Главная » Файлы » Рефераттар » Қазақ әдебиеті

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫҢ ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
[ Скачать с сервера (40.0 Kb) ] 02.09.2014, 10:00

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫҢ ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

 

Амандық Талғат

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университеті, Астана қ.

 

         Жалпы адам баласында рухани және материалды байлық деген бар. Соның ішінде адамды адам етіп, ұлтты ұлт ететін – рухани байлық. Рухани байлықтың қайнар көзі - өнерде. Соның ішінде тоқталып өтетініміз бұл – бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің адамға сыйлар рухани байлығы ұлан-ғайыр.

    Ерте кезден бастап ата-аналарымыз осы бейнелеу өнеріне өте жақын, сонымен бірге біте қайнасып келе жатыр десек артық айтпаспыз. Әжелеріміз кезінде киім-кешек, үйдің іші-сыртын безендіруге керемет-керемет оюлар ойлап тауып, аталарымыз сонау ерте заманды айтпағанда киіз үй мен ер-тұрман, зергерлік бұйымдардың неше түрін ойлап тауып, соларды әшекейлеуі тіптен керемет. Осы ата-бабаларымыздың ер-тұрманына, сырмағы мен текеметіне, сандығы мен кебежесіне қарап өнердің нағыз өресі болғанын білеміз. Алғашқы дизайнерлік шешімдердің үй тұрмысында қолдануы біздің ұлы шеберлерімізден бастау алғанын мақтанышпен айтуымызға болады. Қазақтың кез келген оюын алып қарасаңыз қайталанбас керемет туынды. Бір оюы біріне ұқсамайтын қазақ халқының төл туындылары. Кезінде қазақтың тума талант суретшісі Әбілхан Қастеев атамыздан сурет салуды қайдан үйрендің дегенде – «ешкінің мүйізінен, әжемнің киізінен, таудың жотасынан үйрендім» [2 ] деген екен.

     Міне, осыдан қарап-ақ қазақтың, қазақ даласының өнерге тұнып тұрғанын көреміз, қазақтың әрбір тасында сурет, тауында құдірет бар екенін байқайсың. Қазіргі кезде де осы ата-баба жолын жалғастырып, дамытып, өнердің өресіне шықсам екен деп ұмтылып жүрген жастар баршылық. Әлі де сондай қас таланттардың ұрпақтан-ұрпаққа өнерді жалғастырарына сөз жоқ сенеміз. Бейнелеу өнерінің құдіреті туралы айтар болсақ адам ойының қанаты, жігер мен қайрат берер оты, адам жанының тазалығы осында. Сонымен қатар бейнелеу, сызу өнері қай салада болсын жаңалық ашып, соны жетілдіруге көмектеседі. Өйткені адам ойлаған ойын, қиялынан туған бейнені немесе көрген затын бірінші қағаз бетіне түсіріп содан кейін жүзеге асырады емес пе? Мұны тарихтан жақсы білеміз. Мысалы, Леонардо Да Винчи ұшатын құралды ойлап тапқанда бірінші соны қағаз бетіне түсіріп содан кейін жасаған. Медицинада қазірдің өзінде де сурет салу арқылы елестету тәсілі қолданылады. Келтіре берсек осындай мысалдар жетіп артылады.

    Бейнелеу өнерінің тағы бір сыры, құдіретті салынған картина, ондағы бояулардың түсі, картинадағы композиция адам жанына тікелей әсер етеді. Мысалы, кейбір картинаны көргенде адамды өзінен өзі қуаныш билеп, жаны жадырап сала береді. Кейбірі тұңғиық ойларға жетелейді, тіпті кейбір картина ауырған адамның ауруынан айығуына, көңілінің әрдайым көтеріңкі болуына көмектеседі. 

    Бейнелеу өнері сонымен қатар өсіп келе жатқан жастардың ұлттық рухының биік болуына, салт-дәстүрі мен Отанға, елге, жерге деген махаббатын оятуына үлкен үлесі бар. Бейнелеу өнері арқылы жеріміздің қандай көркем, қарасаң көз тоймастай сұлу, бай екендігін көреміз. Ұлтты ұлт етіп тұрған, ең алдымен, оның менталитеті. Сол менталитет жоғалса ұлт бейнесі, ұлт болудан қалады. Біздің жастар қазір тым еліктегіш болып барады. Қай салада болмасын батысқа қарап бас шұлғып, табынып жүргендер аз емес. Бұған себеп, ұлттық рухымыз бен болмысымыздың соншалықты жалаңаштануы. Қазір Елбасымыз болашақ жастардың еліне деген отансүйгіштік сезімін оятуды  басты кезек күттірмейтін мәселе ретінде қарауды талап етіп отыр.

    Өнер ең алдымен ұлттық болуы қажет. Әр суретші өзінің Отанын, салт-дәстүрін, жерінің сұлулығы мен әдет-ғұрыпын бейнелеуге тырысу керек деп ойлаймын. Сол арқылы ұрпақты тәрбиелеп, салт-санамыз бен әдет – ғұрпымызды келешекке біз жеткізбесек кім жеткізбек?! Қанша жерден шет елге қарай еліктегенімізбен, қанша жерден шет елдің әр ісін көшіріп, абстракция десе, абстракция, бәлен десе бәленді салғанымызбен екінші Леонардо, екінші Мекеланджело бола алмаймыз, одан да өзіміздің ұлттық менталитетімізге тән, жастарға тәрбие беретін, салт-дәстүрімізді әлемге танытып, қазақ деген елдің мықты екенін мойындатып, ата бабаымыздан қалған қазақтың қол өнерін шекпен жауып өзіне жаңа оймен сыйлай білсек болғаны деп білемін. Өзгелерге еліктейміз деп жүріп – ұлттық дәстүріміздің қадір-қасиетін жоғалтып алмау жағын ойластырғанымыз жөн. Жақсыны білу керек, тыңдау керек, бірақ ақылмен сараптап іске асырған абзал. Өзіміздің ұлттық рухани байлығымызды жоғалтып алмай, өнерімізді ел игілігіне жұмсауымыз біздің парызымыз. Өнердің адам тәрбиесіндегі рөлі басты мақсатта болуы керек. Өнер арқылы, терең біліммен өскелең ұрпақты тәрбиелеп, еліміздің болашаққа деген сенімін нығайта түсуіміз керек. Туған еліміздің әлемдегі өркениетті елдермен терезесі тең болуын, ол үшін терең әрі жан-жақты білім иесі болуымыз міндет. Сол жаңа талаптарға сай білім алу үшін, кезінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы  ашқан Л.Н.Гумилев атындағы ұлттық университетінде жастарға жақсы білім алуға жасалған жағдайлар еліме жеріме, ұлтыма деген мақтаныш сезімімді айқын оятты.

    Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының былтыр 26 мамырда біздің университетке келіп жастарға арнап оқыған лекциясында айтқандай «кез келген адам, кез келген маман иесі тіпті еден жуушы болсын өз ісінің нағыз шебері, маманы болуларың тиіс және әркім қолынан келген істі жақсы атқаратын болсаңдар алдағы мақсаттарыңа жетесіңдер» [1] деген. Президентіміз Қазақстанның болашағы жастардың қолында екендігін айта келіп, сенімін білдірген болатын. Елбасымыз тағы бір сөзінде «қандай жақсы оқытушы болмасын, егер оқушы, студент өзі талпынбаса одан түк те шықпайды» [1]деген еді. Осындай бізге үміт артып отырған Елбасымыз бен еліміздің үмітін ақтау біздің міндетіміз.

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Jahcepik | Теги: СЕЗІМДЕРІН, патриоттық, арқылы, өнері, бейнелеу, қалыптастыру, Жастардың
Просмотров: 888 | Загрузок: 269 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar