Главная » Файлы » Рефераттар » Биология және Экология

Домалақ без – Эпифиз
[ · Скачать удаленно (15.6Kb) ] 30.10.2012, 22:27
Домалақ без – Эпифиз
Эпифиз жеткіліксіз зерттелген безге жатады. Төменгі сатыдағы жануарларда (кесіртке, сүйекті амфибия, қосмекенділер) эпифиз бастың төбе аймағында орналасқан. Оның үстінде тек жұқа дәнекер тінмен жабылған тесік болады. Қабылдағыштық қызмет атқаруына байланысты оны төбе көзі деп атайды.
Сүтқоректілердің эпифизі орта мидың жоталас (дорсалды) бөлімінде төрт төмпешіктің жоғарғы аралығындағы тереңдікте орналасқан, кейбіреулер оны мидың 3-ші қарыншасының қабырға өсіндісі деп те атады. Бездің салмағы 100-180 мг. Бұл бездің барып ертеден білгенімен оның қызметсы осы кезге дейін белгісіз болып отыр. Көне және орта ғасырларда эпифизді «сана тізбегін» ақыл-ойды бақылайтын қақпақ, интеллектінің тепе-теңдігін қамтамасыз етуші, адамның «жаны» орналасқан сауыт деп есептеген.
Тәжірибе арқылы эпифиздін жыныс бездерінің қызметіне қатысы бар екені ғана дәлелденіп отыр. Айталық, бала эпифизінің ісігінде уақытынан бұрын жыныстық жетілу (мысалы, 15 айлық қызда эпифиздің ісігіне байланысты етеккір келген) байқалады. Эпифизэктомиядан кейін жануарлардың аденогипофизі өсіп ерте жыныстық жетілу басталады. Эпифиздің жыныс бездерінің қызметіне әсері, оның гормон бөлуімен байланысты.
Эпифиз бірнеше биологиялық белсенді заттар – мелатонин, серотонин, адреналин, гистамин т.б. бөлетіні анықталды. Олардың ішінде әсіресе мелатонин күшті әсер етеді (бұл зат көздің торлы қабатында да түзіледі).
Мелатониннің физиологиялық әсері.
1. Меланоиит жасушаларының қызметін тежеп, бақаның терісін түссіздендіреді.
2. Гипофиз арқылы әсер етіп жыныс бездерінің қызметін тежейді, яғни бұл гормон сүткоректілер организмінің репродукция қызметіне әсер етеді. Жас жануарлардың жыныстық жетілуін, ал ересек ұрғашы жануарлардың экстральдық күйлеу оралымын тежейді және жыныс безінің мөлшерін кішірейтеді, Эпифиздегі мелантонин мен серотониннің мөлшері жарыққа байланысты. Күшті жарық сәулелері бұл гормондар мен гипофиздің жыныс гормонының мөлшерін көбейтеді. Осыған байланысты жануарлар мен құстардың жыныстық белсенділігі маусым бойынша өзгереді, жазда және көктемде жедел күшейеді.
3. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда эпифиз организмде биологиялық «сағат» ролін атқарады, яғни биологиялық үрдістердің белсенділігі күн мен түннің ауысуына қарай өзгеріп тұрады.
4. Эпифиз басқа ішкі сөлініс бездерге де әсер етеді. Югославия ғалымдары оның қалқанша, қалқансерік, бүйрекүсті, ұйқы бездеріне әсері туралы көптеген мәліметтер жинаған. Жануарларға эпифиздің сығындысын енгізгенде олардың психикасы да өзгеретіні өте қызықты ақпарат. Мысалы, тышқандар мысықтан қорықпайды, тіпті шабуылшыл болып кетеді.
5. Эпифиз дене жылуын реттеуге (терморегуляция) қатысады деген де мәліметтер бар. Кейбір ғалымдар эпифизді жоғары дәрежедегі қыртысасты жылуды реттеуші орталыққа дененің қызғанын хабарлайтын »биологиялық термометр» деп қарайды.
6. Эпифиз су мен тұздың, әсіресе калий тұзының алмасуына қатысатыны анықталды.
7. Бірқатар ғалымдар эпифиз тінінен белсенді пинеалин деген затты бөліп алды. Ол белок алмасуына әсер етеді. Югославтық ғалымдар басқа ішкі сөлініс бездерімен бірге эпифиз организмнің сыртқы ортаның өзгермелі жағдайына бейімделуіне қатысады деп есептейді.
Қорыта келе, адам организмінде ішкі сөлініс бездерінің күрделі жүйесі жұмыс істейді. Ол жүйке жүйесімен бірге организмнің біртұтастығын қамтамасыз етеді. Қалыптасу бала (ұрық) іште жатқан кезеңде басталады. Туғаннан кейінгі онтогенезде гетерогенді, яғни уақыт бойынша әркелкі даму, содан соң – эндокринді жүйенің инволюциясы (кері қарай дамуы) жүреді.
Категория: Биология және Экология | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: эпифиз, Домалақ
Просмотров: 3236 | Загрузок: 438 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar