Главная » Файлы » Рефераттар » Биология және Экология

Қазақстан Республикасында экологиялық проблемалардың даму жағдайы және одан сақтану шаралары
[ · Скачать удаленно (38.5Kb) ] 30.10.2012, 22:24
Қазақстан Республикасында экологиялық проблемалардың даму жағдайы және одан сақтану шаралары

Жоспар:

Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Нарық жағдайында экологияның экономикалық
құқықтық мазмұны және әртүрлі нысандары.
2. Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық аспектісі .
3. Қазақстан Республикасында экологиялық
проблемалардың даму жағдайы
және одан сақтану шаралары.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.
Бүгінде Жер атты халқы планетаны мекендеген адамзат баласының алдында оның болашағын айқындап, шешуші екі проблема тұр. Оның бірі – ядролық соғыс қауіпі болса, екіншісі күннен – күнге шйеленісіп келе жатқан экологиялық қатер дейміз. Бұл екеуі де әлде бір құдірет күшінің әсерінен емес, адам баласының өз санасының әсерінен емес, адам баласының өз санасының әмірімен дүниеге келгенін материалистік тұрғыда ойлайтындардың кез-келгені түсінеді. Түсінеді де, өз қолымен жасағанын өз мойнымен көтеру түн ұйқысын төрт бөліп дөңбекшиді, төніп келген төтенше қатерден шығудың жолдарын іздеп шарқ ұрады. Осы бір жан ұшырған, жанталасқан адамды ертегіде айтылатын қырық бірінші құпия есікті ашып алып, енді соны жаба алмай әлектенген байғұспен ғана салыстыруға болар еді. Бүгінгі экологиялық тепе-теңдік жолындағы жаппай дамудың түп-тамырын, табиғат тазалығы жолында көпшілік қозғалысының себеп-салдарын, міне, осы төңіректен іздестіру керек шығар.
Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі көбіне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәнінде қуіп төндіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстың жағдайларды тез кез-келген аймақтардан көруге болады.
Экологияның танымал сөзге айналғаны соншалық, оны не болса соған – тазарту ғимараттарын салуға, жерді пайдалануды аймақтық деңгейде жоспарлуға, қағазды қайта өңдеуге және көкеністерді тек органикалық тыңайтқыштарды пайдалана отырып өсіруге айдар етіп таға салатын болды. Осы іс – әрекеттердің бәрі аса қажет екендігіне қарамастан, мұның ар жағында көбіне ойыңды әдеттегі талай сыннан өткен ережелер бойынша жүргізбей, табиғат заңдарын сорақылықпен бұзғанымыз үшін табиғаттың өз үмітімен бізге берер соққысын жеңілдетумен лайықты жазаны аз да болса кемеуілдетуге тырысуымыз керек.
Қазіргідей жаппай жаңару мен жаңғыру кезінде болып жатқан революцияның өзгерістерді әркімнің әрқалай қабылдауы заңды. Жан тыныштығын күтпеген, кешегісімен күн кешкен бей күнә жандардың « жаппай қозғалыс », « экологиялық дүмку » секілді бойында қаны мен жаны бар сөздерді ә дегеннен тасырқап, тосау қабылдауы да мүмкін. Оның үстіне адам психологиясы мұндайда тәттіні көп жеген баладай тез тойып, өз әрекетінен өзі жеріп шыға келетіні тағы бар. Ендеше экологиялық қозғалыс төңірегінде болып жатқан әр алуан талас – тартыс пен экология насихатының бүгіні мен болашағы кімді болса да салғырт қалдырмаса керек.
Білімнің барлық салалары сияқты, экология үздіксіз дамып келеді, басқа ол бірде тез, бірде баяу болып отырады. Гипократтың, Аристотельдің, басқа да көне грек философтарының еңбектерінде айқын экологиялық сипаттағы деректер бар. Сонымен бірге гректер « экология » деген сөзді білмеген. Бұл салаға « биологиялық қайта өрлеудің » XVIII – XIX ғасырлардың көптеген көптеген қайраткерлері де өз үлесін қосты. Мысалы, XVIII ғасырдың басындағы алғашқы микроскоппен зертеушілердің бірі ретінде көбірек танымал болған Ангол вон Левенгук, сонымен қатар осы күнгі экологияның маңызды екі саласы – « қоректі тізбектерді » және
« популяция санының »динамикасын зерттеудің пионері болып табылады.
Дербес ғылым ретінде экология шамамен 1900 – шы жылы қалыптасты. Экология термині 1869 жылы неміс биологы Эрнест Гегель Ұсынған болатын. Демек, бір шама жас ғылым, сонымен қатар экология қазір қауырт өсу кезеңін басынан кешіріп тіпті одан ары өсі барады. Экология сөзбе –сөз аударғанда – тіршілік мекені туралы ғылым.
Авторлар неғұрлым дәл және қысқа тұжырымдама беруде бір – бірімен жарыса отырып, бұл ғылымға ең толық анықтама Эрнест Гегельдің өзі бергенін естен шығарып алады. Гегель айтқан: « Экология деп, біз табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді – жануарлардың оны қоршаған ортамен, әсіресе оның өзімен тікелей немесе жанама қатысатын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қатынастық әрекеттерінің бар жиынтығын зертеуді түсінеміз. Бір сөзбен айтқанда, экология – Дарвин тіршілік үшін күресті туындатушы жағдайлар деп атаған, барлық күрделі қарым – қатынастарды зерттеу болып табылады».
Кез – келген ғылым санасы сияқты, экологияның екі аспектісі бар. Оның бірі таным шеңберін кеңейту. Бұл бағытта бірінші орынға табиғат дамуының заңдылықтарын және оларды түсіндіру қойылады. Екіншісі – жинақталған білімдерді қоршаған ортаға қатысты проблемаларды шешу үші қолдану. Экология маңызының барған сайын артуын – практикалық маңызы бар бірде-бір ірі мәселе табиғаттың жанды және жнсыз компоненттері арсындағы байланыстарды ескермей шешілмейтіндігімен түсіндіруге болады.
Экологияның практикалық нәтижесі ең алдымен табиғатты пайдалану мәселелерін шешуден көрінеді. Тек экология ғана табиғи ресурстарды пайдаланудың ғылыми негіздерін құрай алады. Бұл ретте, табиғи прцестердің негізінде жатқан заңдылықтарды ескермеу табиғат пен адам арасындағы елеулі қайшылықтарға әкеліп соқтырғанын ата кеткен жөн.

1. Нарық жағдайында экологияның
экономикалық құқықтық мазмұны
әр түрлі нысандары.
Қозғалыс табиғатты қорғау жөжінен әлемдік ауқымда қаралатын, кейінге қалдыруға болмайтын және жоғары имандылықты талап ететеін мәселе болып табылады. Адам мен табиғаттың қарым – қатынасы экологиялық – экономикалық қатынас ретінде қарала бастады.
Біздің республикамыздың териториясы көлемі жағынан әлемде алтыншы орындға ие. Менделеев таблицасындағы 105 элементтің Қазақстан қойнауынан 99 – ы табылды, 70 – інің қоры зерттелді, өндірісте 60 – тан пайдаланылуда.
Қазақстанда отын өндірісі: көмір өндіру, мұнай және газ өндіру, түрлі – түсті металургия; мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және титан – магни өндірісі, қара металургия : сапалы қара металургия өндірісі дамыған. Осы өндірістер суды, ауаны, жерді, жер қойнауын бүлдіріп қана қоймай, барлық тіршілік дүнйесіне әсерін тигізеді.
Климатологтардың пікірі бойынша, республика териториясында климаттық антропогендік өзгерістері бар екендігі дәлелденген. Өлім деңгейі бұрынғы КСРО елдерімен салыстырғанда екі есе көп, ал балалар өлімі жағынан әлемде ең арттағылардың қатарында.
Экология ең негізгі саяси проблемаларға айналды. Қазақстан экологиялық жағдайының мұншама қайғылы болуының ең басты себептерінің бірі өнер кәсіп орындары мен ведоиставаларға табиғатты қорғау қазіргі кезде экономикалық жағынан тиімді болып отырғанында. Экономикалық реформа ғана бұл жағдайды түпкілікті өзгерте алады. Барлық табиғи байлықтардың құны мен қожайыны болуы керек. Табиғатты пайдаланудағы бейбастықты тек қана экономикалық жағынан мүдделі субъект тоқтата алады.
Табиғаттың жалпы күйзеліске ұшырауына кінәлілердің бірі ғылыми техникалық прогрес.
Ертеңгі күннің технологиясы қандай болуы қажет ? Экологиялық тұрғыдан қарағанда, табиғатты пайдалану технологиясын табиғатпен бірлесе қызмет технологиясына көшу бағыты дұрыс деп есептеледі.
Әлемнің ірі – ірі қалаларында ауаны ластаудың 2/3 бөлігі автомобиль транспортының үлесіне тиеді. Табиғатты бүлдіруге ат салысып жүрген негізгі он бүлдірушінің ішіндн, БҰҰ – ның таблицасы бойынша, автомобильден бөлінетін көміртегі екінші орында жүр.
Категория: Биология және Экология | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: сақтану, жағдайы, экологиялық, Қазақстан, Республикасында, проблемалардың, шаралары, және, даму, одан
Просмотров: 2980 | Загрузок: 533 | Рейтинг: 5.0/2
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar