Главная » Файлы » Рефераттар » Қазақ әдебиеті

Көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе романы
[ · Скачать удаленно (42.5Kb) ] 07.11.2012, 14:27
Ш.МҰРТАЗАНЫҢ «ҚЫЗЫЛ ЖЕБЕ» РОМАНЫНДАҒЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ

Ж.Ж.Нурбаева, М.Қ.Ойтаева
Керімбай атындағы №12 мектеп-ресурстық орталығы, Тараз қ.

Әлемде әр халықтың ұлттың мақтанышына айналған перзенттері болады. Жүздеген жыл, бірнеше ғасырлар өтсе де талантты, бір тума азаматтрын елі ешқашан ұмытқан емес.
Неміс халық-Гетесін, ағылшындар – Шекспирін, орыстар Пушкині мен Толстойын, қазақтар Абай, Әуезов пен Момышұлын ұдайы қастерлеп ұлағатты сөздерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатыр. Сондай – сондай ұлы есімдердің арқасында, жан дүниесі басқа халықтарға да таныла бастайды. Бүгінде де туған елі қадірлеп, өзінің ұлы ұлдарының санатына жатқызатын жандар баршылық. Солардың бірі – Шерхан Мұртаза. Шерхан Мұртаза – халқымыздың осындай аяулы перзенттерін, оның маңдайында жарқыраған халық жулдыздарының бірі. Әр жұлдыздың туар сәті, тұрар орны болады, ақ сәулесін анық түсіре, айқын жарқырар шағы болады. Дәуір тынысын дөп аңғарып, оның талабына қарай қаракет еткен қайраткер адамға әрі – беріден сон уақыттың өзі қызмет етеді.
Жаны – жаз, кеудесі – күй ширағаның бергенімен берері мол екендігін біз білеміз.
Жазушы табиғатты жаратылыстың басқа да тірі организмі секілді өседі, өледі. Жазушы шеберлігінде қайралған қылыштай шыңдалады. Өтпейтін пышақтай мұқалып, сарытап болған жайлаудай өрісі бір деңгейден ұзамайтын жазғыштар көп.
Ылғи өсу, бір кезеңмен екінші кезеңі биік тартып, асып түсіп отыратын жазушы сирек. Сол сиректердің бірі–Шерхан Мұртаза. Бұған дәлел – қазақ прозасындағы «Абай жолы», «Қан мен тер», «Менің атым Қожа», «Үркер», «Боран», шығармаларымен қатар тұратын «Қызыл жебе», романы. Ол - әдебиетіміздегі кесек дүние.
Кезектігі – таңдап алған тақырыбының өтімділігіндегі емес. «Ата даңқымен қыз өтеді, мата даңқымен боз өтеді, қағидасы өнер табиғатына жүрмейді.
Қазіргі жалпыдай білімді дәуірде әр кезеңде болып тұратын зәру нүктені басып, жұрттың көңілімен шығуға деген дүниелері газеттік публицистика немесе проблемалық очерктің о жақ бұ жағында болса да, көркемдік талғамын күнделікті күйбеңтерлік күстендірген оқырман ауылған жереме тиіп кеткеннің бәрін дәрі деп қабылдайды.
Ал «қызыл жебенің» жөні бөлек. «Оян, Тұрар!» деп басталатын осы шығармасы маған тұтаспай.
«Оян, қоғам!» деп тұрғандай болып көрінеді. Жүректен шығып, жүрекке жететін жанайқай. Төмендігіміз, төске өрлегеніміз, төбеге шыққанымыз бар, бәріміз мезгілде осылай намысқа өртеніп, жанды жеп өмір сүрсек, өзгелерге өзегі түгілі өкшесін көрсетпеуге бейім өркөкірек елдердің қай құбылысынан да қайқайып тұрар едік.
«Қызыл жебені» жұрт Шерхан Мұртазаның Тұрар Рысқұловка қойған ескерткіші деп жатады. Солайы солай да шығар. Дегенмен, мен үшін «Қызыл жебе» ұрпақтан ұрпаққа қаһармандықтан мәңгілік аманаты, қоғамнан қоғамға есті ескертпе.
Жалпақ жемде ен жаны сірі жаратылыс – халық. Оның көретін құқайын жіпке тізіп айтқан кезде саусағыңды тістелеп отырып қаласын.
Қоғам ешуақытта бір сыдырғы мамыражай ғұмыр кешкен емес. Оның формациядан екінші формацияға ауысып отырды көп жағдайда қиян-кескі. Ал өз еркіндігі өзінде жоқ, басқаның бодандығында жүрген халықтар үшін ол барып тұрған қиямет –қайым. Тағдырының осы бір жазмышынан біздің халқымыз да қашып құтыла – алған жоқ. Большивизмнің авантюризм мен иноцидінен онсыз да царизмнің құлақкесті құлдығында жүрген халқымыз қақпатас сияқты қақпақылға түсіп, қамкөбек ойнап кетті. Мұндай шақта Тұрарлардың тарих сахнасына шығуы –табиғи заңдылық. Тұрарлардың тарих сахмасына шығуы, бойында о баста күрескерлік рухы тірі халықтың қасиеттің дәлелі.
Тұрар бойындағы күрескерлігінен табиғи заңдылығын әкесі Рысқұлдан жалғастырып та кетуге болар , бірақ бұл аз, Тұрарлардағы тектіліктің түп –тамыры тым тереңде . Ол сонау Керей мен Жәнібек көтерген қара шаңырақтан, «Қасым ханың қасқа жолы», «Есім ханның еске жолы», Абайдың ақ туы Кенесарының ұлт – азаттың көтерілісің бастау алады.
Дала жұрағаты заманалар бойытас қараңғыда қара аспанның қалың, қабатыңдағы қаптаған жұлдыздарға қарап жол тапқан. Дүниені алай-дүлей басып, жер мен көктін арасын көрінбей түтеген кезде жұлдызын жоғалтып алып, жолынан адасты не болмаса «Құдай салды, біз көндікке» мойын сұнып, қаранғылықты қымтанып қыбыр етпей жатып алды.
Дүниедегі шексіз қаныпезер, шексіз жұмбақ Иосиф Джугаливали мұны жақсы білді. Сондықтан да ол шексіз биліктің құдіретімен қазақ аспанының ішінде Тұрар Рысқұлов бар ең жарың жұлдыздарын жұлып тастады. Ұлы апат! «Қызыл жебе» авторы осы ұлы апаттан, тарихына өкінім- наламен ғана көз салмайды, сол бір алмағайып заман адамдарының қайраткерінен қаратұяқтарына дейін саясат, ой-сана, іс-әрекет тұрмыс ақиқатын іздейді. Осыны бағамдай отырып, Тұрар Рысқұлов пен Шерхан Мұртазаның дүниеге, халыққа, болашаққа деген ниеті, ой мақсаты, жасайтын қорытынды мен қабылдайтын шешімі қатар өмір сүріп келе жатқандай әсерде боласыз.
Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романның бастауы авторлақ баяндаудан басталуы. Романың көркемдік әлемнің күретамыры әке Рысқұлмен бала Тұрар.Бір қарағанда романның басталуы жай ғана хабарлау болып көрінгенмен, көп жайдан хабар беріп тұрғаның ғылыми тұрғыдан аңғаруға болар еді. Ен алдымен торға қамалған жай момын не айлакер не сотқа аң емес, тордағы даланың арыстаны мен жолбарысы.
Орыс пен қазақтың бір торға түсуі дегенің астарында не бар. Бұл заманның өз шындығы орыспен қазақ бір неше тапқан күреске түскен заманның шындығы. Яғни автор сөзінде әп дегенде замана шындығы қылан беріп, автордын арғы ойы, идеясы көрініс береді. Арыстан Рысқұлдың мінез құлқын бірден тану оңай емес. «Тіпті туған баласына мейірі түскен өзінде түрі ашулы сияқты көрінеді. Біреудің еркелеткенін көтеретіні де, көтермейтіне де білгісіз. Жалынан сипасаң күдірие түседі».(Ш.М. Рысқұл 9) Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романын оқи отырып, заманның шындығын, халық психологиясымен менталитетін танимыз. Әрі Рысқұл ой арқылы автордын өзінінде ішкі тыным иірімдері айқындалатын дауысыз. Сөйтіп жүргенде көрген Тұрар ғой, Тұрар деген атының өзіне әке байқұс бар үмітін артып еді. Енді соның өзін есейтіп, ес біліп қалғанда ажал құзғын айналдырып, тұзағын тамыла мойынға аяусыз таспап тұр. Намаз оқымас, ораза тұтпас Рысқұл енді сасып, амалсыз аллаға сыйынды. Ақ пайғамбардың сабилердің бірі Ұмай ананың есімдерін ішінен әлде неше рет атады. Бәйдыбек бабасына, домалақ атанған Нүрилә анасына сыйынды. Енді осыдан бала оңалып, құдай құат берсе, Түлкібас Жуалыдағы тұған жерге бір қайрылып, Қаратау қойнында, бала Бөген бойыда туған Бәйдыбек бабасы мен Домалақ анасының күмбезіне барып бас иіп, тәжім етуге ант берді. (Ш.М. Рысқұл 13 )Бұл нағыз қазақ баласының ойы.
Жазушы Ш. Мұртаза бұл шығармасын баяндау арқылы кейіпкерлердің жан дүниесі айқындалмай қоймайтындай оқиғалар игімен, тартыс табиғатын талдауда алғырлық танатқан. Кейіпкерлердің аса үлкен шеберлікпен бере білген. Сөзіміз дәледі болу үшін шығарманың басты кейіпкері болып саналатын Тұрардың партреттіне назар аударып көрелік, Мысалы: Аласа төсектен салбыраған арық қолды қонқық мұрын тәуіп шал әлі ұстап отыр. Арықтықтан баланың шыңдығы шодырайып, шығып тұр. Топ толық қарулы бала енді қауқарсыз сүлде сүйік боп қалған қара торы өңі қазір боп боз. Көзінің айналасында көгірес көлеңкесі түскен. Бұрын тампектеу мұрын енді ерекше сопайып, ебедейсіз көрінеді. Жанарында ұшқын бар екен. (Ш.М. Рысқұл 12) Бұл бала Тұрардың ауырып жатқан кезі. Қаншама ауырып сүзектен сүзіліп жатса да, жанарындағы ұшқын өшпейді.
Автор баяндауында Тұрардың ағзасын сырқат етсе, көңілін сырқат еткісі жоқ. Сонымен қатар, Тұрардың әкесі, Рысқұлдың да портреті әр сәтте әр түрлі етіліп суреттелген. Ең алдымен біз Рысқұлдың қарапайым аңшы ретінде танимыз. Бұл жерде оның портретін былай сүреттейді. «Бұл өзі Шілменбет руынан шыққан қарапайым қазақ еді. Қара шаруа болса да, рухы күшті, қайраты мол, қажырлы қазақ. Бұл атырапта одан өткен мерген, Іле Алатауын одан артық білетін адам болмаған». (Ш.М. Рысқұл. 192) Ал енді бір суреттейтін жері- Рысқұлдың түрмеден бір рет қашып шығып жасырын жүргенде, түрме басшыларының баласы Тұрарды өлтіреміз деген сөздерін естіп, амалсыздан сол түрмеге қайтып келетін кез. Бұл кездегі Рысқұл кескін кел беті былайша көрінді: «Сол күні сұрғылт іңірде Верныйдың облыстық түрмесінің сұрғылт қақпасын үсті-басы ұсқынсыздау, киім-басы жүдеу, ескі киіз қалпағына шөп шалам жабысып қалқан кеуделі, жазық жодалы, көзі ашулы арланның көзіндей ызғарлы бір адам келіп қақты». (Ш.М.Рысқұл 68) Бұл кезде Иран деген орыс мұжығының шөп қорасынан қашып келген сәті болатын.
Автор романынаң, сонымен бірге, басшылардын, болыстардын портретін де көптеп кездестіруге болады. Мысалы: вице-гувернатор Осташкин портретіне назар аударайық, жазушы бұл адамның портретін өте келісімді, жарасымды жасаған десек, артық айтқандық емес. Мысалы: «вице-губернатор атан түйедей нән кісі еді. Қазына тіккен мундир шақ келмей, киімді ұдайы жеке ұстауға арнайы заказбен жеткізетін. Қазандай басы қасқа мандай, маңсыз. Бірақ мұрны кертіктеу, ал игі тыш шығынқы. Сақал мұрт қоймайды. Оның есесіне күрең қасы қою, қабағы жардай. Өз ісіне мейленше бірілген, үй –жайын, қатын -баласын мемелекет ісі дегенді ұмытып та кететін пәруана адам». (Ш.М. Рысқұл 122) Міне жазушы Ш.Мұртаза тарихи шындыққа қоса басшылар қауымының портреттерін сан алуан түрлі етіп бере білген.

Тіркеу формасы
Тегі аты жөні: Нұрбаева Жұлдыз
Мақала мекеме лауазымы:Керімбай атындағы №12 мектеп-ресурстық орталығы, Тараз қ.
Мекен жайы: Абай көшесі 144/97
Телефон: 45 49 20
Мақала тақырыбы: Шерхан Мұртазаның « Қызыл жебе» романдағы тарихи шындық.
Секция: филология
Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Көрнекті, қаламгер, романы, Қызыл, Шерхан, Жебе, Мұртазаның
Просмотров: 6096 | Загрузок: 657 | Рейтинг: 5.0/2
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar