Главная » Файлы » Рефераттар » Биология және Экология

Жүректің ішкі қабының аурулары
[ · Скачать удаленно (17.8Kb) ] 30.10.2012, 21:42
Жүректің ішкі қабының аурулары

Жүректің ішкі қабының қабынуы (Endocarditis – эндокардит). Өтуі боййынша жіті (endocarditis acuta) және созылмалы (endocarditis chronica), орналасуы бойынша – қақпақшалардағы және қабырғалардағы, аурудың сипаты бойынша – сүйелді (endocarditis verrucosa) және жаралы (endocarditis ulceroan) түрлерге бөлінеді.
Себептері. Эндокаридия – ылғида, індетті-уланудан болатын қосалқы ауру. Жүректің ішкі қабының қабынуы оның етінің қабынуынан да (миокардите) тікелей ауысуы мүмкін.
Дамуы. Эндокардиттің дамуында қабыну мен қатар шіру (некроз) және бұзылу процестері де жүріп жатады. Ауруға, көбінесе жүректің қақпақшалары шалдығады. Және қабыну, ылғида қан ағысына қарсы қараған беттерінен басталады. Мысалы қолқа мен өкпе артериясының қақпақшалары, көбінесе қарыншаларға қараған жақтарынан, ал атриовентикулярлық қақпақшалар – құлақшалар жағынан зақымдалынады. Осы деректер эндокардиттің дамуына, ең алдымен қақпақшаларға әсер ететін түрі қоздырғыштық микроорганизмдер немесе улар себепкер екенін көрсетеді. Сонан соң, ауытқу процестері бірте-бірте сіңір, тарамысталшықтарына және ішкі қанаттарының әр жерлеріне ауыса береді.
Микроорганизмдердің қозғыштық қабілеттеріне байланысты сүйелді не жаралы эндокардит түрлерінде дамулары мүмкін. Сүйелді эндокардитте, ауру бет қабатының қабынуы түрінде өтіп, бет қабатын өзгертіп, азғындатып, шірітуге дейін апарады. Сонымен қақпақшалардың бетінде фибрин, тромбоциттер, лейкоциттер жиылып қабаттанады, сонан соң жиылған заттар бірігіп, дөңгеленіп, түрлері сүйелге ұқсап өседі де көбінесе қақпақшалардың бір-біріне өсіп бітісіп кетуі мүмкін. Осының барлығы қақпақшалардың формаларын өзгертіп, қызметтерін бұзады, соның нәтижесінде қан айналысы да қатты бұзылады. Ауру көбінесе жүрек ақауларына әкеліп соғады. Осы сияқты ауытқу процестері қабырғада орналасқан эндокардитте де кездеседі.
Жаралы эндокардитте борпылдаған фибрин талшықтарымен бүркемеленген жара арқылы қақпақшаларды немесе эндокардтың қабырғаларын бұзатын шіру процестері басымырақ келеді. Бұл ауытқу құбылыстары, көбінесе, қақпақшалардың формаларын өзгертеді, тіпті кейде тесіп те өтеді, сөйтіп эндокардтың қабырғаларын қатты зақымдайды. Жаралы эндокардит көбінесе қатерлі түрде өтеді де, жиі-жиі қан тамырының бітелуіне (эмболия), қан тамырына ішкі қабығының қабынуларына, қанды іріңнің организмге жайылуына (септикопиемия), жүрек ақауларына әкеліп соғады. Қан тамыры бітелген жағдайда, эмбол орнынан жұлынып кетсе, онда мал аяқ асты өліп қалуы мүмкін. Эндокардитте, әсіресе, жаралы эндокардитте, зардап қан немесе лимфа жүйелері арқылы басқа ағзаларға жеткізілсе (метастаз), онда сол ағзалар да дерттенеді. Көп жағдайларда эндокардтың қабынуы миокардқа, перикардқа тікелей ауысып, ауыр өтетін перикардке жүректің барлық қабаттарының қабынуына әкеліп соғады.
Жіті қабынудың белгілері басылыңқырап, қоздырушы микроорганизмдер мен уыттар эндокардқа ұзақ уақыт бәсеңқарқынмен әсер еткенде эндокардиттің жіті түрі оның созылмалы түріне өтеді де эндокардтың дерттелінген жерлерінде дәнекер ұлпалар қоюланып өседі. Эндокардтың қақпақшалары дерттелінген жағдайда олардың құрылысында күрделі (органический) өзгерістер пайда болып, жүрек ақауларына әкеліп соқтырады. Фиброздық ұлпаның өсуі қақпақшаларды тыржитып, қалыңдатып түрлерін өзгертеді, кейде жиектері тұтастанып өсіп кетеді. Қақпақшалардың осындай өзгерістерге ұшырауы, бір жағдайларда, олардың өздерінде кемістіктердің пай да болуына (олар тесіктерді толық жаппайды), ал басқа жағдайларда – жүректегі тесіктерді тарылтуға әкеліп соқтырады. Осындай жағдайда, қан таралған тесіктер арқылы өткенде қысымдық шуылдар (стенотический) шығарады. Түрлі қақпақшалар мен тесіктердің зақымдануына байланысты жүректің жиырылуынан (систолический) немесе босаңдауынан (диастолический) пайда болатын ішкі қабаттық шуылдар (эндокардиальный) естіледі.

Қорытынды

Қорыта келгенде, жүрек қан тамырлары ауруы ауыл шаруашылық экономикасына көптеген зиян келтіретіні белгілі. Соның үшін жүрек қан тамырлары ауруларын болдырмау шараларын жақсы меңгеру керек. Осы аурулармен ауырған жануарларды жылдам және нәтижелі емдеу керек. Менің өзімнің ойыммен айтқанда жүрек қан тамырлары аурулары жұқпалы емес болғандықтан, көбірек сақтандыру шараларына көңіл бөлу керек. Сақтандыру шараларын нәтижелі жүргізетін болсақ, бұл ауруды болдырмауға болады. Бұл қан тамыр аурулары көбірек азықтандырудан, уланудан, жарақаттардан және суық тигеннен келіп шығатындығы белгілі. Сол үшін осы шараларды ветеринарлық-санитарлық және ветеринарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес орындайтын болсақ жүрек қан тамырлары ауруларын ауыл шаруашылығында болдырмауға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. М.Қожабаев, Ш.М.Қаратаев. Жануарлардың ішкі жұқпалы емес аурулары. Шымкент, 2006. М.Әуезов.
2. Акатов В. А., Париков В. А. Ультразвук и его применение в ветеринарии. М., «Колос», 1970.
3. Институт Биофизики АН СССР. Использование ультрафиолетового излучения в животноводстве. М., АН СССР, 1963. Ультрафиолетовое излучение и его применение в биологии. М., Изд-во АН СССР, 1973.
4. Медведев И. Д. Физические методы лечения животных. М„ «Колос», 1964.
5. Белоусов В. Е. Математическая электрокардиология. Минск, «Беларусь», 1969.
6. Гутира Ф. и др. Частная патология и терапия домашних животных, т. II. М., Издат. с.-х. лит. журналов и плакатов, 1963.
7. Домрачев Г. В. Аритмий и болезни миокарда у лошадей. М., Сельхозгиз, 1950.
8. Клиническая диагностика внутренних болезней с.-х. животных под редакцией проф. В. И. Зайцева. М., «Колос», 1971.
9. Семушкин Н. Р. Диагностика заболеваний верблюдов. М., Сельхозгиз, 1949.
10. Червяков Д. К., Евдокимов П. Д., Вишкер А. С. Лекарственные средства в ветеринарии. М., «Колос», 1970.
Категория: Биология және Экология | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: аурулары, ішкі, Жүректің, қабының
Просмотров: 4074 | Загрузок: 450 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar