Главная » Файлы » Рефераттар » Қазақ әдебиеті |
Қанаш Камзин
[ · Скачать удаленно (36.0Kb) ] | 21.11.2012, 15:34 |
Қанаш Камзин
Қанаш Камзин – 429-шы ату полкінің рота командирі(52-ші ату дивизиясы, 57-әскер, 3-ші Украина майданы), лейтенант.Ол 1919 жылы 29 қарашада Павлодар облысы Ақсу ауданы Жолқұдық ауылында(бұрынғы Ермак) қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген.Ұлты-қазақ.1931-1934 жылдар аралығында Павлодар қаласының қазақ-комунна мектебінде оқыған.Оқуын Алматы қаласында одан әрі жалғастырды.1938 жылы жұмысшылар факультетін тәмамдап, 1941 жылы Абай атындағы Алматы педагогикалық институтын бітірді.1941 жылың шілдесінде Алматы қалалық военкоматымен қызыл Армия қатарына шақырылды. Сталинград жаяу әскерлер училищесінің жедел курсын аяқтаған.1943 жылдан бастап , қан майданда болды.1944 жылдың жазына қарай лейтенант Камзин 52-ші ату дивизиясының 429-шы ату полкіне басшылық етті.Молдавияны жаудан босатуда және Днестр өзенінің маңында өткен шайқаста ерекше көзге түсті.1944 жылдың 13 сәуірінің түнінде лейтенант Камзин ротамен бірге бірінші болып, Днестр өзенін Бычок ауылы маңында босатты(Молдавияның Григориополь ауданы).Плацдармды басып алып, рота қарсыластың мықты бекінген қорғанысын бұзып өтеді.1944 жылдың 14 сәуірінде ротаны шабуылға көтеріп,Өзі Гура-Выкулай ауылының шетінде қаза табады.Молдавияның Новоаненск ауданы Гура-Выкулай ауылында жерленген. 1944 жылдың жылдың 13 қыркүйегінде жарық көрген КСРО-ның жоғарғы кеңесінің Президиуымының нұсқауымен берілген тапсырмаларды үлгілі орындағаны және батырлығы мен ержүректілігі үшін Қанаш Камзинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Ленин орденімен марапатталған. Ақсу ауданында өзінің туған ауылына Қанаш Камзин аты берілді.Сонымен қатар Павлодар қаласындағы бала-бақша , Ақсу мен Павлодар қаласындағы көше, туған ауылындағы орта мектеп батыр атамыздың атымен аталып тұр.Мектептің қасбетінде мемореалды тақта орнатылып, мектеп маңында ескерткіш орнатылып, Павлодарда , батырлар алаңында барельефі бар стела Қанаш Камзиннің ерлігінің айқын айғағы болып тұр.Ертісте «Қанаш Камзин» атты жүк теплоходы жүзген.Оның есімі Молдавияның астанасы Кишинев қаласындағы Жеңіс аркасында мәңгіге қамалып жазылған. Марапаттау парағынан: 1944 жылдың 12-сінен 13-сіне қараған түні қарсыластыңқатты артиллериялық және миномет-пулеметтік отының күштілігіне қарамастан, бірінші эшелонда өзі үдемелі қарқынмен соғысқа араласып , сосын Днестр өзенінің маңындағы Молдавия ССР-ының Тирасополь ауданындағы Вичен ауылында да қарсыластан Молдавияны босатуда аса белсенділік танытты. Өзенді босатқаннан кейін ротаны айқасқа өзі бастап апарып, өзеннің оң жағалауындағы плацдармды басып алып, жауынгерлерге ерлік пен батылдықтың үлгісі болды. Оң жағалауды қарсыластың қатты басып алғанына қарамастан, (екі траншей, доттар, дзоттар мен басқа да бекіністер) ол өзінің ротасымен траншеяның бірінші және екінші сызықтарын тез басып өтіп, Гура-Высулай ауылының оңтүстігіне кіреді. Өзінің ротасымен Камзин батырлық танытып, Гура-Выкулай ауылының 65 метрлік биіктігіне қарамастан, биіктікті басып алып немістерді қуып шығады және 20 офицерлерді жойды. Биіктікте пулеметтерін орнатып, Камзин Гура-Выкулай ауылының батыс жағынан от шаша бастайды.Сосын 1-ші және 2-ші роталарға Гура-Выкулайауылының оңтүстік-шығыс жағына кіруге жол ашады. Бірінші болып оң жағалауға өтіп, биіктікті басып алып, негізгі күштердің келіп жеткенше оны ұстап тұрғаны үшін, плацдармды кеңейткені үшін және 20 унтер-офицерді жойғаны үшін Кеңес Одағының Батыры атағына лайық. 429-шы ату полкінің командирі Азатьян. | |
Просмотров: 1306 | Загрузок: 361 | |
Всего комментариев: 0 | |