Главная » Файлы » Рефераттар » Қазақ әдебиеті

АСАН ҚАЙҒЫ
[ Скачать с сервера (12.5 Kb) ] 03.11.2014, 11:05

Көптеген фольклорлық деректерден белгілі, есімі аңызға айналған ақын, философ, жиһангез Асан Қайғы шамамен 1361-1370 жылдары аралығында Еділ жағалауында дүниеге келген. Халық арасында Асан Қайғы деген атпен белгілі. Шоқан Уәлиханов Асан қайғыны «Даланың ұлы философы» деп атаған. Тарихи аңыздарға қарағанда Асанның әкесі саятшы-бүркітші болған. Әбілхайыр ұлысындағы. Саяси күрес кезінде, 1450 жылдары Асан оппозицияны Керей мен Жәнібек сұлтандарды жақтаған. Бүлікшіл сұлтандар 1465 жылы Шу өзенінің алқабында Қазақ Ордасының негізін қалағанда Асан жаңа хандықтың басты идеологы болған. Қазақ хандығының билігі Орталық және Солтүсті Батыс қазақстанға тараған шақта Асанның жасы жүзге жеткен. Бізге жеткен аңыз бойынша  ақын әбден қартайып, Сарыарқадағы Ұлытауда дүние салған.

Оның атымен жарияланып жүрген шығармалар түгел дерлік Асан қайғы туындылары деген пікірге зерттеушілердің барлығы бірдей келісе бермейді. Асан өлеңдері халық ауыз әдебиетінің шығармаларына жақындығымен ерекшеленеді. Авторлығына еқандай шек келтіруге болмайтын өлеңдері қазіргі уақытта қазақ поэзиясының антологияларына енгізіліп жүр.

Құйрығы жоқжалы жоқ

Құлан қайтіп күн көрген?

Аяғы жоқ, қолы жоқ

Жылан қайтіп күн көрер

Шыбын шықса жаз болып,

Таздар қайтіп күн көрер

Жалаң аяқ балапан

Қаздар қайтіп күн көрер?

Әділдіктің белгісі

Біле тұра бұрмаса

Ақылдының белгісі

Өткен істі қумаса

Жамандардың белгісі

Жауға қарсы тұрмаса

Залымдардың белгісі

Бейбіттің малын ұрласа

Надандардың белгісі

Білгеннің тілін алмаса

Шамаңша шалқып көре бер

Қабірге әзір қоймаса

Артыңда қалар атақ жоқ

Тіріде даңқың болмаса

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Асан, Қайғы
Просмотров: 1038 | Загрузок: 368 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar