Главная » Файлы » Рефераттар » Биология және Экология

Жыныс бездері
[ · Скачать удаленно (17.6Kb) ] 30.10.2012, 22:28
Жыныс бездері


Жыныс бездері – гонадалар (грекше gone – пайда болу, aden – без) аралас сөлініс бездері болып есептеледі. Олардың сыртқы сөліністік қызметі – жыныс жасушаларын (гаметоцитгерді) жасау және шығару. Еркек организмдегі ұрық жолында сперматозоидтар, ал ұрғашы организмдегі аналық безде жұмыртқа жасушалары пісіп жетіледі. Демек, жыныс бездерінің негізгі қызметтерінің бірі – көбею немесе репродуктивтік қызметі. Сонымен қатар, бұдан кем түспейтін эндокринді қызмет атқарады. Зат алмасу, көбею жыныс белгілерін ажыратуынан (диференция) бастап, ұрықтың пайда болып, дамып, тууына дейінгі көптеген үрдістерді реттейтін жыныс гормондарын шығарады.
Организмнің көптеген ұрпақ жаңғырту (көбею) қызметі жан-жақты 23-тарауда қарастырылған. Бұл бөлімде тек қана еркек пен әйел жыныс бездерінің гормондарына жалпы және олардың арнайы әсерлеріне мәлімет беріледі.
Аталық жыныс гормондары ұрық жолының интерстициалды 1 тіндерінің ерекше – Лейдиг жасушаларынан жасалады. Бұл гормондар андрогенді деп аталады (трек, andros – еркек). Нағыз еркек жыныс гормоны – тестостерон. Бұдан басқа да бұған қарағанда белсенділігі сәл төмен гормондар бар – андростерон, эпитестостерон. Андрогенді гормондармен қатар, ұрық жолында аздап аналық жыныс гормоны – эстерогендер де жасалынып, бөлініп шығарылады.
Жыныс жұмыртқаларының негізгі құрылымы – фолликула (латынша folliculus – қапшықша, көпіршік), оның ішінде жұмыртқа жасушасы пісіп жетіледі. Пісіп жетілген фолликула графты көпіршік деп аталады. Ол жарылғанда, одан жұмыртқа жасушасы шығады. Бұл -овуляция деп аталады. Жұмыртқа жасушасы жұмыртқа жолына – жатыр түтігіне, ұрықтанғаннан кейін жатырға түседі. Овуляциядан кейін фолликула жасушалары қабырғасында сары пигмент жиналып сары дене түзіледі. Ұрықтанғанда сары дене ұзақ уақыт болады, оны жүктіліктің сары денесі деп атайды. Егер ұрықтану болмаса, ол 10-12 күн қызмет етеді де, кері дамуға түседі. Жыныс ағзалары жетілген әйелдерде овуляция ай сайын қайталануы мүмкін. Жыныстық оралым (цикл) 27-28 күнге созылады. Оны 4 кезеңге бөледі. 1) овуляцияға дейінгі; 2) овуляция кезіндегі; 3) овуляциядан кейінгі; 4) тыныштық кезеңі. Бұл кезендердің әрқайсысы жыныс жұмыртқаларын-дағы, жатырдың шырышты қабатындағы, қандағы, гормондар деңгейіндегі белгілі бір өзгерістермен және басқа да организмдегі жалпы өзгерістермен сипатталады. Жыныс циклінің әртүрлі кезендерінде жыныс жұмыртқаларында өзінің физиологиялық ерекшеліктері жағынан әртүрлі гормондар түзіледі (синтезделеді). Жұмыртқа жасушасы пісіп жетілген кезеңде фолликула – эстроген (грек, oistros – ағу, genes – тудыратын) деп аталатын гормондарды жасап шығарады. Бұл гормондарға эстродиол және белсенділігі сәл төмен эстрон мен эстриол жатады. Сол жерде аздап тестостерон да (еркек жыныс гормоны) жасалады. Жыныс жұмыртқасының сары денесіңде гестогендер (латын. gestatio – жүктіліктің дамуына жақсы әсер ететін гормондар) жасалады. Сары дененің негізгі гормоны – прогестерон.
Жыныс гормондарының әсері. 1. Денеде зат алмасуды, анаболизмдік (ассимиляция) үрдістерің күшейтеді, яғни күрделі органикалық қосылыстардың түзілуін күшейтеді, белок, соның ішінде ферменттердің де жасалуын жоғарылатады. Осыған байланысты дене салмағы артады, себебі бірқатар тіндердің жүрек, сүйек, қаңқа бұлшықеттері, бауыр, бүйрек салмағы артады.
2. Екінші жыныс белгілерінің дамуына, пайда болуына көмектеседі. Олар тиісті жынысты сипаттайды – жыныс мүшелерінің өсіп дамуы, түк пен май қабаттарының пайда болуы, қаңқа дамуы т.б. үрдістерді қамтамасыз етеді.
3. Жүйке жүйесі мен жоғары жүйке қызметіне әсер етеді, ұрпақ жаңғырту жүйесінің барлық бөліктері қызметінің белсенділігін қамтамасыз етеді. Сексуальдық (sexus-жыныс), яғни жыныстық көніл-күйдің дамуы негізінен жыныс гормондарының қандағы деңгейінен анықталады. Бойдың өсуі, дененің қалыптасуы, тәртіппен өзін-өзі ұстауы, екінші жыныс белгілерінің пайда болып дамуы жыныс бездеріне байланысты екені ескі заманнан белгілі. Әртүрлі мақсаттармен жыныс бездерін сылып алып тастағанда (кастрация) пайда болатын өзгерістер жан-жақты зерттелінген. Ауыл шаруашылығында майлы семіз ет, жұмысшы мал алу үшін кастрация жүргізіледі.
Жыныс жұмыртқасының лютеин жасушаларында жүктілік кезеңінде релаксин деген гормон түзіледі, ол жатырдың, ал туар алдында жамбас сүйектерін байланыстыратын аппарат. Бұл гормон әйел организмін бала тууға дайындайды.
Категория: Биология және Экология | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: бездері, Жыныс
Просмотров: 6693 | Загрузок: 670 | Рейтинг: 4.5/2
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar