Главная » Файлы » Рефераттар » Биология және Экология

Күйіс қайыратын малдың қарындарының аурулары
[ · Скачать удаленно (59.7Kb) ] 30.10.2012, 22:08
Күйіс қайыратын малдың қарындарының аурулары

МАЗМҰНЫ

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………. 6
Негізгі бөлім
1.1 Күйіс қайыратын малдың қарындарының аурулары ……………………….. 7
1.2 Қарындардың жіті гипотониясы және атониясы …………………………….. 8
1.3 Қарындардың созылмалы гипотониясы және атониясы………………….. 11
1.4 Мес қарынның азыққа толып кетуі ……………………………………………….. 13
1.5 Мес қарынның бүртіктерінің қабыршықтануы ……………………………… 19
1.6 Жалбаршақ қарынның бітелуі ……………………………………………………….. 24
2. Өзіндік зерттеу……………………………………………………………………………. 25-28
Техника қауіпсіздігі…………………………………………………………………………….. 26
Қорытынды…………………………………………………………………………………………. 27
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………………………….. 28


Анықтамалар

Флюктуация – толқынданған
Остеомаляция – сүйектің жұмсауы
Ацетанемия – ацетонның қанда көбеюі
Паракератоз – түйіншектеніп жалғасып жатуы
Руминид – кілегей қабықтарда өзгерістердің пайда болуы

Қысқартылған сөздер мен белгілер

мл – миллилитр
см – сантиметр
% – пайыз
мин. – минут
м – метр
г – грамм

Нормативтік сілтемелер

Бұл курстық жұмыста пайдаланылған сілтемелер төмендегі құжаттарға негізделген:
ГОСТ 2.102-68 ЕСКД. Конструкторлық құжаттардың толықтығы мен түрі.
ГОСТ 2.104-68 ЕСКД. Негізгі жазулар.
ГОСТ 2.201-80 ЕСКД. Конструкторлық құжаттар мен жасалған бұйымдардың белгілері.
ГОСТ 2.601-95 ЕСКД. Пайдалану құжаттары.
ГОСТ 2.304-81 ЕСКД. Сызба шрифттері.
ФС ЮКГУ 4.6-002-2004 СМК. Оқу құжаттарын толтыру қағидалары.
Графикалық талаптарға қойылатын жалпы талаптар.

Аннотация

Бұл курстық жұмыс мына бөлімдерден тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, техника қауіпсіздігі, қорытынды.
Кіріспе бөлімінде күйіс қайыратын малдардың қарындары аурулары туралы жалпы түсінік қамтылған.
Негізгі бөлімде күйіс қайыратын малдардың қарындары аурулары себептері, аурулардың белгілері, аурулардың барысы, ауруларды емдеу және сақтандыру шаралары қамтылған.
Өзіндік зерттеу бөлімінде біздің практикалық дәріс барысында күйіс қайыратын малдардың қарындары ауруларымен ауырған малдарды емдеу жөнінде айтылған.
Техника қауіпсіздігі бөлімінде малдарға фиксация жасау және оларға дәрі-дәрмектермен зиян тигізбеу туралы айтылады.
Қорытынды бөлімінде өз ойымды тұжырымдап күйіс қайыратын малдардың қарындары ауруларын болдырмау туралы айтылған.

Кіріспе

Ветеринария ғылымының малдың жұқпалы емес ішкі аурулар бөлімі жұқпалы емес емес ішкі аурулардың пайда болу себептерін, өту ерекшеліктерін зерттеп анықтау әдістерін ем әрекеттерінің және сақтандыру шараларын дамытып, жедел жетілдіретін пән.
Арнайы бағыттандырылған ауылшаруашылық кәсіпорындарының мал шаруашылығы өнімдерін (сүт, ет, жүн және жұмыртқа) өнеркәсіптік технологиясы бойынша өндіретін кешендерді нәтижелі пайдалану тек қана аурулардан сақтандыру бағытындағы теориялық, методологиялық және ұймдастырушылық салаларының жеткен жетістіктерін түгелдей дерлік есепке ала отырып, сонымен қатар ауру малды дара және топтық емдеуді ары қарай дамытып, жетілдіру арқылы іс жүзіне асыруға болады. Соған байланысты малды түрлі жағдайларда аурулардан сақтап қалу үшін жоспардың негізгісі ретінде диспансеризация жүргізу ұсынылады.
Кей аурулардың, әсіресе зат алмасуының бұзылуынан сақтау, топтан сақтық ем жүргізу әдістерін қолданғанда ғана жақсы нәтиже береді. Сапасыз және ылғи азықтың бір түрімен ғана азықтырғандырғанынан пайда болатын ауруларды айықтыруда азықпен емдеудің диетотерапия мағынасы зор.
Сапасыз азықтарды дайындаған, азықты дайындау технологиясын бұзған және малды бағып-күтуге, әсіресе қыста қорада тұратын мезгілде гигиеналық ережелерді бұзған шаруашылықтарда ауру малдардың саны көбейеді. Сондықтан агрономиялық және ветеринариялық лабораторияларда азықтарды тексеруді кең түрде жүргізудің тек ауруды анықтауда ғана емес, сапалы және дұрыс азықтандыруын қадағалаудың маңызы зор.
Бұл жалпы биологиялық аурутану зооинженериялық, агрономиялық және қоғамдық-экономикалық ғылым салаларымен пәнаралық тығыз байланысын үзбей мамандықты қалыптастыратын пән.

Күйіс қайтаратын малдың қарындарының аурулары

Қарындардың аурулары ірі қаралар арасында жсірек, ал ұсақ малдар арасында сиректеу кездеседі. Қарындар ауруларын жиірек тудыратын себептерге уақтыны тамақтандырмау, сапасыз азықтар, азықтардың темір-тесектермен ластануы, шырынды азықтан құрғақ азыққа және керісінше тез ауыстыру, ылғс бір түрлі азықтармен-жеммен, сыра қалдықтарымен жане қойыртпағымен не қатқыл, дерекі, нәрсіз азықтармен азықтандыру жатады.
Қарындардың жиырылу қызметін бұзатын рефлекстерді қатпаршақтың, ұлтабардың барорецепторларын, аш ішектің химорецепторлерін ұзақ және әдеттегіден қаттырақ қоздыру әсерлері, сонымен қатар тақия қарынның жарақаттан ауырсыну реакциясы тудыруы мүмкін. Қарындар жиырылуының рефлекторлы түрде босаңсуы малдың буаз күндерінде, ортаның қызуы көтерілгенде және басқа да үрейлердің әсер етуінен пайда болуы мүмкін. Қарындар ауруларын тудыратын негізгі себептер қатарына олардың жиырылу қызметінің бұзылуын жатқызады. Олардың механо, термо және хеморейепторлары күшті тітіркенуден өзгергенде мес қарынның жиырылуы әлсірейді, күйіс қайтаруы бұзылады, соның салдарынан месқарындағы азықтың қорытылуы нашарлайды, рН өзгеріп қышқылданады, микробтардың әсерінен жын ыдырайды да уыттар құрылады. Уыттар және басқа да ферментация әсерінен пайда болған жадығаттар мес қарында, ұлтабарда және ішектерде денеге сіңіп организмге зияндық әсерін тигізеді.
А.А.Фадеев, Л.В.Панышев және В.В.Полякин қарындардың жиырылу процестерінің бұзылуын дистония деп атауға ұсыныс енгізді. Басалқы дистонияға мес қарынның мынадай аурулары (іш кебудің жіті және созылмалы түрлері; атония және гипертонияның жіті және созылмалы түрлері; жіті гипертония; парез), тақия қарынның (жарақаттан пайда болған ретикулит және ретикулоперитонит) және қатпаршақтың (ластануы) жатады. Қосалқы түріне жүрек-қан тамыр, тыныс алу, ас қорыту, зәр шығару және жүйке жүйелері ауруларының салдарынан пайда болатын дистониялар жатады. Қосалқы түрі негізгі аурулардың қосымша белгілері ретінде қаралады. Дистонияның қай түрі болмасын, мес қарынның жиырылу күшінің бұзылу деңгейін, дәлірек, руминография әдісімен, тұспарлап қолмен анықтайды.
Қарындар жиырылуының бұзылуын жай, шартты түр ретінде гипертонияға, гипотонияға және атонияға бөледі. Егер мес қарынның жиырылуы күшейсе, оны гипертония, бәсеңдесе гипотония,ал жиырылуы сезілмеген жағдайда атония деп атайды.
Категория: Биология және Экология | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: аурулары, қарындарының, Күйіс, малдың, қайыратын
Просмотров: 2633 | Загрузок: 508 | Рейтинг: 4.1/7
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar