Главная » Файлы » Рефераттар » Экономика |
[ Скачать с сервера (210.0 Kb) ] | 01.11.2014, 15:06 |
Бухгалтерлік есепті жүргізу барысында, әр жұмысшы өз міндеттерін атқарады. Сол міндеттер “Облгаз” АҚ-дағы есепшілердің міндеттері қалай жүргізілетіні сипатталады: 1. Алмухамбетова Ларилла Газизовна – бас есепшінің орынбасары. Касса, негізгі құралдарды, жинақтаушы кассамен есеп айырсу және аудандық желінің байланысын бастапқы құжаттарды өндеп журнал-ордерге енгізеді. Негізгі құралдарды күрделі жөндеуден, құрылыстан амортизация есептегенде құжаттарды өндеу. Негізгі құралдарға аналитикалық есепті енгізу. Қорға, табысқа, шығысқа журнал-ордерге үйлестіру. Бас кітапқа енгізу. Есептің дұрыстығын бақылау. 2. Найзина Светлана Ароновна – газ есебін жүргізуші бухгалтер. Газ қозғалысын өндеу және қабылау есебі. Есептеуге салыстыруды жүргізу, кредиторлық бережақ, дебиторлық бережақты құжаттар көрсету, тұтынылған газды есептеуді аналитикалық есепке енгізу, бухгалтерлік жазуларды құру. 3. Журавлева Любовь Иванвна –жабдықтаушылармен есеп айырсу бухгалтері. Бережақты талдаудың құрылуы, есептеуге салыстыру жүргізу, жабдықтаушылармен дебиторлық және кредиторлық бережақтың құжаттарын көрсетуді жабдықтаушылармен есеп айырсуды аналитикалық есепке №6 журнал-рдерге енгізу. 4. Жумагазиева Гульнара Ивановна – есептеу столының жүргізуші бухгалтері. Еңбек келісім –шартын, бұйрықты, нарядтарды, табельдерді, зейнет ақы есептеуді, барлық еңбек ақы түрлерін келістіруді есептеу. Еңбек ақы бойынша табыс салығын, касса арқылы төлеуді және басқа да құжаттарды ұстау. әлеуметтік салықты, зейнет ақыны есептеуді, еңбек ақыны есептеу және айлық бухгалтерлік жазуларды көрсету. Еңбек ақыдан әр түрлі ұстауларды және кредиттік, ссудаларды аналитикалық есеп арқылы есептеуді негізу. 5. Плетнева Татьяна Яковлевна –маиериалдық столдың бухгалтерлік жүргізушісі. Қоғамдық аматандыруға есеп, төлеу қызметіне есеп және материалдық есептердің өнделген құжаттарды қабылдау. Жиынтық шешімді келтірудің қозғалысын ТМЗ және олардың берілгенің салыстыруды құру. 6. Дзюба Тамара Ивановна – есепті талдаудың есептегендегі жүргізуші бухгалтер. Орталық қоймадан ТМЗ қозғалысын және бастапқы құжаттарды өндеу және қабылдау. Кассалық есепті салыстыру, РЭУ бойынша есептің абоненттерінің өздік шотын қабылдау. 7. Таспихова Сымбат Сатыбалдиевна – материалдық столың бухгалтері. РЭУ төлеу қызметінің есебі және материалдық есептің өнделуін және қабылдау. АҚ шығындарын аналитикалы есебін жүргізу. 8. Вахитова Клара Зулхижаевна – салық есебін жүргізуші бухгалтер. Бюджеттен салықпен есеп айырсудың аналитикалық есебін жүргізеді айлық берілгендерін жинайды:салық органдарына салық төлемдеріне және жолдар бойынша декларацияны, оның есебін құрап тапсырады. Олардың уақытында төленуін бақылайды. Салық түрлеріне аналитикалық есеп жүргізеді. 9. Щедрова Любовь Ивановна – бухгалтер- кассир Құрылған құжаттар бойынша ақша құралдарын береді және қабылдайды. Кассадағы ақша құралдарының сақтығына материалық жауапкершілік және кассалық есепті құрайды. №7 журнал-ордері есебін жүргізіп, аванстық есеп беру сомасы бойынша өтеу ай сайын №2 журнал-ордерді компьютерге енгізіп, оны шығарады, күнделікті көшіру жасап, мемлекетік банк арқылы төлеу туралы құжаты болады. 2 Бөлім АҚ аудиттің жүргізілу тәртібі
Негізгі құралдар аудитінде колданылатын ақпарат көздері кәсіпорын қабылдаған есеп саясатына тәуелді болады.Бұл есеп формасын таңдауда көрінеді: журнал-ордерлі, мемориалды – ордерлі,қарапайымды, сонымен қатар қолданыстағы регистрлер тізімінде, олардың құрылуында, кезектілігінде және оларда жазу жүргізу тәсілінде. Бірақ есептің кез- келген формасында негізгі құралдар бойынша операциялар алғашқы есептік құжаттаудың бірыңғайлы ведомісті аралық формалары мен толтырылуы тиіс екендігін есте сақтау керек: НҚ-1 формасы – негізгі құралдарды қабылдау - жіберу актіісі; НҚ-3 формасы – жөнделген, қайта құрылған және жетілдірілген объектілердің қабылдау – тапсыру актісі; НҚ-4 формасы – негізгі құралдарды жою актісі; НҚ-4а формасы – автокөлік құралдарын жою актісі; НҚ-6 формасы - негізгі құралдар есебінің НҚ-14 формасы – қондырғыларды қабылдау туралы акті; НҚ-15 формасы - қондырғыларды монтажға қабылдау – жіберу актісі; НҚ – 16 формасы қондырғылардың анықталған кемістігі туралы акті. Негізгі құралдар қозғалысы мен олардың тозуның синтетикалық есебі №13,10 және 10/1 журнал – ордерлерде жүргізіледі, ал компьютерлік ақпараттық технологияларды қолданған кезде 01, 02 шоттары бойынша дебеттік және кредиттік айналымдар машинаграммосында жүргізіледі. Негізгі құралдар есебінің аудитінің негізгі бағыттары келесілерді қамтамасыз ету керек:
2.2 ААҚ-ның ақша қаражаты аудитінің жүргізілу тәртібі
Бухгалтерлік есеп стандартының талабына сәйкес шаруашылық субъектісінің қаржылық есебінің құрамына төртінші стандартқа сәйкес жасалатын ақша қаржысының есебі кіреді. Бұл есепке кәсіпорын ақша қаржысының кіріс – шығыс операциялары үш топқа бөлініп көрсетіледі: операциялық, инвестициялық аржы кәсіпкерлігі. Төртінші, бухгалтерлік есеп стандарты бойынша ақша қаржысының есебіне анықтама мақсатымен қамтитын әрекеттеріне түсінктеме берілген. Осы стандартқа байланысты ақша қаржысы есебінің негізгі мақсаты, ол әрбір заңды тұлғаның қаржылық жағдайын анықтау, ақша қаржысының кіріс – шығыс әрекеттеріне толық мәлімет беру, оны өз кезегінде іс-әрекеттік инвестициялық және қаржы кәсіпкерлік тобына бөліп көрсету. Төртінші станарт бойынша берілген анықтамалар:
Заңды тұлға өзінің ақша, қаржы әрекеттерінің мазмұн, мағынасын екі түрлі әдіспен анықтайды:
Шаруашылық субъектілері қазіргі бухгалтерлік стандарт бойынша осы жоғарыда көрсетілген үш түрлі қаржылық есебін тапсырады. Аудит тұрғысынан оларды тексеру өте күрделі. Аудиттің негізгі мақсаты кәсіпорындарға аудитор бір жылдық жұмыс қорытынылығын анықтап, өзінің аудиторлық қорытындысын беру үшін осы қаржылық есептерді түгелдей тексеруе міндетті. балансты тексеру үшін аудитор оның әр бабын жеке-жеке анықтауы қажет. Ол үшін “Бас кітап” көреткішін аналитикалық есеп кестелеріндегі жазушы салыстырып, оның жеке-жеке жүргізілетін аналитикалық есептізбегімен салыстырып, одан кейін ең соңында түгелдеу ұжаттарымен беттестіру, қарама-қарсы анықтау жасау арқылы түгелдеу барысының құжаттарына талдау жасағаннан кейін ғана тексеру толық жүргізілді деуге болады. Қаржы- шаруашылық нәтижесінің есебін тексеру үшін аудитор алдымен бухгалтерлік есеп жұмысының ұйымдастыруын, есеп жүргізі әдісін анықтауға міндетті. есептің әрбір жолын тексеру үшін оның есебін жүргізу тәртібін анықтап одан кейін ғана тексеруге болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің “бухгалтерлік есеп” туралы Указында (№2732, 26.12.1995 ж.) өндіріс өнімнің шығының есептеу жүйесі анықталған. Онда өндіріс шығынын есептеу үшін келесі топтау – бабы белгіленген:
Аудит барысында осы өндіріс шығынын есептеу бабының бухгалтерлік есебін жүргізу ерекшеліктерін жан-жақты тексеруі қажет. Осы орайда аудитор тексеру барысында сол шаруашылық субъектілерінің “есеп саясатын” басшылыққа алады.
Өндіріс өнімнің өзіндік ұның анықтауда көптеген қосалқы есеп көрсеткіштерін дұрыс анықтау өте күрделі жұмыс. Мысалы, бітпеген өнім табысы анықтау, өндірісте бүлінген өнім сомасын анықтау, жалпы өндірістік шығындарды бөлу, тағы басқа көрсеткіштерді анықтау. Шаруашылық субъектілерінің “ақша – қаржысының есебі ақша операцияларының негізіне сәйкес үш түрде жасалынаы: нақты ақша қаржысының әрекеттері. Касса кіріс – шығыс әрекеттері нақты құжаттар арқылы тексеріліп анықталады. Аудит барысында есеп кестелері, касса есептері тексеріледі. Кәсіпкершілік операциясы – касса есебінде алғашқы құжаттар арқылы жеке-жеке негізгі құралдың сату табысы, материалдық емес активті сату табысы, тағы басқа түрлі кірстер жеке-жеке көрсетіледі . Үшіншіден, касса арқылы жүргізілген инвестиция әрекеттерінде алғашқы құжат арқылы жеке-жеке көрсетледі. Мысалы, құнды қағаз шығарудан түскен табыс несие алу нәтижесінде түскен табыс тағы сол сияқты кіріс әрекеттері. Шығыс болған табыстары несиені төлеу, құнды қағаз сатып алу, тағы басқа осы топтағы төлемдер. Аудит барысында алғашқы құжат есеп кестелері арқылы олардың заңдылығын, дұрыстығын анықтау жасалынады.
Негізгі құралдардың бар болуы мен тұтастығының аудиті. Аудиторға келесілерді тексеру қажет:
Негізгі құралдар объектілерінің есебі мен бақылауының жағдайын тексеру мәліметтері бойынша аудитор бақылау тиімділігі жөнінде қортынды жасай алады. Негізгі құралдардың тұтастығын қамтамасыз етудің маңызды талабы – олардың қаттауының сапалы түрде өткізілді. Сондықтан бақылау процессінде оның толықтылығын және өз уақытылығын және бухгалтерлік есепте нәтежелердің дұрыс көрсетілуін тексеру қажет. Аудиторға бұл аудиторлық тәуекелділікті азайту үшін кәсіпорында жүргізілген қаттау нәтежелеріне қаншалықты сенуге болатындығына көз жеткізу үшін қажет. Негізгі құралдар есебінің жағдайын тексере отырып, аналитикалық есептің ұйымдастырылуының дұрыстығына көз жеткізу керек. Негізгі құралдар есебі мен бақылауымен терең танысу мақсатында аудитор кәсіпорыннан есеп беруді жасаған күнге дейін ие болған негізгі құралдың типтері бойынша сарапталған тізімін талап етеді. Бұл тізімге негізгі құралдар объектілерінің құнының төмендетілуі мен қайта бағалануы туралы мәліметтер енгізілуі тиіс. Негізгі құралдар есепте жүйелі емес, операциялардың жасалу шегіне байланысты көрінеді, бұл амортизацияның дұрыс есептелуіне және оның өндіріс пен айналым шығындарына жатқызылуына әсер етеді. Жинақталған амортизациялық шығындар есеп беру күніндегі жағдай бойынша есептелінеді. Негізгі құралдар тізімінің олардың бар болуы, қозғалысы туралы ауқымды ақпараты болғанына қарамастан аудиторға негізгі құралдардың түсуі, шығуы және озғалысы туралы құжаттарды алу керек. Құжаттар мен бухгалтерлік жазбалар бойынша негізгі құралдар қозғалысы бойынша барлық операциялар 01 “негізгі құралдар” шоты бойынша дұрыс жүргізілгендігіне көз жеткізуге болады. Шот – фактура, келісім – шарт, жалдау туралы келісімдер сақтандыру полисі, салық инспекциясының жазбалары сияқты құжаттарды тарту аудиторға тексеріс объектісі жөнінде сенімді ақпарат алуға мүмкіндік береді. Негізгі құралдар бойынша шаруашылық операцияларының құжаттық бекітілуі – бұл шот статьяларын таңдау және кері тәртіпте бақылау процессі, яғни есеп жазбаларының дұрыстығын дәлелдеуші бастапқы құжаттарды іздеу. Негізгі құралдар бойынша аудиторлар таңдау жасай алады. Сонымен қатар кездейсоқ таңдау әдісін қолдануға болады. Осылайша есепте көрсетілген негізгі құралдарды сақтандыру бойынша салықтар мен шығындарды таңдауға болады. Негізгі құралдар аудиті процессінде қайта есептеу тәсілі жиі қолданылады. Жинақталған шығын арифметикалық шама ретінде көрінеді, сондықтан оның нақтылығына тек қайта есептеу тәсілі арқылы көз жеткізуге болады. Негізгі құралдар қозғалысының аудиті. Негізгі құралдардың кәсіпорынға түсу жолдары:
Негізгі құралдардың түсуі негізгі құралдардың түсуі - жіберілуі актісімен берілген объектіге деген техникалық құжаттармен бірге толтырылады. Кәсіпорында негізгі құралдардың есептен шығу себептері:
Негізгі құралдардың жарамсыздығын анықтау үшін кәсіпорында арнайы комиссия құрылады. Объектілердің істен шығуын комиссия орын басқарушымен бекітіледі, ал бухгалтер карточкада объектінің есеп шығу күні мен акт номерін қойы. Негізгі құралдардың қолдану орындарында(цехтар мен бөлімдерде) негізгі құралдардың хаттамалық тізімі (Негізгі құралдардың формасы) жүргізіледі, мұнда қолданыстағы негізгі құралдар объектілері туралы ысққаша мәліметтер беріледі. Кәсіпорын ішіндегі түскен, есептен шыққан және орын ауыстырылған негізгі құралдарға хаттамалық карточкаға сәйкес жазудан кейін ай соңына дейін бөлек сақталады. Бұл ай сайын солардың негіінде негізгі құралдар амортизациясын(тозуын) есептеу жасалатындықтан қажет. Негізгі құралдардың бағалануының дұрыстығын тексеру қажет, себебі дұрыс бағаламау жалпы көріністі бұзып қана оймай, сонымен қатар келесідей келеңсіз жағдайларға әкеледі:
Негізгі құралдар қозғалысы бойынша операцияларды аудиторлық тексеру кезінде келесідей сәттерге назар аудару керек:
Тозуды есепке алу аудиті. Аудит барысында негізгі құралдардың барлық объектілеріне амортизацияны есепке алуды есепте барлығын: тозу негізгі құралдар қозғалысының есебімен есептелінетіндігін және амортизация нормаларының дұрыс қолданылуын анықтау керек. Тозу кәсіпорын балансындағы негізгі құралдардың барлық түрі бойынша (жер және табиғи ресурстар, тұрмыстық қор нысандары, кітапханалық қор, мұражайлық және сәулет құндылықтарынан басқа) есептелінеді. Негізгі құралдар нысаны бойынша амортизациялық есептеулер осы нысанды бухгалтерлік есепке тіркеген бойдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, және осы нысанның құның толық өшіргенше немесе оны бухгалтерлік есептен жойғанша есептелінеді. Негізгі құралдар нысаны бойынша амортизациялық есептеулер осы нысанды бухгалтерлік есептен жойған немесе оның құның толық өшірген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тотылады. Негізгі құралдар нысаны бойынша амортизациялық есептеулер бухгалтерлік есептеуде бөлек шотта сәйкес соманың жинақталу жолымен көрсетіледі. Есептік жыл бойына негізгі құралдар нысаны бойынша амортизациялық есептеулер ай сайын есептеу тәсіліне арамастан жылдық соманы 1/12 мөлшерінде есептеледі. Негізгі құралдардың амортизациялық есептеулердің сәйкес тобына жатқызылуының дұрыстығын анықтау өте маңызды. Тозудың шығындар немесе басқалай көздер шотына жатқызылуының дұрыстығын тексеру үшін негізгі құралдардың өндірістік немесе өндірістік емес мақсатта екендігін анықтау қажет.
2.4 А-ның қаржылық қорытындыларының аудиті
Аудиттің негізгі мақсаты шаруашылық субъектісінің бухгалтерлік есебін тексеру болғандықтан, оның мәлімет негізі – бухгалтерлік есеп және топталған мазмұндағы қорытынды есебі болады. Осы орайда мәлімет көзі ретінде есеп кестелері ерекше орын алады, себебі қандай есеп болсада есеп көрсеткштері есеп жасау үшін есеп кестелері арқылы бір жүйеге келтіріледі. өз кезегінде есеп көрсеткіштері сол есеп кестелерінің топталған екі жақты жазу әдісін қолданып негізделген мәліметтер арқылы жасалынады.. Аудти тұрғысынан мәлімет көзінің ең негізгісі – ол қаржы есебі. Қаржы есебі арқылы шаруашылық субъектісінің барлық жағынан жетістіктері, қаржылық жағдайы, табыстылығы толығымен көрсетіледі. Қазіргі кезде біздің елімізде қабылданған “Бухгалтерлік есеп стандарты” заңына сәйкес кәсіпорындар үш түрлі қаржылық есебін тапсырады:
Қандай құрылымдық түрде болса да, шаруашылық саласына қарамастан, әр түрлі меншіктегі шаруашылық субъектілері қазіргі мемлекетіміздің заңды талабына сәйкес, кәсіпорындар және жалпы кәсіпкерлікпен айналысатын мекемелер жылдық бухгалтерлік есебін жасайды. Оның негізгісі жылдық бухгалтерлік баланс, қаржы – шаруашылық нәтижесінің есебі. Бухгалтерлік есебі, баланс өте күрделі бухгалтерлік есеп әдіс. Ол кәсіпорын мүлкін арнайы экономикалық топтау арқылы, оның қаржыландыру көзімен жүйелеуге келтіріп, оларды экономикалық топтаумен немесе, кәсіпорын нақты қаржыландыру көзімен байланыстырып көрсетеді. Қазіргі кездегі бухгалтерлік баланстың ерекшелігі, инвистиция жолымен келген мүлікті және қаржыны да осы баланста көрсетеді. Бухгалтерлік баланс көрсеткішіне сәйкес, кәсіпорынның шаруашылық құрылымын, өндірістік деңгейін, қаржылық көлемін, негізгі құнмен қуаттылығын, шаруашылық тиімділігін, табыстылық денгейін тағы басқа жан-жақты мәліметтерді анықтауға болады. Қазіргі кезде бухгалтерлік баланс “Бухгалтерлік есеп стандарты” талабына сәйкес жасалынады. Онда бухгалтерлік баланс қаржы есебі тұрғысынан қаралынып, оның мақсаты, міндетті, жалпы кәсіпкерлік шаруашылық алатын орны анықталған. Стандартта бухгалтерлік баланстың мақсаты, ол – біріншіден, қаржы есебі оның мазмұны қаржылық мәліметті толық көрсету және онда болған өзгерістерді анықтау. Екіншіден, пайдаланушыларды қажет мәліметпен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, қаржы есебінің негізгі принціптері көрсетілген. Біздің елмізде қазіргі баланс, халықралық үлгідегі сәйкес формада іске асырылуда. Ондағы мақсат баланс мәліметі өте тұжырымды, көлемі жағынан өте тиянақты, мазмұны жағынан түсінікті болуы қажет. Оның негізгі принципі баланс-нетто немесе өлшемі тазаланған, баланс баптарының көрсеткіштері қайталанбайды деген сөз. Мысалы, баланстың активіндегі негізгі құрал бабының қасында, оның төзу сомасы көрсетіледі. Ал, қорытынды сомасы саналған кезде негізгі құрал таза табысы шығарылып тасталады. Ондағы мақсат негізгі құрал бабындағы көрсетілген негізгі құралдың қалдық бағасын анықтау. Сол сияқты өндіріс қорының өзіндік құнын анықтауда материалдық емес активтің, тауардың өзіндік құнын анықтауда баланс баптарының нақты құнын шығару үшін екінші сатыдағы толықтыру баптары қолданылады. Балансты тексеру, оның бухгалтерлік есеп көрсеткіштерімен анықталады. “Бас кітап” көрсеткіші баланс көрсеткішіне дәлел болуы қажет. Ал одан әрі нақты тексеру қажет болған жағдайда бухглтерлік есептің аналитикалық көрсеткіштерімен дәлелденуі қажет. | |
Просмотров: 981 | Загрузок: 355 | |
Всего комментариев: 0 | |