Главная » Файлы » Рефераттар » Биология және Экология

ӨЗІН – ӨЗІ ӨЛТІРУ ҮЛКЕН КҮНӘ
23.06.2013, 13:29

Суицидтің салқыны Қазақстанда қаулап өсіп келеді. Қажет статистиканы жоғарыда келтірдік. Қасіреттен қара жамылған қауымның жағдайын халық қалаулылары енді ғана қозғай бастады. Айтпасқа амал да қалмай бара жатыр. Өйткені, оқушылар арасындағы суицид жылдан жылға өрттей қаулап өсіп келеді. Ресми деректерге сүйенсек: 2010 жылы елімізде 237 жасөспірімнің балғын өмірі қиылған. Бұл құзырлы органдарда ресми тіркелгені ғана. Шындығында бұдан екі есе көп. Соңғы бес жылда (аман қалғандарын қоспағанда) өз-өзіне қол жұмсаған 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер саны 7 пайызға өскен. Өткен жылдың желтоқсан айының 6-12 аралығында еліміз аумағында үш қыз, екі ер бала суицидтік жағдаймен қайтыс болғанын жергілікті ақпарат құралдары жазды. Алты күннің ішінде бақандай бес жеткіншек! Қазіргі жағдайда Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары қаралы көштің алдында келеді. Әрқайсысында жылына 40 шамалы жасөспірім өздерін мерт етеді. Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының әрқайсысында 25-тің үстінде бала өз қолдарынан ажал құшқан. Біздің елде кісі қолынан жазым болатындардың санынан, өзін-өзі өлтіретіндер саны әлдеқайда көп. Енді қайтпек керек? Статистикалық мәліметке жүгінсек, өзіне-өзі қол жұмсағандардың 1/3 бөлігі маскүнемдік пен нашақорлықтың кеселінен, 2/3 бөлігі депрессияның себебінен көз жұмады, депті.


Депрессия дегеніміз бір сөзбен айтқанда торығу деген ұғымды білдіреді. Сонда суицид жағдайында жан үзетіндердің көбі торығудың торынан құтылудың жолы – өлім деп біліп, солай шешім қабылдайды деген сөз ғой. Қара түнектей қаптап келе жатқан бұл зұлмат мұсылман елдерін неге айналып өтеді? Өйткені, олар жан – Алланың адам баласына берген аманаты екенін, өз өмірін қию – сол аманатқа жасалған қиянат екенін біледі. Сонымен қатар өзін-өзі өлтіру ауыр күнә екенін, ауыр күнә жасағандығы үшін тозақта азапқа тартылатынын да жақсы біледі. Құдіреті күшті Алла Тағала қасиетті Құранда: «өз өздеріңді өлтірмеңдер (және соған апаратын бұзықтыққа бармаңдар). Расында (сендерді бұдан тыйған) Алла сендерге ерекше мейірімді» («Ниса» сүресі, 29-аят) дейді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әл-Бұхариден жеткен хадисінде: «Кімде-кім өзін темір қарумен өлтірген болса, ол тозақта әрқашан сол темірді көтеріп жүреді. Ал кімде-кім у ішіп өлетін болса, ол адам тозақта мәңгі у ішіп жүретін болады. Егер біреу өзін өлтірмек болып таудан құласа, ондай адам тозақта мәңгі құздан құлап бара жатады» депті. Ендеше, бұл қасіреттен құтылудың жолы – балаларымызға ерте бастан ислам тәрбиесін үйретіп, жүректерін тыныштандырғанымыз абзал. Алланы еске алмайтын жүрек тыныш таппайды. Ақиқатқа жүгінер болсақ Құранда: «Сондай иман келтіргендер; Алланы еске алу арқылы көңілдері жай тапқандар. Естеріңде болсын; Алланы еске алумен жүректер орнығады» («Рағыд» сүресі, 28 аят)
Категория: Биология және Экология | Добавил: Жадыра
Просмотров: 1354 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar