Главная » Файлы » Рефераттар » Биология және Экология

Гипофиз
[ · Скачать удаленно (14.4Kb) ] 30.10.2012, 22:33
Гипофиз
Гипофиздің артқы бөлігі – нейрогипофиз пирамида тәрізді үлкен жасушалар – питуициттерден және гипоталамустың нейросекрециялыұқ жасушаларының талшықтарынан тұрады. Нейрогипофиздің екі гормонынын екеуі де (вазопрессин, окситоцин) гипоталамуса түзіліп, нейросекрециялық нейрондарының бойымен гипофизге жетеді де, сонда сақталады. Вазопрессин гипоталамустың супраоптикалық, ал окситоцин паравентрикулярлық ядроларында түзіледі. Олар гипофиздің 1 артқы бөлігіндегі нейрофицин затымен әрекеттескеннен соң қанға өтеді. Вазопрессин бүйректің несеп жиналатын түтігінде судың қайтадан денеге сіңуін үдетіп, несеп көлемін (диурезді) азайтады, сондықтан да оны антиурездік гормон дейді. Вазопрессин шектен тыс азайса, несеп қалыптан тыс көп шығады (полиурия). Бұл гормон, сондай-ақ қан тамырларын тарылтып, қысымын күшейтеді. Окситоцин жатыр еттерін жиырылтады, жатырдың жиырылуы, әсіресе толғақ кезінде күшейе түседі. Бұл гормон құрсақтағы нәрестенің тууын тездетеді, сүт түзілуін, оның шығуын үдетеді.
Гипофиздің ортаңғы бөлігінде меланотропин (МСГ), яғни интермедин гормоны түзіледі. Бұл гормон терідегі питменттік жасушаларда бояушы түйіршіктерін көбейтіп, жасуша талшығын кеңейтеді және олардың біркелкі орналасуын қамтамасыз етеді. Мұның салдарынан тері қарайып кетеді. Адамның күнге күйген кезде тотығуы осығаң байланысты. Күн сәулесінің әсерінен интермедин әсері күшейіп, теріде қара зат фусцин түзілуі үдейді. Интермедин, сондай-ақ көздің ішкі қабатындағы пигмент жасушаларынан (псевдоподий) жалған бұтақ шығарып олардың аумағын кеңейтеді, сөйтіп көздің тор қабығындағы фоторецепторларды жарық сәулесінен қорғайды. Интермедин түзілуін де гипоталамус реттейді.
Категория: Биология және Экология | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Гипофиз
Просмотров: 1804 | Загрузок: 452 | Рейтинг: 4.0/2
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar