Главная » Файлы » Рефераттар » Қазақ әдебиеті

Қарашаұлы Бәйдібек
[ · Скачать удаленно (27.0Kb) ] 21.11.2012, 15:54
ҚАРАШАҰЛЫ БӘЙДІБЕК

Қарашаұлы Бәйдібек (VI-VII ғ.ғ.) Жетісу алабындағы көшпелі тайпалар көсемі. Ақыл парасатымен, ерлік істерімен елге ұйтқы болған тарихи тұлға.
Ел ішіндегі қария сөздер далалық ауызша тарихнама бойынша (ДАТ) Ұлы жүздің үйсін бірлестігінің құрамындағы албан, суан, дулат, сарыүйсін, шапырашты, ысты, ошақты тайпалары Бәйдібекті өздерінің түп атасы деп білді. Бәйдібектің әкесі Қараша (530-604) туралы, Бәйдібектің ұрпағы Майқы би туралы, Қытай жылнамаларында, Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) еңбегінде деректер кездеседі. Бәйдібек жалпақ жатқан Жетісуды, Арыс өзенінің шұрайлы алқаптарын, Қаратау мен Ташкент алабын қоныс етіп, ондағы ру тайпалардың бас біріктіруіне, ел болып ұйысуына ықпал еткен.
Бәйдібек үш некелі болыпты. Бірінші әйелі Сары бәйбішеден Байтоқты есімді бала туып, одан Түргеш (Сарыүйсін) өрбіген. Екінші әйелі Зеріптен Жалмамбет туады. Одан Шапырашты, Ошақты, Ысты өрбіген. Үшінші әйелі есімі исі қазаққа мәшһүр әулие Домалақ ана. Бұл кісінің шын аты Нұрила. Домалақ анадан Тілеуберді туады. Тілеуберді ел аузында Жарықшақ (Жарықбас) атанып кеткен. Жарықшақтан Албан, Суан, Дулат өрбиді.
Бұл аталардан бәрі де іргелі ру тайпаларға ұласып, қазақ халқының ел болып ұйысуына тікелей араласқан.
Бәйдібектің Сары бәйбішесінен туған Байбоқтыдан басқа алты бірдей ұлы соғыста қаза тауып, Қаратаудың шығысындағы Қошқарата өзенінің бойына жерленген. Күні бүгінге дейін бұл жер «Алты сары басы» деп аталады.
Бәйдібектің өзінің сүйегі балабөген өзенінің жағасына жерленген. Басына көрнекті кесене тұрғызылған. Қазір Оңтүстік Қазақстан облысындағы бір аудан Бәйдібек есімімен аталады.
Бәйдібектің өмір сүрген заманы Еуразияның Ұлы даласын (Л.Н.Гумилев) қоныс еткен желдей еркін көшпелі тайпалардың арасында этникалық тұтастану үрдісі қызу қарқынмен жүріп, мемлекеттің ірге тасы қаланып, тарих сахнасына әйгілі Түрік Қағанатының шыққан кезі. Шығысында Сарыөзен (Хуанэ) мен батысында Темірқақпаға (Дербент) дейін қанат жайған алып қағанат өз кезегінде төңірегінде Қытай, Парсы, Үнді, Рұм (Византия) сияқты империялар мен патшалықтарға ықпалын жүргізе бастаған. Ең бастысы, түркі жұртының шаруашылық мәдени типі сараланып, өзіндік төлтума өркениеті қалыптасып, енді түркі тектес ұлттар өз қоныс тұрағымен, өзіндік тіл ділімен тұлға таныта бастаған.
Міне, осындай аса күрделі тарихи кезеңде Бәйдібек ақыл парасатымен де, ерлік істерімен де ұлттың ұйысуына, елдің бас біріктіруіне, сөйтіп қазақ даласындағы ру тайпалардың этникалық тұтастануына мұрындық болған тарихи тұлға.
Бәйдібек, Домалақ ана кешендеріне 2000-2001 жылдары жүргізілген қазба жұмыстары тарихи тұлғалардың қоғамда алар орнына, өмір сүрген заманына қатысты толымды дерек мағлұматтар беріп отыр. Солардың ішінде VI-VII ғасырда шығарылған тиын теңгелер Бәйдібек пен оның жұбайы Домалақ ананың өмір сүрген заманына, олардың әлеуметтік статусына елеулі айғақ ретінде ден қойдырады.
Халық жады арқылы атадан балаға жалғасып жеткен қария сөздер Бәйдібектің ел қамы, халық тағдырына қатысты істерге ұйтқы болып, көреген көсемдігімен жұртқа ықпал еткен тарихи тұлға екенін танытады.
Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Бәйдібек, Қарашаұлы
Просмотров: 1096 | Загрузок: 351 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar