Главная » Файлы » Рефераттар » Қазақ әдебиеті |
[ Скачать с сервера (54.0 Kb) ] | 02.09.2014, 10:46 |
Әлем әдебиетіндегі сентиментализм
...Өткен ғасырлар үлесіндегі әлем әдебиетінде көптеген әдеби ағымдардың болғаны баршаға аян. Сол ағымдардың ішіндегі 18-ғасыр дың екінші жартысы мен 19-ғасырдың басында дамыған ағым – сентиментализм. Сентиментализм (французша сезім, сезімталдық деген сөздерден алынған ). Бұл көркем әдебиеттегі ағым Ағылшын және басқа Еуропа халықтарының әдебиетінде кеңінен өріс алған. Ағылшын әдебиетінде сентиментализмді орнықтырған жазушы Л.Стерн. Оның «Франция мен Италияға сентименталдық сапар» атты романы Еуропа елдерінде кең қанат жайды, орыс тілінде аудармасы да жарық көрді. Сентиментализм жеке адамдардың жан дүниесін, көңіл - күйін суреттеуге ерекше мән береді. Бұл бағыттағы қаламгерлердің шығармаларында жанұялық тұрмысты, күнделікті тіршіліктің жеке көріністерін баяндауға, ұсақ және орта буржуазия, қолөнершілер өмірін сипаттауға көп орын береді. Әдебиетте психологиялық роман, повесть, естелік, сапарнама секілді жанрлық түрлер көбірек қолданылатын болды. Шығармалардың комппозициялық өрнегін, сюжетін құрғанда да жазушы баяндалатын оқиға-жайларды адамға қаншалықты әсер етіп, қандай сезім туғызатынын алдымен ескереді. Яғни жазушы әр түрлі өзара тікелей байланысы жоқ оқиға-жайларды, егер соларға ерекше мән берген болса, бір-біріне жанастырып, еркін баяндап отырады. Айтылып отырған оқиғаға табиғат суреттерін, жазушылардың өзінің әр түрлі сезім-әсерін және сондай басқа жанама жайларды қосарлап береді. Орыс әдебиетіндегі сентиментализмнің ең көрнекті өкілі Н.М Карамзин болды. Карамзиннің «Бедная Лиза» атты повесінен сентиментализмнің негізгі сипат-өзгешеліктерін көреміз. Жазушы өз еңбегімен күнелткен кедей қызды жан ашырлық сезіммен суреттеп оның жан дүниесінің нәзіктігін, тереңдігін бейнелейді. Төменгі таптың өкілі қарапайым адамды былай суреттеудің өз дәуірінде қоғамдық рөлі зор болғаны сөзсіз. Алайда осы шығармадан сентиментализмнің осал тұстарын да көреміз. Карамзиннің төменгі тап өкілдерін суреттегенде олардың ауыр халін, қатты қанау, қыспақ көріп отырғанын дұрыс ашып көрсетпейді. Мұны егер Карамзин шығармаларын сол кездегі патша үкіметінің озбырлығын әшкерелеп көсететін төңкерісшіл жазушы Радищевтің шығармаларымен салыстырсақ анық аңғарамыз. Көркем әдебиеттегі сентиментализм ағымына өз үлесін қосқан қазақ ақын-жазушылары мен сал-серілерінің туындылары нағыз ішкі сезімнен туған шығармалар екенін байқау қиын емес. Солардың ішінде Ақан сері Қорамсаұлы, Біржан сал Қожағұлұлы сынды тағы да басқа сал-серілер мен ақын-жыраулардың туындыларын сентиментализм ағымына жатқызуға болады. Қазақ әдебиетінің 20-ғасырдағы даму жолы халқымыздың сол тұстағы тарихи-әлеуметтік жағдайына байланысты болды. Бұл ғасырда қазақ қоғамы бұрынғы дәуірлерге қарағанда біраз өзгерістерді басынан өткеріп, ілгері өрлеуге бет бұрған-ды. Халыққа Еуропалық өнердің есігі ашылып оқу, өнер-білім самалы қазақ даласына жайылды. Қазақ ақын-жазушыларының шеберлігі бұл тұста арта түсті. Олар ұлттық әдебиеттің дәстүрлі жетістіктерін жете игеріп қана қоймай, ілгері іздене берді. Батыс пен Шығыс поэзиясына қолдары жетіп өрісін ұзартты. Қазақ поэзиясы бұрынғы өсиет өлең, арнау, толғау, жыр сияқты басым болып келген ескі жанр түрлеріне жаңалықтар қосты. Қазақ лирикасының өзі сан түрлі жаңа жүйелермен байи түсті. Лириканың бұрын дидактикалық сарыны басым болса, енді оның суретті, пейзажистік, образдылық жақтары бой ала бастады. Адамның арақатынасы, махаббат сезімдері, ішкі психологиялық дүниесі нәзік лиризммен әсерлі бейнеленіп, адамның іші мен сырты бірдей әдемі, жоғары адамгершілікпен ұштасуы көкселді. Адам өмірі жан-жақты жырланып, қоғамдық сана,философиялық ой-тұжырымдары, дәуір жаңалықтары кеңінен жырға қосылды. Ұлы Абай қазақ поэзиясында жаңалық жыршысы болып, оның реалистік бетін ашса, музыка өнерінің қазақ топырағындағы жаңа бағытын Біржан мен Ақан бастап берді. Бұлардың өнерімізді дамытудағы әсерлері, олардың өскен орталары, алған өнегелері, творчестволарының қайнар көзі-бәрі сабақтас. Қазақтың сал-серілері атанған Біржан мен Ақан шығармашылығы біз тілге тиек етіп отырған сентиментализмнің озық үлгілері десек те болады. Олар өзінің дер шағындағы талант табыстарын түгел дерлік жас ұрпаққа арнап, солардың жүректерін тебірентер тамаша туындылар жасады. Жоғары адамгершілік идеяларға толы өміршең поэзия, асқақ та әсемән әуендерін қалдырды. Жастық дәуреннің кеудені кернеген армандарын, басына түскен мұңын, адамның жан сұлулығы, мөлдір махаббат сезімдерін жылуы мол жалынды жырмен толғап, әсем әуенмен аспандата әндетті. Көптеген сазды, сәнді лирикалар қалдырды. Мәселен Біржан өлеңді ән үшін, әнді өлең үшін шығарған. Сондықтан олар өзара біте қайнасып, бірігіп кеткен туындылар. Ғашықтық лирикаларындағы нәзік сезім дүниелерін ол асқан ақындық шабытпен жүрек тебіренте жырлап берді. Жастар жүрегінің қылын шертіп, іштегі жасырын сырларын ақтара ашады. Махаббат күйігіне душар болғандар характері, олардың эмоциялық сезім-серпіндері қоғамдық-әлеуметтік шындықтарға байланыстырылып, биік идеялы сатыға көтеріледі... Осылайша, лирикалы реалды өмірден туып, әлеуметтік қорытынды жасайды. Адамгершілік ақылдар ұстанады. Біржанның ақындық құдіретін жете танытқан оның айтыстары. Әсіресе, Сарамен айтысы. ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары айтыстары ішінде бұл айтыстың алатын орны ерекше. Өзінің идеялық мазмұны жағынан да, көркемдік, образдық сипаттармен де, ол нағыз әдеби шығарма. Осы айтыста Біржан мен Сара қазақ қоғамындағы келеңсіз жайттарды, кереғар пікірлерді сынға алады. Әлеуметтік мәселелерді көтереді. Білімді, дана ақындардың әр сөзінде қазақ өлкелерінің байлығы, тарихи адамдары, қоныс мекендері, әр елге тән әдет-жоралғылары білгірлікпен баяндалады. Қазақтың ескі өміріндегі жағымсыз салттарға құрбан болған арулардың аянышты тағдырына жоқшы болып, оның тамырына балта шабар кездің жақын қалғанын Арқаның дауылпазындай Біржан Алатау алқабына жарлап жыр төкті. Ешкімнен қорықпастан қазақтың үз жүзін жалғыз аралап, махаббат азаттығын, әйел жұртының еркіндігін талап етіп, алты қырдан асыра асқақ ән шырқады. Әйел затының азаттығын көксеп өтті. Адамгершілікке, адал достық, таза махаббатқа үндеді. Аруды есекке қосақтамай, азғынға қор қылмай, теңіне қосып, күңдіктен құтқаруды талап етті. Ақынның бұл ниеттері – оынң талай аруларға арналған жырларынан да, Сара қызбен айтысынан да айқын көрінетін өзекті идеялары, асқақ армандары. Осы арада қазақтың ақыны, композиторы Біржан сал мен орыстың жазушысы Н.М. Карамзиннің шығармаларында біршама ұқсастықтар бар. Жаңағы айтып отырған Біржан салдың көтерген мәселелері, арман-ойлары Карамзин туындыларында да ұшырасып қалады. Айталық, жазушы «Бедная Лиза» повесінде дворян жігіті мен қарапайым қыздың арасындағы махаббатын суреттейді. Карамзиннің ойынша барлық адамдар бірдей сезінуі тиіс. Кедей шаруалармен қатар жер иеленуші помещиктер де махаббаттың қайғысын ұғып, қуанышын білуі қажет. «Бедная Лиза» повесі лирикалық көңіл-күйге құрылған шығарма. Бұл шығарманы оқығанда оқырман жүрегінде үлкен сезім күші пайда болып, жанарына жас тығылары айдан анық. Жалпы бұл туынды адамзат баласын гуманист болуға тәрбиелейді, адам атаулыға бір-бірін жақсы көруді насихаттайды. Кедей шаруалар өзінің сол өмірінде де бақытты бола алады деген байламға келеді. Махаббат рахаты жанұялық қуаныш сияқты сезімдерді игере отырып, шаруалардың бақытты өмір сүретіндеріне сенеді. Мейлі олар үстем тап өкілдері болмасын. Қуаныш пен қайғы бай кедей демей жалпы адамзатқа ортақ нәрсе дегенді Карамзин осы повесінде көрсетеді. Жалпы Карамзин шығармалары романтикаға толы туындылар болып келеді. Осындай романтикалық шығармасының бірі «Остров Бронгольм» повесі. Бұл повестің сюжеті Батыстың ерте романтикалық дәстүрі үшін өте қарапайым: екі жас ғашықтың бір-біріне деген заңсыз махаббаты, мөлдір сезімдері беріледі. Сонымен бірге сезім бостандығы, махаббат бостандығы үшін күрес жамандыққа, әділетсіздікке қарсы бағытталады. Аталған повесть арқылы Карамзин өзінің романтикалық сипаттағы шығармасына жаңа стиль енгізеді. «Остров Бронгольм» повесіқұпиясы мол жұмбақ туынды. Біз одан біреулердің бақытсыздықтары мен айырылу қайғысын, әлсіз махаббаттарын көреміз. Бірақ олар кімдер, неғылған жандар, есімдері кім... білмейміз.Олардың кінәлары не, өздерінің арасындағы сезімдерін заң неге талқылайды-бәрі құпия түрде. Мүмкін ол екеуі ағалы-қарындасты жастар? Автор пікірінше бұл құпияның ашылмағаны дұрыс. Егер әуел бастан бәрі белгілі болса, повестің қызығы кетер еді дейді. 1796 жылы жарық көрген Н.М. Карамзиннің тағы бір повесі «Юлия». Бұл шығарма орыс әдебиетіндегі психологиялық және тұрмыс-салт тұрғысынан жазылған алғашқы повестердің бірі. Шығармада мәдениетті ортадан шыққан, әдемі қыз Юлия мен қарапайым ауыл жігіті аристің арасындағы махаббат және үшінші болып, екеуінің арасына кіріскен жоғары лауазымды бай жігіттің іс-қимылы, ойлаған ойы толық суреттеледі. Князь жігіті Юлия мен Аристі бөлугі қанша айла-амал жасағанменақыр соңында Арист пен Юлия бірге бақытты ғұмыр кешеді. Юлия-бұл әйел затының ішкі жан-дүниесінің өсуін көрсететін повесть. Мұнда жеке адамның ішкі сезімі, психологиялық күресі көрсетіледі. Сонымен қабаттаса сол тұстағы адамдардың тұрмыс жағдайы да повесте қамтылған. Сентиментализм әдебиетіндегі өзіндік орны бөлек шығарма «Письма русского путешественника». Саяхат күнделіктері сол дәуірдегі Еуропада ең бір кең тараған әдеби жанр болған. Стерннің «Сентиментальное путешествие по Франции и Италий» атты шығармасы, Радищевтің кітаптары осы аталған жанрға жатады. Сентименталдық саяхаттың негізгі көңіл аударатыны қоғам мен әлеуметті, табиғатты көрсетудегі автордың көңіл-күйінің күйзелісі, ойлауы. Жанрлық жағынан Карамзиннің «Письмасы» радищевтің «путешествиясынан» немесе Стерннің кітабынан ерекшеленіп тұрады. Крамзин өзінің бұл шығармасында Батыс Еуропа халықтарының мәдениетін, тұрмыс-жағдайын, өнерін нақты береді. Міне қаламгердің жазған туындысының құндылығы осында. Бұлардың барлығы да сентиментализмнің ережелеріне саяды. Сондықтан да орыс әдебиетіндегі сентиментализм ағымына үлкен үлес қосқан көркенті қаламгерлердің бірі болып Н.М.Карамзин табылады. Осындай әдеби ағымның тағы бір өкіліне жатқызуға болатын адам қазақтың сал-серілерінің бірі-Ақан сері Қорамсаұлы. Ақан да, Біржан, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ сынды қазақ арасынан шыққан ақын, сері жігіт. Оның тамыры өз халқының ғасырлар бойы жасаған жан тебірентер жүрекке жылы ән -өлең, жыр-толғауларында. Өз халқымен қарым-қатынасы мол халықтар өнерінің шырын-шәрбәтін татып, тамсанып қана қоймай, оның нәрлі дәмін өз лирикасы бойына етене сіңірді. Биік те алғыр романтикаға ұласқан ғашықтыққа құштар сезімі орасан, жүрек тебірентер, жан жадыратар, өміршең лириканы дүниеге әкелді. Оның шығармалары- жастыққа, қарекетке толы өміршең, асқақ туындылар. Ақанның лирикалары-өмірге, болашаққа құштар жастың жан сезіміне, жүрек сеніміне суарылған асыл жырлар. «Біздің көңіл қайда жатыр», «Ішінде орта жүздің жүрмін шарлап», «Майда қоңыр», «Айкөк», «Сырымбет» тағы басқа өлең-әндерінің пафосы өте тамаша. Мұқалу, қажу дегеннің ізі де жоқ. Керісініше өмірге құштар, өжеттілік пен жігерліктің символы дерлік асқақ. Шалқар көлдің жадыраңқы бейнесін танытарлықтай аспан әлемаінде шарықтайды. Халық бойындағы қайраттың көрінісін сездіргендей өктем де өршіл. Өзінің «Әйелдер сипаты» өлеңінде әйелдердің қасіретін, қайға-мұңын термелей келе, ең жақсы деген әйел жұртына назар аударады, әйелдерді сыйлауға, бағалауға үндейді. Кім мінер ел көшкенде тауып атын, Адам көп танитұғын әйел затын. Дүниенің тұрақтайтын тұрағы екен, Гүл жүзді, сырлы сөзді жақсы қатын.
Әйелді сыйлау керек ескеріп біз, Оларға айту керек орынды сөз Жақсы әйелге көз салып бір қарасаң... Шығып кете жаздайды бойыңнан жан
Болғанда мұндай күйде заманамыз, Жай жатып сахарада қамаламыз. Болы, би ет пен майға мәз болуда, Қайткенде тура жолды таба аламыз...
Ел тізгінін ұстағандарды ақын осылайша дәл түсініп, әділет табу үшін бұлардан еш қайыр болмасына көзі жетеді. Ақынның «Нұртазаға», «Шоғырмаққа», «Парашыл оязной», «Бір болысқа» тағы басқа өлеңдері қазақ арасындағы болыстық билікті сынауға арналады. Ақан серінің ғашықтық лирикаларының бір тобы белгілі адамдарға арналады. Аттары аталып, түстері түстелетін өзінің ғашықтары: Ақтоты, Ұрқия, Жамал тағы өзгелері. Бұл саладағы ақын шығармалары бастан өткен қасіретті жайларды, сәтсіз армандарды асқақтата әнге қосса, «Нұрила», «Балқадиша», «Мақпал қыз», «Ақшабақ» тағы басқа аттас сұлулармен жай тілдесіп, олардың бас қайғыларына ортақтасады. Сұлуға деген ақын көңілі мөлдір. Оған салса махаббатқа ешбір кедергі, тежеу болуға тиіс емес. Ақан туындылары жастардың махаббат еркіндігін ту етіп аспанға көтеренін асқақ арманның ойы мен күні. Бас бостандығы жоқ қазақ қыздарының көз жасына суарылған мұңы мен мүддесінің қайнары. Екі жастың сезімін табиғи жырлайды.
| |
Просмотров: 710 | Загрузок: 356 | |
Всего комментариев: 0 | |