Главная » Файлы » Рефераттар » Биология және Экология

Жүрек қан тамырлар
[ · Скачать удаленно (19.9Kb) ] 30.10.2012, 21:51
Жүрек қан тамырлар

Кіріспе

Ветеринария ғылымының малдың жұқпалы емес ішкі аурулар бөлімі жұқпалы емес емес ішкі аурулардың пайда болу себептерін, өту ерекшеліктерін зерттеп анықтау әдістерін ем әрекеттерінің және сақтандыру шараларын дамытып, жедел жетілдіретін пән.
Арнайы бағыттандырылған ауылшаруашылық кәсіпорындарының мал шаруашылығы өнімдерін (сүт, ет, жүн және жұмыртқа) өнеркәсіптік технологиясы бойынша өндіретін кешендерді нәтижелі пайдалану тек қана аурулардан сақтандыру бағытындағы теориялық, методологиялық және ұймдастырушылық салаларының жеткен жетістіктерін түгелдей дерлік есепке ала отырып, сонымен қатар ауру малды дара және топтық емдеуді ары қарай дамытып, жетілдіру арқылы іс жүзіне асыруға болады. Соған байланысты малды түрлі жағдайларда аурулардан сақтап қалу үшін жоспардың негізгісі ретінде диспансеризация жүргізу ұсынылады.
Кей аурулардың, әсіресе зат алмасуының бұзылуынан сақтау, топтан сақтық ем жүргізу әдістерін қолданғанда ғана жақсы нәтиже береді. Сапасыз және ылғи азықтың бір түрімен ғана азықтырғандырғанынан пайда болатын ауруларды айықтыруда азықпен емдеудің диетотерапия мағынасы зор.
Сапасыз азықтарды дайындаған, азықты дайындау технологиясын бұзған және малды бағып-күтуге, әсіресе қыста қорада тұратын мезгілде гигиеналық ережелерді бұзған шаруашылықтарда ауру малдардың саны көбейеді. Сондықтан агрономиялық және ветеринариялық лабораторияларда азықтарды тексеруді кең түрде жүргізудің тек ауруды анықтауда ғана емес, сапалы және дұрыс азықтандыруын қадағалаудың маңызы зор.
Бұл жалпы биологиялық аурутану зооинженериялық, агрономиялық және қоғамдық-экономикалық ғылым салаларымен пәнаралық тығыз байланысын үзбей мамандықты қалыптастыратын пән.

Жүрек пен қан тамырлар жүйесі ауруларының бөлінуі

Малдың жүрек пен қан тамырлары жүйесінің ауруларын жіктеуде бірнеше ұсыныстар бар. Солардың ішіндегі көңілге қонары Г.В.Домрачевтің ұсынғаны. Бөлінуі жеке кестеде келтіріген. Бұл ұсыныс бойынша жүйенің аурулары 4 топқа бөлінеді: 1. Жүрек қабының (сыртқы); 2. жүрек етінің; 3. жүректің ішкі қабының; 4. қан тамырларының аурулары. Жүрек қабы ауруларының өзін екіге бөледі: жүрек қабының қабынуы (перикардиты) және шеменденуі (гидроперикард).
Жүрек етінің аурулары да осы принципке негізделіп бөлінеді – жүрек етінің қабынуы (миокард) және зат алмасуларының бұзылуы (миокардоз). Бұл топтан ерекшелеу бөлінетін аурулар – жүрек бұлшық етінің фиброзданып өзгеруі (миокардиофиброз) және склерозы (микардиосклероз). Бұл, кобінесе, миокардит пен миокардоздың салдарынан пайда болатын басалкы түрінде де дамитын дерттер. Жүректің ішкі қабының аурулары, әдетте қабынудан (эндокардит) басталып, содан соң азғындай (дегенерация) бастайды. Оған бірте-бітре жүректің қақпақшалары (клапан) қосыла бастаса, онда жүрек ақауларына әкеліп соғады.
Малдарда қан тамырлары ауруларының тобынан жиі кездесетіндері – артерия қабырғаларының әктеніп қалыңдануы-беріштенуі (артериосклероз) және тамыр түтігінің қан ұюынан бекітілуі (тромбоз). Кешеңдерде мал арасында жүйке қажуының (невроз) асқынуынан қан қысымы көтеріліп (гипертония) тұрады.

Жүрек қабыну аурулары

Жүрек қабының қабынуы (Pericarditis – перикардит). Қабыну жарақаттан (P. Traumatica) не басқа себептерден болуы мүмкін. Өтуі бойынша: жіті (P. acuta) және созылмалы (P. chrohica) түрде пайда болуы және өту уақытына байланысты басалқы немесе қосалқы; таралуы бойынша шектелінген (P. Circumscripta) және кіріккен (P. Diffusa); жалқықтың түрлеріне байланысты – ұйымалы, белок талшықты, қанды, іріңді, шіріген болып бөлінеді. Жүрек қабының қабынуларының құрғақ (P. sicca), жалқықты немесе сарысулы (P. Exudativa) түрлерін айырады.
Себептері. Мал арасында өздігінен болатын перикардит негізінен сирек кездеседі, ал ішінара суықтан пайда болған перикардит те ұшырасады. Жиі кездесетіні, түрлі індет немесе жұқпалы емес аурулардың асқынғандығынан болатын қосалқы перикардит. Ірі қарада, кейде ұсақ малдарда тақия қарын мен көк еттің жарақаттануы салдарынан (травмтический ретекулит, ретикулоперитонит) жарақаттанған перикардит пайда болады.
Жарақаттанған перикардиттің пайда болуына тақия қарын арқылы жем-шөппен кірген істік темірлер немесе басқа заттар әсерін тигізеді. Істік темірлер жүректің қабын, кейде бұлшық етін, ішкі қабатын жарақаттайды. Жарақаттайтын заттар өзімен бірге жүрек қабынан қуысына түрлі микроорганизмдерді енгізеді. Жарақаттанған перикардит жаңа туған, жығылған, қатты күшенген малдарда кенеттен пайда болады. Жарақаттанған перикардиттің жиі, сирек кездесуі тақия қарын мен көк еттің жарақаттанған қабынуын тудыратын әсерлерге байланысты.
Жарақаттанған перикардиттің басалқы түрде дамуы өте сирек кездеседі. Ондай жарақаттану кеуденің сырт, жүрек жағынан тосыннан болған соққыдан, (үшкір затпен түйрелуден, сынған қабырғаның әсерінен т.т.) не өңеш арқылы етілген әрекеттерден болады.
Дамуы: Перикардиттің дамуы, әсіресе, жарақаттанған түрі екі кезеңде өтеді. Алғашында перикардит құрғақ болып басталады да, сонан соң біртіндеп жалқықтыққа ауысады. Құрғақ перикардитте алдымен жүрек қабының қабаттары қабынады, бірте-бірте оның қабаттарына белок талшықтары (фибрин) ұйып жиналады да оларды бұдырмақтайды. Жүрек қабының созылмалылығы әлсірейді. Осылар жүректің жұмысын қиындатады. Аурудың ары қарай даму процесінде жүрек қаптары бір-біріне жабысып, бітісіп кетеді. Жалқықты (эксудативный) перикардитте жүрек қабының ішіне көп болып сарысу жиналады, ірі малда жиналу мөл шері 20-25 литрге дейін жетеді. Жиналған жалқық жүрекке жан-жағынан қысым түсіріп, оның созылуын (диастола) әлсіретіп, қанның систолалық көлемін азайтады. Жүректің қанды сорып-айдау қызметтері бұзылады. Жалқық жүректі айнала қысқандықтан (тампонада) оның соғуын тоқтатып тастауы мүмкін. Жүрек қысылғанда көкірек көк етінің (диафрагма) қимылы бәсеңдейді, сол себептен өкпе мен бауырда венозды қан іркіледі. Осы жағдай көк тамырлар мен капиллярда қанның қысымы көтеріліп, іркілістен денені ісіндіреді. Көк тамырларда қанның қысымының көтерілуіне байланысты артериялық тамырларда қысым азайып, жалпы қан айналысы бәсеңдейді. Кейде жүрек қабының қабынуы жүрек етінің қабынуына себепші болады.
Перикардиттің қай түрі болса да әсіресе, жарақаттан болған түрінде, қанға қабынулық заттардың өтуінен және жиналған жалқықтың ыдырап, шіруінен организм уланады, қызуы көтеріледі, қан мен зәрдің құрамдары өзгереді, біраз ағзалар мен жүйелердің қызметтері бұзылады.
Категория: Биология және Экология | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: жүрек, тамырлар
Просмотров: 2513 | Загрузок: 404 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 1
avatar
0
1 Nazerke Kenesbek • 10:29, 27.09.2014
рахет!
ComForm">
avatar