Главная » Файлы » Рефераттар » Биология және Экология |
СПИД індетінің пайда болуы мен таралуы
[ · Скачать удаленно (43.8Kb) ] | 30.10.2012, 22:22 |
СПИД індетінің пайда болуы мен таралуы
Мазмұны 1. СПИД індетінің пайда болуы және таралуы. 2. Эпидемиологиялық АИТВ індетін бақылауды ұйымдастыру. 3. СПИД індетін емдеу мәселелері туралы 4. Індеттің жұғу жолдары мен белгілері. 5. СПИД-ке карсы емге ұсыныстар Қорытынды. Пайдаланылған әдебиеттер. СПИД қоздырғышын немесе адамда иммунитет тапшылығы туғызатын вирусты (АИТВ-1) 1981 жылы француз ғалымы, вирусолог Л. Монтанье тапты. Ал, кейін америкалық ғалым Р. Галло вирустфң барлық қасиеттерін жан-жақты тексеріп жариялады. 1985-1986 жылдары маймылдардан АИТВ-1-ге ұқсас АИТВ-2 табылған, ол АИТВ-1- ден кейбір генетикалық белгілері өзгешелеу және адам үшін маңызы онша жоғары емес, бірақ американдық ғалымдардың айтуынша бұл вирусты (АИТВ-1 және АИТВ-2) бір адамнан табуға болады. Вирустың шығу тегін ғалымдар әр түрлі жорамалдап тексеруге тырысуда. Сондықтан тұжырым да, ойлар да әртүрлі. Париждегі Л. Пастер атындағы институттың ғалымдары өздері жүргізген зерттеулердің арқасында мынадай тұжырымға тоқталады. «СПИД вирусы өткен ғасырдың 70-ші жылдарының соңына дейін дүниеде болған емес және ол табиғи өзгерістерге түскен басқа вирустарға да жатпайды». Мысалы Англияның вирусолог докторы Х. Сили «спид вирусы бактериологиялық қару жасаумен айналысып жатқан лабораториялардың бірінде жасалған» – деген батыл тұжырым айтты. Көптеген ғалымдардың айтуынша, СПИДвирусы АҚШ-тың өзінде жасалынған. Бұдан басқа вирустардың маймылдарда табылуына байланысты, вирус адамның эволюциялық өсіп-өну кезеңінің жемісі деген тұжырым бар. Бұл ойды Африка ғалымдары қолдап отыр және олар бұл ауруды 1650 жылдары пайда болған деп батыл айтуда. Жас жеткіншек! Бізді ойландыратыны ауру қайдан пайда болғандығы емес, оның өмірімізге өте қауіптілігі екендігі болып отыр. Сол үшін оның таралуын талдап, қаншалықты қауіптілігінің маңыздылығын анықтайық. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдемесі бойынша СПИД ауруының таралуы әр елде әр түрлі және аурудың саны туралы толық мәлімет беру мүмкін еместігін айтқан. Осыған қарамастан олардың мәліметі бойынша мынадай (Кесте 1) кестеге назар салсақ 1981 жылы Дүние жүзінде 366 ауру тіркелсе, ал, 1985 жылы 12512 ауру тіркелген. 1990 жылы ауру саны 111012 жеткен, оның Америкада 53672, Африкада 42771, Европада 13374, Азияда 378 адам ауру жұқтырған. Ал, 1997 жылы олардың жалпы саны 30,6 млн. жеткен. 1999 жылдың қаңтар айының 1 жұлдызыны дейін Дүниежүзінде СПИД жұқтырғандар саны 33,4 млнионға жеткен, оның 32,2 млн. ересектер және 1,2 млн. балалар болып отыр. Ал, Қазақстанда олардың саны 2000-нан асты және оның көбі Қарағанды, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында болып отыр. Қорыта айтқанда, ғалымдарды ойландырып отырған нәрсе, бұл аурудың күннен күнге еселеп қанат жаюы, дүние жүзінде күніне 7000 адамның өлетіндігі, ал күніне 16000 жастың осы ауруды жұқтыратындығы, бұдан басқа бұл науқасқа қазіргі таңда еш емнің толық жоқтығы, тек уақытша көмек беретін дәрі-дәрмектің бары және бар болса да өте қымбаттығы. 1-кесте. Жылдар Америка Африка Европа Океания Азия Барлығы 1981 350 ? 15 ? 1 366 1982 1042 3 68 1 1 1115 1983 3162 14 211 6 8 3401 1984 6161 82 562 45 4 6854 1985 10815 184 1361 123 29 12512 1986 14741 3051 2388 239 53 20472 1987 20687 5359 4169 328 128 30671 1988 38765 12212 8109 438 61 59585 1989 40816 17343 11693 562 209 70623 1990 53672 42771 13371 820 378 111012 1991 319969 198892 64934 3784 1945 589524 1992 414983 255042 86202 4595 3981 764803 1993 503864 330248 103857 5402 11100 954471 1994 525682 347713 128886 5735 17057 1025073 1995 699662 442735 154103 6680 28630 1331810 1996 749800 553291 179339 7596 53974 1544000 1997 839169 613544 198140 13900 72185 1736938 Барлығы 4243340 2822484 957408 50254 189744 8263230 Эпидемиологиялық АИТВ індетін бақылауды ұйымдастыру Қазіргі таңда СПИД ауруына емнің әлі детолық жоқтығы және оның барлық елге жарылған бомбадай таралуы ғалымдар алдына үлкен міндеттер жүктеуде. Міне, сондықтан СПИД эпидемнологиясын, және оняң сол ортадағы қалай таралғандығын қандай ерекшеліктері барын оқып зерттеу өте маңызды. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының СПИД-ке қарсы 1993-1996 жылдардағы Арнайы кеңейтілген бағдарламасында Орталық және Шығыс Европада, Осыған қоса ТМД елдерінде тез рада эпидемиологиялық бақылау жүйесінде АИТВ індетін жетілдіру ескертілген. Бұл туралы Покровскийдің еңбектерңнде де атап көрсетіліп, жеке эпидемиологиялық бақылау қағидаларын енгізген. Қазақстан Республикасында 1990-1997 жылдар аралығында Республикалық СПИД-ке қарсы және алдын алу Орталығымен эпидемиология, Зерттеу институтымен бірге эпидемиологиялық бақылау жүйесінің негізгі ұйыидастыру жолдарын жасаған. Бұл дегеніміз- қанша адам АИТВ-мен ауыратынын анықтап, оларды тізімге (есепке) алу, бұдан басқа ақуіпті топтарды анықтау. Міне эпидемиологиялық жағдайда сол ортаны ескере отырып, оған баға беру, лабораториялық тексеру жолында анықтай отыра АИТВ қалай тарлғандығын және оны қалай тоқтата алатынымыз туралы шешімдер болуы тиіс. Осыларды ескере эпидемиологиялық бақылау жүйесі 4 негізгі бағытта қарастырылған: а) ақпараттық қызмет, бұл әлеуметтік және эпидемиологиялық ерекшелігін АИТВ шет елдерде, республикамызда, аумақтарда талдау. ә) АИТВ індетінің эпидемиологиясын лабораториялық жолмен бақылау. в) науқастың анализі және таралуына қарсы және алдын алу жолындағы жұмычтарға баға беру. Лабораториялықтексеру барысы негізінен үш кезеңнен тұрады. Оның алғашқы І кезеңі скрингті тексеру облыстық және қалалық СПИД-ке қарсы және алдын алу Орталықтарында өткізіледі. ИФА әдісімен тексереді, анализ теріс (-) жәтижелі болса да жоғарыдағы серонегативті жағдайларды ескеру қажет, ал нализ оң нәтижелі (+) болса, онда жаңа алынған сол кісіден қанды қайта тексереді, ол да оң нәтижелі болса, оны Алматы қаласындағы орталыққа жіберіледі. ІІ кезеңі Референт тексеру. Бұл тексеру ИФА әдісімен жүргізіледі. Республикалық СПИД-ке қарсы және алдын алу Орталықтың лабораториясында үш рет қайталайды, бұл жолы да оң болса, онда ІІІ кезең экспортты тексеру басталады. Осы жерде иммуноболтинг әдісімен тексереді, тексеру барысында анализ үш түрлі қорытынды береді. 1) Анализ теріс (-) нәтижелі 2) Анализ күмәнді нәтижелі 3) Анализ оң (+) нәтижелі. Анализ күмәнді болса, оны бақылауға алып, қайта тексерулер жүргізілуі тиіс, яғни АИТВ жоқ дегенге дейін толық асықпай. Ал анлиз оң болса, онда АИТВ жұқтырған деп диагноз қойылады. Міне осының ішінде еліміздегі лабораториялық анықтау жолдарын қарастырайық. АИТВ алғашқы ИФА тест системасы қолданылады. Бұл жерде мына жағдайларды ескерген жөн. 1) Алғашқы серонегативті уақыттың бары, ол 3 аптадан 14 айға созылуы мүмкін. 2) АИТВ тасымалдаушылар арасында серонегативті жеке тұлғалар болуы мүмкін, белгісіз бір уақытқа қанда антидененің болмауы бұрын серопозативті болса да. 3) Анти дене мөлшері СПИД ауруынан өлім алдында да азаяды. Сондықтан әр жеке тұлғаға жеке қарастырып күмәнді болса, онда анализді қайта алу қажет. СПИД індетін емдеу мәселелері туралы СПИД немесе АИТВ-тің құрылысы және ағзадағы оның өмір сүруі. Ғылыми зерттеу барысында АИТВ дөңгелек тәріздес формада,қабыршақтары бетінде белокты GP 120 рецепторлардан тұратын көптеген және қабыршақтың өзінде GP 41 белоктары бары анықталған.Осы белоктардың АИТВ мен лимфоциттер әсерлескенде алатын орны зор хәне маңызды.АИТВ-тың GP 4 белокты клетка қабыршағымен байланыса алады,бұл арнайлық қасиетті көрсетеді.Осы байланыс болса АИТВ клеткасының қабыршағын бұзып,теседі. | |
Просмотров: 3710 | Загрузок: 547 | |
Всего комментариев: 0 | |