Главная » Файлы » Рефераттар » Биология және Экология

Қарақұйрық
[ · Скачать удаленно (67.5Kb) ] 30.10.2012, 22:20
Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………….3
І.Қарақұйрықтың кәсіптік маңыздылығы…………………………………………….6
1.1 Қарақұйрытың тіршілік ортасы…………………………………………6
1.2 Марал шарушылығының кәсіптік маңызы…………………………………….18
1.3 Бал арасының кәсіптік маңыздылығы және халақ щаушылығына тигізер әсері…………………………………………………………………………………………….19
ІІ.Қазақстандағы мал шаруашылығы…………………………………………………..26
2.1 Қазақстандағы кәсіптік маңызы бар мал шарушылығы…………………26
2.2 Оңтүстік Қазақстандағы қаракөл шаруашылығының маңызы………36
Қорытынды…………………………………………………………………………………………….46
Сілтемелер………………………………………………………………………………………………49
Әдебиеттер тізімі…………………………………………………………………………………….50

Кіріспе.
Көне тарихы бар Қазақстан жері сонау ертеден-ақ табиғи байлықтары мол өлке. Ұзақ жылдар бойы аң терілерін дайындап, мемлекетке өткізуде Қазақстан екінші орын алып келген. Бұрынғы Одақ бойынша ауланатын 60 түрлі терісі бағалы аңдардың 52-сі Қазақстаңда кездеседі. Халықтың аң терілерінен істелген жылы киімдерге, тауарларға деген талап-тілегі өскен сайын, болашақта бұл аңдардың санын көбейту және оны тиімді пайдалану ісі түбегейлі проблема болып отыр. Жасыратыны жоқ, терісі бағалы аңдардың саны жыл сайын азайып келеді. Олардың құрып кету қаупі бар. Солардың ішіңде тауда — барыс, қызыл қасқыр, ақ тырнақты аю, құдыр, мензбир суыры, арқар, ормандарда — орман сусары, бұлан, шөл және шөлейт аймақтарда қарақұйрық, үстірт арқары, қарақөл, гепард, су жағасында — камшат, қара күзен, құндыз, жұпар тышқан сияқты хайуанаттар мекендейді. Қазіргі таңда бұл аңдар сирек кездеседі. Шетелдік тәжірибеге көз жіберетін болсақ, қорықтарға Германияда барлық жер көлемінің 2,4%, Англияда 4%, Жапонияда 4,22%, Оңтүстік Америкада 2,5%, Жаңа Зелаңдияда 5,93%-і жер бөлінген. Ал Болгарияда 100 мың шаршы километр жерге 27, Польшада 11 қорық пен табиғи бақ орналасқан.
Қазақстандағы бар болғаны 7 қорықтың жер көлемі республикамыздағы барлық жердің 0,15%-не ғана тең.
Табиғат — қоғам байлығы. Оны қорғау баршаға ортақ мәселе. «Жері байдың — елі бай» деп халық бекер айтпаған. Сондықтан да туған елдің табиғи байлықтарын қорғау оларды тиімді пайдалану, қолда бар байлықты еселеп көбейту бүгінгі күн тақырыбы[1]
Қарақұйрық — қазір жер шарыңда сирек кездесетін және құрып бара жатқан хайуанат ретінде «Қызыл кітапқа» енгізілді. Соңғы уақытта қарақұйрық Қазақставда Үстіртте, Бетпақдаланың біраз жерлеріңде, Зайсан ойпатьшда тіпті жойылып барады. Бұл хайуанат аздап әлі де Қызылқұм мен Мойынқұмда, Сарыесік-Атырау құмдарыңда кездеседі.
Қазіргі таңда табиғат байлығын қорғап, қадірлей білу мәселесі бүкіл жер шары үшін аса маңызды проблемалардың бірі болып отыр. Саналуан табиғат байлықтарының бірі жануарлар дүниесі екені белгілі.
Терілерінің мехтік шикізаты екі топқа бөлінеді: 1-ші топқа қаракөл қойлары қозыларының өлі туған және туғаннан кейінгі үш күңдік қозыларының терісі жатады. 2-ші топқа қырқылған немесе жүндес қойлардың терілері жатады. Қаракөл мех шикізатына қаракөл тұқымды қойлардың қозылардың терісі алынады. Түрлердің жүңді жабыны ерекше әдемі жалтыраған, бұйра-бұйра, ирек әртүрлі формада болып келеді, оны елтірі деп атайды. Елтірі — туғаннан кейін 2—3 күн ішінде сойылған қозы терісі. Елтірі қойдың қаракөл, Соколов, Рапштилов деген тұқымдарының қозыларынан ғана алынады. Бұлардың ішінде ең сапалысы және көп өндірілетіні — қаракөл елтірісі. Соңдықтан елтіріні әдетте к,аракөл деп атайды. Елтірінің шелі жұқа және терісі ете берік, елтіріден тігілген киімнің жеңіл және мықты болуы осы қасиетіне байланысты. Қозы туғаннан кейін 7—12 күнге дейін сойылмаса, жүні өскендіктен бұйрасы тарқалып, елтірінің сапасы төмендейді. Енесі буаздығының 135—140 күндерінде сойылып алынған қозының елтірісі қаракүлше деп аталады, олар жоғары бағаланады. Елтірінің сапасы мен құңдылығы түгінің бұйралылығына, түсіне, мөлшеріне байланысты. Елтірі бұйра гүлінің жалпақтығына қарай ұсақ бұйра гүлді (ені 4,5 мм-ге дейін), орташа гүлді (ені 4,5—7 мм), ірі бүйра гүлді (7 мм-ден артық) деп бөлінеді. Орташа бұйра гүлді елтірі сапалылығы жағынан жоғары бағаланады.
Елтірі түсіне қарай қара, сүр қызғылт қоңыр (суыр) болып келеді. Жүннің өн бойының түіі біркелкі болмайтын, түгішң түбі қоңыр, үш жағы бірте-бірте көгілдір, ақырында ақшыл келетін елтіріні сұыр деп атайды. Жүннің бұйра-сына қарай моншақ гүлді және толқын бұйралысы жоғары бағаланады. Мұнымен қатар серпімділігі де елтірінің қасиеттерінің бірі. Жүні сирек елтірінің бұйрасы тез жазылып кетеді.
Елтірі сапасы және оны өндіруде Қазақстан дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірін алады. Мехтік шикізатқа қаракөл қойларынан басқа терісі мех жасауға жарамды қой тұқымдары пайдаланылады. Олар: қазақтың арқар-мериносы, етті, биязы жүнді қой түқымдары.Қазақтың солтүстік мериносы да жүндес етті бағытқа жатады.
Республикада қой терісінен мех жасайтын ірі-ірі Алматы, Орал мех комбинаттары және Семей тон дайындайтын фабрикалары бар. Алматы мех комбинатында қой терісінен басқа ондатра, түлкі, ақ түлкі бұлғын, күзен, қоян және т. б. терілер өңделеді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:Қазақстан жері табиғи ресурстарға бай, мол өлке. Кең байтақ республика жерінде құнды тері, дәмді ет дайындаудың бір көзі — кәдімгі жай қорғау шаралары жәрдемімен бағалы және сирек кездесетін жануарларды сақтап қана қоймай, олардың санын кәсіптік тұрғыдан аулау мөлшеріне дейін жеткізу.
сайын артып кемелдене түсуде.[3]
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті:Қоршаған ортаның аса маңызды байлықтарының бірі — жануарлар дүниесі. Ол — өнеркәсіптік, дәрі-дәрмектік шипалы шикізат, тағамдық өнімдер мен адам қажетін өтеуге керекті басқа да материалдық игіліктер алу үшін пайдаланылатын табиғи ресурс болып табылады.
Зерттеу жұмысының обьектілігі.Сонымен қоршаған ортаның белгілі бір бөлігінде жануарлыр қорының молайып, сол қалпында сақталуы ең алдымен көбіне сол жердің жергілікті адамдарының қоршаған орта мен оның табиғатына деген көзқарасы мен жанашырлығына байланысты болатынына толық көзіміз жетті.
Дипломдық жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс 3-тараудан,2-бөлімнен тұрады.Бұл дипломдық жұмыста Қазақстандағы және Оңтүстік Қазақстан бойынша кәсіптік маңызы бар жануарлар қамтылған.
1.Қарақұйрықтың кәсіптік маңыздылығы.
1.1 Қарақұйрытың тіршілік ортасы.
Туған елге, оның табиғатына деген адамның көзқарасы бәрінен ерекше. Табиғатты бастапқы қалпынан өзгертуші де, оны жасартып, гүлдендіруші де адам.
Адам — қоршаған ортаның аялаушысы, қадірлейтін қорғанышы. Совет адамдары үшін туған табиғат пен өскен ел бірінен бірі ажырамас, тұтас ұғым. Сондыңтан да олардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігі мен мейірбандығы, қамқорлығы мен табиғатқа деген көзңарасы да жыл.
Жануарлар дүниесінің ғылыми, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттар үшін де маңызы зор. Сондықтан да олардың санын өсіру, басқа жерлерге жерсіндіру және қорғау бұл күнде бүкіл дүние жүзі үшін аса маңызды іске айналып отыр.
Біздің елімізде бұл іске үлкен мән берілген. Бізде тіршілік бесігі — табиғатты қорғау ісіне әрқашан да көңіл бөлініп келеді. «Қорықты территориялар мен ұлттық парктердің ғылыми негізделген жүйелерін қалыптастыру ісі одан әрі жүргізілсін және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатымен солардың негізінде табиғат жүйелері мен объектілеріне зерттеу жүргізілсін. Жабайы жануарлардың санын үйлесімді түрде көбейту және табиғи су айдындары мен бөгендерде балықтың бағалы түрлерін көбейтіп, қалпына келтіре өсіру жөнінде шаралар жүзеге асырылсын»,— деп жазылуы үкімет табиғат қорғау проблемасын әрқашан да алдыңғы кезекке қойып отыратынын айқындайды.
Категория: Биология және Экология | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Қарақұйрық
Просмотров: 2533 | Загрузок: 471 | Рейтинг: 2.7/3
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar