпкерліктің жақсы дәрежеде дамуы, мемлекет тарапынан жүргізілетін несиелік - қаржылық көмексіз өркендей алмайды. Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйену Қазақстан кәсіпкерлері үшін қажетті бағыт болып есептеледі. АҚШ-та шағын бизнесті несиелендіру шағын бизнесті несиелендіру Әкімшілігі арқылы жүзеге асырылады. Ал, Германияда шағын кәсіпкерлікті несиелендіру жолдары банк арқылы жүргізіледі. Ұлыбританияның тәжірибелеріне сүйенетін болсақ, қаржылық - несиелендіру көптеген несиелік мекемелер арқылы іске асырылады. Мысал ретінде, «қаржылық өндірістік және сауда кәсіпорындары» корпорациялары, әртүрлі клирингтік банктер тағыда басқа қаржылық мекемелер. Франциядағы шағын бизнесті несиелендіру негізінен шағын кәсіпорындарды дамыту банкі арқылы жүргізіледі. Бұл банктің капиталының көп бөлігі активтерді басқару және жартылай депозиттер кассасын иеленетін Франция мемлекеті болып табылады. Банктің негізгі бағыты - бұл мемлекет тарапынан шағын бизнесті қолдау. Жапониядағы шағын кәсіпорындарды несиелендіру орталықтары ірі қаржы - несие орталықтары негізінде іске асырылады. Жапониядағы шағын кәсіпорындарды бір орталыққа бағыттау жүйесіне: орталық үкімет, жергілікті билік органдары, ірі бизнес, шағын бизнестің бірігу мекемелері жатады. Дамыған шағын фирмалардың көлемі 70% дейін жетеді. Сонымен қатар Жапониядағы шағын кәсіпорындарды қаржыландыру бюджеттік қаржыландыру есебінен көрінеді. Жапонияда мемлекет тарапынан орта және шағын кәсіпорындарға ерекше көңіл бөлінген және олар үшін жеке меншік банктерде қаржылық органдары құрылған. Бастапқылары ретінде негізгі үш үкіметтік институт табылады: - орталық кооперативтік банк сауда және өндіріс құрылғыларын қаржыландыру мақсатында құрылған (негізінен сауда және өндіріс жобаларын қаржыландырады, банк капиталының 2/3 бөлігі мемлекеттік жарналардан); - шағын кәсіпорындарды қаржыландыру мақсатындағы ұлттық корпорация (кепілсіз қамтамасыз етуді қаржыландыруды жүргізеді, бұл корпорация ең кішігірім компанияларды қаржыландыру үшін құрылған); - мемлекеттік қаржылық корпорациясы (инновационды және тәуекелді жобаларды жүргізетін шағын кәсіпорындар жобаларын қаржыландырады); сауда - өндіріс палаталарын иемденеді (мемлекет бойынша 500-ден жоғары), бұл корпорация жыл сайын шамамен 500 млрд. иен несие береді. Экономикасы дамыған елдердегі шағын бизнесті қаржыландыру жүйесі маңызды әрі негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Солардың кейбіреулеріне жеке - жеке тоқталу көзделіп отыр. АҚШ-тағы шағын бизнесті мемлекеттік қолдау. АҚШ-та шағын бизнес проблемалары екі комитетке бөлінеді: барлық мемлекеттік құрылымдар, бұған: 4-5 мың қызметкерлер кіреді. Оларға: - шағын бизнес әкімшілігі - ведомостволар, шағын және орта кәсіпорындардың проблемаларын шешу; - шағын бизнес ісі бойынша конгресс комитеті. Шағын бизнес әкімшілігінің негізгі міндеттемелеріне: шағын кәсіпорындарды қаржылық қолдаумен қамтамасыз ету; басқару бойынша техникалық және консультативтік қызметтер көрсету. Шағын бизнес әкімшілігі тек қана жеке кәсіпкерлікті дамытуға емес, сонымен қатар әртүрлі топтағы қаржылық институттарға да қолдау көрсетеді. Мемлекеттік кәсіпорындарға қаржылық көмек көрсету тікелей займдар беру келісімдері жүргізіледі. Бұл жағдайлар 80-ші жылдардан бері жүргізіліп келеді. 1958 жылы шағын бизнес инвестициялық компанияларын құру басталды. Қазіргі кезде АҚШ-та 450-ден астам шағын бизнес инвестициялық компаниялары жұмыс жасайды. Қаржылық қолдау көрсету формалары келесілерден тұрады: - шағын кәсіпорындарға шағын бизнес әкімшілігінің меншіктік бюджетінен үлестік саудалар бекіту; - несиелер бойынша кепілдер; - арнайы бағдарламаларды қаржыландыру (экспортты бір жүйеге келтіру, өңдеу және зерттеулер, кадрлар дайындау, нашар дамыған территорияларды дамыту); - шағын бизнеске инвестициялық компаниялардың капиталдарының қатысуы, өндірістік компаниялардың дамуы және бағалы қағаздардың кепілдігі. Осындай мақсатпен шағын және кішігірім бизнесті дамыту реттеліп отырады. Жапониядағы шағын бизнесті мемлекеттік қолдау. Жапония мемлекеті өзінің экономикалық деңгейі бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы АҚШ-тан кейінгі екінші орынды иеленеді. Әлемдік әйгілі экономикалық айсберг болып айтылатын шағын және орта кәсіпорындар осында орналасқан. Олардың ішінде 55 %-ті өндіріс өнімдерін шығару, ал 60 %-і өндіріс көлемі болып табылады.Елде 6,5 млн. 6,5 млн. Шағын кәсіаорындар бар (жалпы өнімнің 90 пайызы). Жапониядағы шағын кәсіпорындардың құқықтық жағдайы арнайы заңдар мен жеңілдіктер арқылы жүргізіліп отырады. Үкімет аппаратында шағын бизнес істері бойынша өндірістік және ішкі сауда Министрлігі, құқықтық әкімшіліктік органдар, кішігірім кәсіпорындарды басқарумен айналысады. Жапондық заңнамалар тек қана меншік иелерін басқарумен шектелмейді, сондай-ақ, келісімдік қарым - қатынастарды орнатады. Елде шағын бизнесті бір бағытқа жүргізу саясатын орнатудың төрт орталығы бар: - орталық үкімет;
Бір мақсатқа бағыттау барлық бұрынғы, соның ішінде жаңа шағын кәсіпорындарды басқару да жүргізіледі: тіркеулер, бекіту мен өсу деңгейі. Бұл үшін экономикалық рычагтардың жаңа түрлі жүйелері қолданылады: несиелер және займ жеңілдіктері (жалпы және бағытталған), әр түрлі салық жеңілдіктері, техникалық және консультативтік несие, ақпараттық-компьютерлік қызмет, кадрлар дайындау және басқалар. Олардың барлығы жалпы ұлттық заңнамалар және мемлекет желілері арқылы жүргізіледі. Жергілікті және орталық билік органдары кішігірім бизнес компанияларына субсидия, займ, несиелік кепілдер, салық жеңілдіктері және кадрларды оқыту көмектерін көрсету жұмыстарын жүйелейді. Субсидиялар (қайтарымсыз каржылық көмек) ғылыми - техникалық бағдарламалар негізінде ұсынылады, соның ішінде:
Жеңілдіктер пайызындағы займдар келесі жобаларды ұсынады:
Шағын бизнесті қаржылық қолдау жүйесінің негізгі элементі болып займдар мен несиелер, өнімнің жаңа түрлерін шығаруға арналған техникалық жаңартулар табылады. Сонымен, қазіргі кездегі шағын бизнесті жүргізу еліміздің экономикасына үлкен әсерін тигізетін көптен - көп факторлардың бірі болып есептеледі. Қазіргі таңда елімізде шағын бизнесті жүргізу саласында көптеген бағдарламалар, сондай-ақ мемлекет тарапынан әртүрлі іс - шаралар атқарылып жатыр. Осыған байланысты еліміздегі шағын кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалар саны да өсіп келеді деп айтуға болады. Шағын кәсіпкерлік - бұл кәсіпкер тұлғаның өз бағытын әске асырудағы жетістіктерге жету шараларының орындалуы болып табылады. Сондай-ақ, шағын бизнесті қаржыландырудың негізгі көзі - бұл екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғаларды несиелендіруі, кәсіпорындардың әр түрлі мерзімдегі инвестицияларды тартуы болып табылады. Осындай қаржыландыру көздерін тарта отырып, кәсіпкерлік бағытты іске асырудағы ірі жетістіктерге жету көзделіп отыр.
2-бөлім ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КІШІ БИЗНЕСТІҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАРЖЫЛЫҚ – НЕСИЕЛІК ҚОЛДАУ МЕХАНИЗМІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы кіші бизнес және оны қаржыландырудың заңдылық негіздерін талдау
Қазіргі кездегі шағын бизнестің өркендей түсуіне байланысты оның даму сферасы ұлғайып келеді. Осыған байланысты ол жан - жақты талдауды талап етеді. Бұл бөлімде Қазақстандағы шағын бизнестің жүргізілуі жөнінде талдау жасалады. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаннан бергі өмір жолында оның экономикасының дамуына әсер ететін бірден-бір факторлардың бірі - бұл шағын бизнес, ал шағын бизнесті қолдау және дамыту мемлекеттің экономикалық саясаты жағынан заңнамалық тұрғыдан жүргізіледі. Қазақстанда бұл сектордың экономикалық және әлеуметтік секторға әсер етуі шетелдердегідей, соның ішінде Батыс Еуропа, Америка және Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегідей, біздің елімізде де іскерлік өмірде дамыған динамикалық бөлімдерінің біріне айналды. Шағын бизнес жеке кәсіпкерлікті құрайтын қазақстандық жүйе болып табылады. 1997 жылғы 19 маусымдағы «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заңға сәйкес, шағын бизнес субъектілеріне білімі қамтылмаған жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалар, құрамында орташа жылдық санмен 50 қызметкері бар және бір жылдық активтердің жалпы құны 60 мың айлық есептік көрсеткішке тең болатын (қазіргі таңда 55 миллион теңгеден жоғары немесе 400 мың АҚШ доллары) кәсіпорындар жатады. Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлік құрамынын заңнамамен бөлінеді, яғни жеке кәсіпкерлер және орташа жылдық санмен 10 жұмысшы саны бар заңды тұлғалар. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламалары. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жолындағы мақсаттар 1997 жылы Президенттің «Шағын бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік шаралары туралы» және «Қазақстан Республикасында шағын бизнесті қолдау мен дамытудың жергілікті бағдарламалары туралы» жарлықтарынан бастау алады. Осы нормативтік актілерде мемлекеттік саясаттың осы сферадағы бағыттары көрсетіледі. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың шағын кәсіпкерлікті өолдау координациясы, сондай-ақ олардың халықаралық қаржы институттарымен шағын кәсіпкерлк бағытына техникалық және қаржылық көмек жасау туралы қарым - қатынаста болуы сипатталады. Бұл бағыттарды қолдау Қазақстан Республикасының экономика және сауда министрлігі құрамындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау Агенттігіне жүктеледі. Қазіргі таңда шағын бизнесті қолдау облысындағы қызметтер Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрлігіне тапсырылады. Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы алғашқы бағыттар мыналар болып табылады: - халық тауарларын өндірудІ дамыту, импорт, құрылыс материалдарын, әртүрлі құрылғы түрлерін шығару; - қызмет сферасын дамыту: - аграрлық жүйе өнімдерін шығару өндірісін дамыту. Қазіргі таңда Қазақстандағы шағын бизнес жағдайын сандар көрсеткіштері көмегімен қарауға болады. Статистика көрсеткіштері бойынша республикада 2003 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша 442,3 мың шағын бизнес субъектілері тіркелген. Шағын бизнес салмағының мөлшері 17,6 %-ды құрады. Сондай-ақ,республикада шағын кәсіпорын саны да артып келеді, яғни 2004 жылдың бірінші тоқсанында 135 мың шағын бизнес субъектілері тіркелді. Шағын кәсіпорындардың қызмет сферасына келетін болсақ, олардың көп бөлігі (39 %) сауда, автокөлік ремонты, үй заттарын тұтыну жақтарында мамандандырылады. Шағын кәсіпорындардың аздаған бөлігі өндірістік қызметпен айналысады, осы жерде олардың жалпы санының өскендігі байқалады: егер 2003 жылдың екінші тоқсанында 7,9 мың өндірістік шағын кәсіпорындар қызмет етсе, 2004 жылдың екінші тоқсанында олардың саны 8,1 мыңға дейін өсті. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 31 наурызында қабалданған «Шаруа қожалығы туралы» заңы шаруа қожалығының шағын кәсіпкерліктің ерекше пошымы ретінде құрылып жұмыс істеуінің негізін егжей - тегжейлі айқындап берді. Сондай-ақ, кәсіпкерліктің бір пошымы азаматтық - құқықтық және әкімшілік - құқықтық қатынастар субъектісі ретінде шаруа қожалығының құқықтық негізі қосымша жиырмадан астам басқа да нормативтік - құқықтық актілермен реттелетінін атап өткен жөн. Осы тұрғыдан алып қарағанда, шаруа қожалығының банктерде есепшот ашу және банкідегі өз ақшасына иелік жасау құқығы бар. Өз күшіндегі заңдарға сәйкес шағын кәсіпкерлік (бизнес) субъектісіне жатқызылған фермерлер шаруашылықтарына мемлекеттік қолдаудың төмендегі түрлері көрсетілуі мүмкін: 1) мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап үш жыл ішінде жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу үшін ақы төлеуден босатылады. Шаруа қожалықтарын мемлекеттік тіркеу ол үшін ақы төлемей, өз басы келіп тіркелу сипатында болады; 2) табиғи монополист кәсіпорындардың қызметін монополияға қарсы реттеуді қолдана отырып, электр энергиясымен, жылумен, сумен жабдықтау жөнінде қосылатын қуаттар үшін ақы төлеуден заңдарға көзделген тәртіп пен жағдайда босатылады; 3) мемлекет қатынасын екінші деңгейдегі банктерде ақы алынбай есепшот ашылады; 4) жеке кәсіпкер ретінде бухгалтерлік және статистикалық есептерді оңайлатылған тәртіппен береді; 5) салық заңдарына сәйкес табыс салығын салық патенті негізінде не салықтың белгіленген сомасын, не салық базасын анықтау мен салық есебін жүргізудің оңайлатылған жүйесі байынша төлейді; 6) шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мемлекеттік мұқтаждар үшін тапсырыстарды орналастыру (беру) кезінде басым құқықпен пайдаланады; 7) тиісті жылға аралған мемлекеттік бюджетте шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық қолдау шеңберінде белгіленген шекте статистикалық және ақпараттық қызметті, сондай-ақ, ғылыми - техникалық таңдамалар мен технологияларды жеңілдікті шартпен алады; 8) шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін көзделген қаражат есебінен кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ісін жүргізеді. Шағын кәсіпкерліктің қаржы мөлшерін иеленудің бір жолы аудандық несие серіктестігін құру болмақ. Ұлттық банк өзінің басқармасының 2000 жылғы 29 шілдедегі Қаулысымен Әділет министрлігінде «Несие Серіктестіктері туралы» ережені тіркеуден өткізді. Ұлттық банк Ауылдық коммандиттік несие серіктестігінің үлгі түріндегі жарғысын мақұлдады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі күрделі экономикалық жағдайында жекелеген шаруа қожалықтарының қиыншылықтары жетіп артылады. Бұл қиыншылықтарды жеңу жолдарының бірі - олардың неғұрлым ірі шаруашылық пошымына бірігуі. Атап айтқанда, олар ерікті негізде кәсіпкерліктің өндірістік кооператив, қоғам, серіктестік секілді ірі ұйымдық -құқықтық пошымдарына бірігуінде болады. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы жаңа заң еліміздің құқықтық, саяси және экономикалық жүйесінің дамуының жаңа кезеңін ескере отырып, жаңа өкілеттіктер белгіледі. Оларды біліктілікпен жүзеге асыру, әсіресе кәсіпкерлік сияқты аса маңызды және үнемі дамып отыратын салада, басқарушылық және құқықтық сауаттылыққа, олардың жаңашылдық қабілетіне және ең бастысы - бастамашылдығына байланысты болып табылады. 2.2 Шағын бизнесті несиелендірудің қалыптасқан механизмін талдау
Кәсіпкерлік - бұл қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын әлеуметтік - экономикалық шарттардағы инновациялық өндірістік форма болып табылады. Қазақстандағы жаңа экономикалық жүйенің құрылуы шағын кәсіпкерлік қызметінің, соның шағын, орта және ірі (корпоративті) кәсіпорындар қызметіндегі өндірістік - коммерциялық масштаб байынша олардың өзара әсер ету қарым - қатынасындағы бір жақты реттеуін көрсетеді. Шағын кәсіпкерлік іскерлік өмірдегі негізгі құрал болып саналады. Тұтынушылар мен өндіріс тауары бола отырып, шағын кәсіпорындар нарық тербелісіндегі көптеген өзгерістерге әсер ететін көптеген факторлардың бірі болады. Шағын кәсіпкерлік негізгі рөлді аймақтық экономикада алады. Аймақтар әкімшілдік - территориалдық, әлеуметтік - экономикалық дамуды көрсететін меншік элементтерінің өзара қарым - қатынасы арқылы жүретін басқару жүйесінің негізгі элементі болып табылады. Сондықтан да, шағын бизнестің және аймақтың әлеуметтік - экономикалық дамуы, біріншіден еңбек, материалдық техника, табиғи, қаржылық және ақпараттық ресурстарын қолдануға, екіншіден аймақтық экономиканы басқару жүйесіндегі ұлттық экономиканың ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттарын бағдарлауға байланысты. Аймақтық басқару жүйесі шаруашылық субъектілерінің өзара қарым - қатынас орнатуына, сондай-ақ нарықтың жеке, корпоративті қатысушыларына экономикалық және әлеуметтік нәтижелермен қамтамасыз ету жүйесі болып табылады. Сондай-ақ, шағын бизнесті несиелендірудегі негізгі жетістіктер оны дамытудағы маңызды бөлшектерді иеленеді. Осыған байланысты шағын бизнесті несиелендіру бұл экономиканы одан әрі дамытудағы аса маңызды ерекше орынды көрсетеді.
1-кесте Шағын бизнес кәсіпорындарының саны
2004 жылдың 1 қазанына
Шағын бизнес кәсіпорындарының 1000 тұрғынға шаққандағы саны кәсіпкерліктің даму деңгейінің әлемдік тәжірибеде қабылданған көрсеткіші болып табылады. Шағын бизнестің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарының, сондай-ақ шаруа қожалықтарының өңірлер бөлінісінде Қазақстанның 1000 тұрғынға шаққандағы саны төмендегі кестеде берілген.
2-кесте Өңірлер бойынша шағын бизнес кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарының 1000 тұрғынға шаққандағы саны 2004 жылдың 1 сәуіріне
Халықтың кәсіпкерлік белсенділігі Алматы (1000 тұрғынға шаққанда 24 кәсіпорын) және Астана (16,5 кәсіпорын) қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау (8,6 кәсіпорын) және Павлодар (6,9 кәсіпорын) облыстарында аса жоғары. Шаруа қожалықтары бойынша Оңтүстік Қазақстан (ауылдық жердің 1000 тұрғынына шаққанда 46,6 шаруа қожалығы), Алматы (35,6) және Қарағанды (25,3) облыстары көзге түседі. 2004 жылдың 1 сәуіріне есептік деректер бойынша республиканың шағын бизнес кәсіпорындарында жұмыс істейтіндер саны 2003 жылдың 1 сәуіріне қарағанда 4 %-ға өсіп, 481,9 мың адамды құрады. Барлық жұмыспен қамтылғандардың 32 %-дан астамы - сауда, автокөліктерді, тұрмыстық бұйымдарды және жеке адамдар пайдаланатын заттарды жөндеу саласына қатысты шағын бизнес кәсіпорындарында, 15,3 %-ы өнеркәсіпте, 14,9 %- ы - құрылыста болып табылады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Просмотров: 1107 | Загрузок: 392 | |
Всего комментариев: 0 | |