Главная » Файлы » Рефераттар » Биология және Экология

ТЕРІНІ КҮТУ ЖӘНЕ ОЙЫЛҒАН ЖЕРІНЕ ЕМ ЖАСАУ
[ · Скачать удаленно (18.9Kb) ] 30.10.2012, 21:53
ТЕРІНІ КҮТУ ЖӘНЕ ОЙЫЛҒАН ЖЕРІНЕ ЕМ ЖАСАУ


Сырқатты, әсіресе ауыр науқастарды күтуде тері кү тімі маңызды орын алады. Оның тазалығы мен тұтасты-ғы аса маңызды шарт болып саналады. Терінің жүмсақ-тығы мен серпінділігін сақтау үшін май және тері безде-рі функциясының маңызы зор. Алайда май мен тер терінің бетіне жинальш, оны кірлетеді. Маймен, термен бірге теріге шаң, микроорганизмдер де жиналады. Тері кірлеуінен ол қышиды, одан сызылған (терінің тырнал-ған жері), қасылған жерлер пайда болады, яғни терінің түтастығы бұзылады. Бұл, өз кезегінде, терінің үстіңгі қабатындағы микробтардың тереңірек бойлауына кө-мектеседі. Осыған байланысты мейіркеш сырқаттың же-ке басының ережелерін сақтауын қадағалайды және
оларға теріні таза сақтау жөніндегі қажетті әрекеттерді орындауға көмектеседі.
Мейіркеш өз аяғымен жүрген сырқаттың төсек-ор-нын, жапқыштары мен іш киімдерін ауыстыра отырып, гигиеналық ванна алу графигін жасап орындауы тиіс. Төсек тартып жатқаң сырқаттарды камфора-спирті бар ерітіндімен дезинфекциялап күнделікті сүрту қажет, ері-тіндіні қолдану алдында қыздыру керек. Ерітіндісі бар ыдысты ағып жатқан ыстық судың немесе орталық жы-лу беру батареясына қояды. Егер белімшеде мұндай ері-тінді болмаса, оны өздері жасауына болады: 0,5 л жылы суға 1—2 ас қасық сірке суын, иіс су немесе спирт қоса-ды. Егер бөлмеде бұл да табылмаса, теріні жылы сумен сүртуге де болады.
Сырқаттың терісін сүрту үшін сүлгінің бір шетін де-зинфекциялайтын ерітіндіге малып, жайлап қысады да онымен мойынын, құлағының сыртын, арқасын, кәкірек клеткасының алдыңғы жағын және қолтық астын сүрте бастайды. Әсіресе емшек бездері астындағы қыртыска ерекше назар аударған жөн, себебі толық және өте тер-легіш әйелдердің сол жерлері иістенуі мүмкін. Содан кейін теріні осы тәртіппен құрғата түседі. Легенді төсек-ке қойып сырқатты аптасына 1—2 рет жуады, содан ке-йін қажетіне қарай тырнағын алады.
Күтімі нашар болып, организм күрт әлсірегеңде де-ненің қысым түскен жері ойылады.
Ойылған жер дегеніміз үстіңгі, ал кейде, тереңдеп жайыла түсетін беткі тканьнің (терінің, тері астындағы клетканың шырышты қабықтың) жансыздануы. Ойылған жерлер әдетте сегізкөздің, жауырынының, үлкен үршық-тық, шынашақтың тұсынан пайда болады. Ойықтың үл-кеюінің негізі — сырқаттың қиын жағдайда жатып, қан айналымының бұзылуы.
і Ойықтың бірінші белгісі — терінің бозарзып, содан К0ЙІНГІ қызаруы, ісінуі мен эпидермистің сыдырылуы; оДан әрі терінің үлбіреуі мен шіруі. Ауыр жағдайларда т№ жұмсақ ткань ғана емес, шеміршек пен сүйек те жан-сі|ізданады. Оған инфекцияның енуі сепсиске алып келе-діІ де, өлуіне себеп болады.
• Ойықтарды болдырмау үшін оның профилактикаеын д^рыс жасау қажет, оның негізгі элементтері мыналар:
1) егер сырқат жағдайы жараса, оның дене қалыпын күніне бірнеше өзгерту;
2) қиқым-сиқым болмауы үшін оның төсегін күніне бірнеше рет сілкіп салу;
3) төсек жапқыш пен ішкі киімдерд бүктеліп қалмау;
4) көп уақыт шалқасынан жатқан ауыр науқае ас-тына жастық тысыңа кигізілген үрленген резеңке дәңге-лекті кигізіп, сырқаттың сегіз кәзіне дөңгелектің тесігі турасынан келетіндей етіп салу;
5) терісін күнделікті мына дезинфекциялайтын ертін-ділердің біреуімен сүрту; камфора қоспасы, камфора спирті, этил спиртінің 40% ертіндісі, иіс су, сірке су ері-тіндісі (300 -ыл суға 1 ас қасық) ал олар табылмаса, жылы сумен жуып, одан кейін құрғата сүртеді;
6) терінің гиперемиясы (қан кернеуі) болған кезде белгілі бір жердің қан айналысын жақсарту үшін теріні құрғақ сүлгімен сүрту немесе кварцтау;
7) терінін былжыраған (мацерия) жерін суық сумен сабындап жуу, спиртпен сүртіп, ұнтақ себу.
Ойық үлкейіп кетсе, оны емдейді. Күлдіреген жер-лерге бриллиант көгінің спирттегі ерітіндісін жағады^ содан кейін құрғақ таңғыш салады, Шіріген жер (не-кроз) шектелгенде өлі тканды алып тастап жараны 1% калий пермангант ерітіндісіне малынған зарарсызданған салфеткамен жабады. Таңғышты күніне 2—3 рет ауыс-тырады, Жараның тазаруына қарай Вишневский майы-нан, перуан майы мен самырсын майының қоспасынан, синтомицин эмульсиясынан т. б. таңғыш салуға кәшеді.
Ойықтардьщ болуы сырқат күтімінің нашар және сол мекеменің санитарлық мәдениетінің жоғары еместігін білдіреді. Сондықтан мейіркеш әр кез сырқат төсегін сілкіп салғанда оның денесін, әсіресе ойықтардың жиі пайда болатын жерлерін мұқият тексеруге тиіс. Өнеркә-сіп орындары ойықтарға профилактика жасауға арнал-ған құрылғылар: электр жылытқышы бар үстіңгі беті кеңірдектеліп жасалған үрлеме резеңке матрац шыға-РУДа.к
Категория: Биология және Экология | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: жасау, ТЕРІНІ, ЖЕРІНЕ, және, күту, ОЙЫЛҒАН
Просмотров: 3857 | Загрузок: 497 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar