Главная » Файлы » Рефераттар » Биология және Экология |
Қан тамырларының жіктелуі
[ Скачать с сервера (241.0 Kb) ] | 26.01.2013, 19:21 |
Қан тамырларының жіктелуі .
Жалпы сипаттамасы. Қан тамырлар жүйесіне: артериялар, артериолалар, гемокапиллярлар, венулалар, веналар мен артериола – венулярлы анастамоздар жатады. Артериялар мен веналар арасындағы анастамоздарды құратын микроциркуляторлы арналар болады. Бұл қан веналық қанды әкететін өкпелік артерияны есептемегенде оттегіге қанық. Вена арқылы қан жүрекке келеді. Гемокапилярлар артерияны көк тамырмен жалғастырады. Онымен қатар аттас екі артериялар арасында (мысалға бүйрек артериялары ) болатын ғажайып торлар деп аталатын бөліктер де бар. Қантамырлары қайсысы болмасын қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі ( tunica intima) ортаңғы (t.media ) сыртқы (t.adventita) Бұлардың қалындығы мен тіндік құрамы әр түрлі. Артерия және олардың түрлері. Артерия құрылысының ерекшеліктеріне сәйкес үш топқа бөлінеді: эластинді, бұлшық етті және аралас (эластинді және бұлшық етті). Бұлардың ерекшелігі ортаңғы қабығында. Эластин типті артериялар Эластин типті артерияларға қан жоғары қысыммен (120-130 сынап бағ.) және үлкен жылдамдықпен жылжитын (0.5-1.3) ірі қолқа мен өкпе артериясы сияқы тамырлар жатады. Бұл тамырлар қанды тікелей жүректен, не соған жақын қолқа доғасынан келеді. Ірі калибрлі артериялардың алдымен транспортты қызмет атқарады. Қабырғасында эластинді элементердің көп болуы (талшықты мен мембраналар) бұл тамыларға жүректің сиастоласы кезінде созылуға, диастоласы кезінде бастапқы қалпына келуге жағдай жасайды. Эластинді тамырларға мысал ретінде аорта – қолқа құрылысы алынған. Қолқаның ішкі қабырғасында эндотелий, эндотели асты, эластин талшықтарының өрімі бар.Адам қолқасының эндотелиі базальды мембранада орын алған, пішіні мен мөлшері әр түрлі жасушалардан тұрады. Мұндай жасушалардың (эндотелиоциттердің) ұзындығы 500мкм, ені 150мкм болады. Эндотели асты қабатының қалыңдығы жалпы қабықтың 15 – 20% қалыңдығындай, жіңішке фибирилярлы жұлдыз тәрізді жасушалар мен миоциттерден тұрады. Эндотели астындағы ішкі қабықтың құрамында эластин талшықтарының өрімі бар. Қолқаның ішкі қабығының жасуша аралық аймақта гликоза амингликондар мен фофолипидтердің көп мөлшерде болатыны анықталды. Олардың трофикасында атқаратын рөлі зор. Бұлардың физика – химиялық жағдайы тамыр қабырғасының өткізгіштік дәрежесін анықтайды. Орта жастағы және қарт адамдардың жасуша аралық затында холестерин мен май қышқылдары болады. Қолқаның ішкі қабығы жүректің шыға берісінде үш қалта тәріздес қақпақша құрайды (жарты ай тәріздес клапан қақпақшасы болады). Қолқаның ортаңғы қабатының – құрамында көп мөлшердегі эластинді элеметтер бар, бұл оның негізгі каркасын құрайтын қабығы. | |
Просмотров: 2240 | Загрузок: 1190 | |
Всего комментариев: 0 | |