Главная » Файлы » Рефераттар » Қазақ әдебиеті

АСТАНА – ЖАҢА ҚАЛА" АЭА СИПАТТАУ
[ Скачать с сервера (46.5 Kb) ] 02.09.2014, 09:11

 

"АСТАНА – ЖАҢА ҚАЛА" АЭА СИПАТТАУ

Арнайы экономикалық аймақ – капиталды инвестициялау және экономиканы дамыту үшін жағдай туғызатын шетел және отандық кәсіпкерлерге ерекше экономикалық жеңілдіктері бар ұлттық-мемлекеттік шектелген аумақ бөлігі. Арнайы экономикалық аймақтар ішкі сауда, жалпы экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық мәселелерді шешу үшін құрылады.

«Астана – жаңа қала» АЭА құру кезінде біздің еліміз аумағындағы АЭА, сонымен қатар ТМД және алыс шетел елдеріндегі АЭА-дың жұмыс тәжірибесі есепке алынды. «Астана – жаңа қала» АЭА салалық бағыттылығы бойынша құрылыстық болып табылады.

«Астана – жаңа қала» АЭА құрудың басты мақсаты – АЭА аумағын игеру және жеделдетіп дамытуды қамтамасыз ету, қазіргі заманғы инфрақұрылымды жасау, әкімшілік және әлеуметтік-мәдени маңыздағы бірегей обьектілер құрылысын салу, жабдықталған тұрғын үйлер салу, сонымен бірге Қазақстан Республикасы елордасының экономикалық және әлеуметтік дамуына жағдай жасау болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Астана – жаңа қала» АЭА құру туралы Жарлығына қол қойған күннен бастап жоспарланған 238,6 млрд. теңге орнына 793,5 млрд. теңге шамасында инвестиция тартылды. Астананы көшіргенде бұндай ғаламдық және тәуекелді іс іс шарасы жақын арада жемісін айқын арада бере қоятынына ешкім сене қоюы неғайбыл еді. АЭА обьектілер құрылысына инвестицияларды тартуға құқықтық, яғни кеден және салық жеңілдіктері әсер етеді.

АЭА аумағы басында 1 052,6 га құрады, 2005 жылы аумақ 513,7 га кеңейтілді. Осы жылы АЭА екі есеге артты және аздап 3874,1 га өсті және 5440,4 га құрайды. Қазақстан Республикасы Президентінің соңғы 2007 жылғы 21 маусымдағы № 352 Жарлығымен ауданы 598,1 га «Индустриалды парк» жұмыс атауымен аумақ қосылды.   Оның аумағында өндірістік обьектілер тұрғызу жоспарланып отыр. «Индустриалды паркте» «Nissan» маркасындағы автокөліктер және «Nokian» маркасындағы автошиналар шығарылатыны белгілі болды.

«Астана – жаңа қала» АЭА аумағында жағымды инвестициялық климат жасау мақсатында инвесторларға жеңілдік беретін ерекше құқықтық тәртіп белгіленген:

  1. АЭА аумағында құрылыс жүргізу мақсатында тауарлардың айналымы бойынша (жұмыс және қызмет көрсету) ҚҚС босату;
  2. Құрылыс барысында толық тұтынатын тауарларға қосылған құн салығы бойынша нольдік мөлшерлемені пайдалану;
  3. Құрылыс обьектілері салынып жатқан жер учаскелерін жер салығынан босату;
  4. Ғимарат пен имараттың қалған сомасының мүлігі салық салу обьектісі болып табылмайды.

Одан басқа АЭА аумағы еркін кедендік режимі жүргізілетін аумақ ретінде қарастырылады. Шетелдік тауарларды еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырған кезде импортталатын тауарларға акциз салуды қоспағанда кеден баждары мен салық салынбайды және тауарлар қауіпсіздігі жөніндегі талаптардан басқа тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды. «Астана – жаңа қала» АЭА шегіндегі обьектілер құрылысының өзіндік құны инвестор үшін әдеттегі салынып жатқан құрылыстан (жеңілдікті пайдаланбағанда) 14-20% төмен . 

АЭА аумағында инвесторлар үшін кеден және салық жеңілдігінен басқа да пайда бар. АЭА аумағындағы құрылыстың негізіг мақсаты бюджеттік қаржы есебінен аумақты инженерлік дайындау және инженерлік желілер мен жолдарды салу болып табылады.

Осындай бағдарламаны жүзеге асыру АЭА аумағының кешенді құрылысын жүргізуіне көмектеседі, инженерлік желілер, жолдармен және қаланың басқа бөлігімен байланыстыратын қолайлы көлікпен қамтамасыз етеді.

Сөйтіп, потенциалды инвесторларға инженерлік желілер және жолдар салынған инженерлік аумақтарда жұмыс істейтіндіктен, обьектілер құрылысы үшін қосымша стимул жағдайы жасалған.

«Астана – жаңа қала» АЭА аумағы құрылысында алдыңғы қатарлы технологиялар қоданылып және әлемнің жетекші сәулеткерлері авторы болып табылатын  бірегей жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Мемлекет басшысының 2001 жылғы 15 тамыздағы Жарлығымен әлемге әйгілі сәулетші Кишо Курокава мырза жетекшілік ететін Халықаралық ынтымақтастық бойынша Жапон агенттігінің зерттеу тобы әзірлеген Астана қаласының бас жоспарының жобасы бекітілді.

«Астана – жаңа қала» АЭА аумағының құрылысына өз үлестерін қосқан атақты сәулетшілер:

  • Бейбітшілік және Келісім сарайының, Хан шатыры мәдени-ойын-сауық орталығының жобасын салған Норман Фостерс. Жоба болат діңгектермен тіреліп тұрған шатыр түрінде. Ауданы 100 000 м² болатын орталық Астана қаласының ең биік (150 м) нүктесі болады. Ғимараттың ортасында мәдени шаралар өтетін және ойын-сауық және көрмелік қызмет көрсетілетін кең икемді алаң бар. Хан Шатыры ойын-сауық орталығында 40 000 м² ауданда орналасқан жабық автокөлік тұрағы, кафетерий, мейрамхана және кинотеатрлар бос уақытты өткізу мүмкіндігін туғызады.
  • М. Николетти 3 500 мың орындық кешенді киноконцерт зал жобасын әзірледі. Онда симфониялық, классикалық және қазіргі заман әндері концерті, балет, конгрестер, кино қойылымдары және саяси шаралар өткізіледі.

СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР

Арнайы экономикалық аймақ аумағында құрылған күннен бастап 231 обьекті тіркелді, оның ішінде 74 обьект инженерлік-көлік инфрақұрылымы, 62 тұрғын үй, 59 әлеуметтік-тұрмыстық мағынадағы обьектілер және 30 әкімшілік ғимараттар. Бүгінгі күнде 118 обьекті мемлекеттік және жұмысшы комиссиясының актісімен пайдалануға берілді, 113 обьектіде құрылыс жүргізілуде.

2007 жылдың 1 шілде айы бойынша 793,5 млрд. теңге игерілді, оның ішінде: бюджеттік қаржы – 297,3 млрд. теңге (республикалық бюджет – 248,5 млрд. теңге, жергілікті бюджет – 48,8 млрд. теңге), кәсіпорындардың жеке қаржысы – 279 млрд. теңге, ұлттық компаниялар қаржысы – 45,6 млрд. теңге, шетел инвестициялары – 156,1 млрд. теңге, шетел мемлекеттерінің гранты – 15,5 млрд. теңге.

Бүгінгі күнде 513,5 млрд. теңге игерілді. Соның ішінде 2007 жылда 165 млрд. теңге 2006 жылмен салыстырғанда 18% (139,3 млрд. теңге) көп игерілді. 

«Астана – жаңа қала» АЭА құрылғанына 5 жыл ішінде инвестицияны игерудинамикасын көрсетуге болады:

Жыл

2002 жыл

2003 жыл

2004 жыл

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

Млрд. теңге

30,7

44

49,8

74

139,3

165

 

  

Құрылысты 85 шамасында бас мердігерлік және 600-ден жоғары  қосалқы мердігерлік ұйымдар жүзеге асырып жатыр. Оның ішінде – отандық компаниялар – 68, Түркия, Германия, Ресей, Қытай, АҚШ, Испания, Словакия, Корей құрылыс шетел ұйымдары – 17.

 

 

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Jahcepik | Теги: Астана, жаңа, сипаттау, қала, АЭА
Просмотров: 874 | Загрузок: 404 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar