Главная » Файлы » Рефераттар » Ашық сабақтар

Ауа. Ауаның қасиеті
[ Скачать с сервера (41.7 Kb) ] 27.01.2016, 19:01
Дүниетану 3 «А»-сынып Пән мұғалімі: Жарылкасынова Гульманат
Сабақтың атауы Ауа. Ауаның қасиеті
Жалпы мақсаты Оқушылардың ауаның қасиеттері бойыншы білімдерін жүйелеу, ғылыми түсінік беру. Ауаның адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Тәжірибе жасау арқылы оқушылардың танымын кеңейтіп, пәнге қызығушылығын арттыру. Сыни тұрғыдан ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту. Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері Оқушылардың ауаның құрамы, қасиеттері туралы білдер толығады, өз пікірін айтып үйренед алған білімдерін өмірде қолдана алады.
Дерек көздер «Атамұра» оқулық, электронды оқулық, ғаламтордан алынған мәліметтер, слайд
Негізгі идея Ауа – тіршілік көзі.
Әдіс-тәсілдер Диалог, БББ кестесі, СТО, 7 модуль элементтері
Сабақтың кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті. Ресурстар
Ұйымдастыру Сәлемдесу, сынып тазалығына мән беру, оқушыларды түгелдеу Сәлемдесу
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру Қайырлы таң балалар!
Қайрлы күн болсын,
Бүгінгі күн
Сәттілікке толы болсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын!

Табиғат -біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз
Табиғатты қорғайтын
Біз әдепті баламыз
Жер байлығы көп екен
Менгеруді қалайды
Осының бәрін меңгертер
Дүниетану сабағы Слайд
Топқа бөлу Пазл арқылы топқа бөлу
Топ ережелерін сұрау Топқа бөлінеді
Топ ережесін еске түсіреді
Топтық жұмысқа белсене
қатысу
Өз ойыңды ашық еркін айту
Сыныптастарыңның сөзін
бөлме
Түсінбегеніңді досыңнан
сұра, көмектесе алмаса
мұғалімнен сұра
Жұмысты ұқыпты,тиянақты
орындауға тырыс.
Өзіңнің,достарыңнын
жұмысын бағалап үйрен. Пазл (Күн, бұлт, жаңбыр, қар)
Бағалау критерийлармен таныстыру «5» - күн
«4» - бұлт
«3» - жаңбыр
Топтық және жеке жұмыстарда белсене қатысып, өз пікірін білдіріп, дәлелдеген оқушыларды сабақтың соңында жиынтық бағамен бағалануын түсіндіру. Бағалау критерийларымен танысып, не жақсы баға алуға тырысады. «5»-күн
«4»-бұлт
«3»-жаңбыр

Үй тапсырма
сын тексеру Үйге берілген тапсырманы топтық тапсырмалар беру арқылы сұраймын І топ:
1.Дене деген не?
2.Дене нешеге бөлінеді?
3.Табиғи денені атап шық?
ІІ топ:
1.Жасанды дене дегеніміз не?
2.Табиғи дене нешеге бөлінеді?
3.Тірі денелерді атап шық.
ІІІ топқа
1.Өлі денелерді ата.
2.Тірі және өлі денелердің айырмашылығы неде?
3.Дене неден тұрады?
ІҮтоп:
1. Табиғат құбылыстары деген не?
2. Қыс мезгіліндегі табиғи құбылыстарды ата?
3.Адамға тәжирибе мен бақылау жасау үшін қандай білім қажет?
Кубизм
Қызығушы
лығын ояту Балалар!Адам – табиғаттың бір бөлігі екендігін қалай түсінесіндер?
Оқушылардың пікірі тыңдау және нақты жауапқа жақын пікірлер айтуға жетелеу(түзету енгізу) Дұрыс пікір білдірген оқушыларды мадақтап отыру (оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау)
Балалар!Адам өмір сүру үшін не қажет?
-Сендер оны қалай дәлелдейсіңдер?
- Адам осының бәрін қайдан алады?
Оқушылардың жауаптарын тыңдау.
Соңынан бес қажеттіліктің ішінен ең қажетін таптыру.
Жұмбақ
Бар ма жоқ па оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (Ауа)
-Балалар,қазақта мынадай сөз тіркесі бар «Ауадай қажет»деген.
-Сендер бұны қалай түсінесіңдер? (СТО) Оқушылар жұмбақтың шешімін тауып ауа туралы өз ойларын білдіреді.

Ауа адам өміріне ең қымбат, қасиетті нәрсе болғандықтан ауаны ерекше бағалаған. Өте қажет затты ауаға теңеген.
Тірек білімдерін белсендендіру

Поэзия сәті.
Мен өлең оқимын, «Сендер мұқият тыңдап отыр ыңдар,ауаның қандай қасиеттері туралы айтылатынына назар аударыңдар»,-деген ескертпелер беремін.
Ол мөп – мөлдір,
Көзге көрінбейтін газ.
Бізді әуеде қалқып,
Қоршап тұратыны рас.
Орманда да бар,
Емен мен қайың аңқыған.
Тыныстаған сайын,
Исіне жаның балқыған.
Жазда жылы леп болып,
Қыста дірдек қақтырған.
Көзімізге көрінбейді,
Ұстағанда білінбейді.
Онсыз бізге өмір жоқ,
Таза ауаға жаның тоқ. (АКТ)
Оқушылар ауаның қасиеттерін кестеге жазады. (Екі бөлімді күнделік)
Мадақтап, түзетулер енгізіп формативті бағалап отырамын,тақтадан сызбаны көрсетемін. Білемін Білгім келеді Білдім

Кестенің екі бөлімін толтыру. БББ кестесі
Мағынаны тану

Бүгінгі сабақта ауа, ауаның қасиеттері әңгімелейміз.
Ауа дегеніміз – газдар қоспасы. Ауаның құрамы мен қасиетін алғаш Джозеф Пристли мен Антуан Лавуазье 1774 жылы зерттеген. Ауаның құрамы: азот-78%, оттегі-21% , көмірқышқыл газы-1%
Біздің ғаламшарды ауа қабаты қоршап тұр.Ауа қабатын атмосфера деп атаймыз.Атмосфера жерді Күн радиациясынан қорғайды.Ол болмаса,жер
дегі су әп – сәтте қайнап,ал Күн сәулесі тіршілік атаулыны тұтас күйдіріп жіберер еді.
Әр адам тәулігіне 23-24 литр ауа жұтады
Алматы ауасы сатылатын болды.Темір ыдыстағы ауа қаланың әр жерінен жиналған. Ал құны 500тг
Ауаның тағы бір қасиеті жылуды нашар өткізеді. Аңдардың жүндері, құстардың мамығының арасында да ауа бар, сондықтан олар тоңбайды.
Суретпен жұмыс.
1.Ғарышта ғарышкерлер қалқып жүреді. Себебі ғарышта ауа жоқ. Олар арнай киім скафандра киеді.
2.Биік тауға көтерілген сайын ауа қысымы азаяды. Сол үшін альпинистер арнайы ауа толтырылған аппарат киеді.
3.Су астын зерттеушілер акваланг киеді.
Суретпен жұмыс.
«Таза ауа-денсаулық кепілі»
Адам өзінің жақсы өмір сүру үшін түрлі құрылыстар, тауыттар,фабрикалар салады. Бірақ тазалық ережелерін сақтамағандықтан айналаны ластап, адам денсаулығына зиянын келтіреді. 2030 инетернет Экологиялық қауіпті аймақ Тәжірибе жасау.
1.Оқушыға су құйылған 1 стақан, 1 түйір қант беріледі.
Қантты суға салады, сонда су бетіне ауа көпіршіктері шығады. Су бетіне шыққан көпіршіктер қанттың құрамында ауа бар екенін дәлелдейді.
2.Стаканға су құйып, қозғамай қойып қоямыз. Біраз уақыттан кейін стаканның ішкі қабырғасына ұсақ көпіршіктер тұрады. Бұл судың әшәнде ауа болатындығын дәлелдейді.
3. Колба түтігіне шарды кигіземіз. Енді колбаны қыздырамыз браздан кейін шар ауаға толады. Содан кейін колбаны салқындатамыз шар ішіндегі ауа сығылып көлемн кішірейтеді. Бұл ауа қызғанда көлемін ұлғайтып, суығанда – кішрейтетіндігн көрсетеді.
4.Қыс мезгілінде тон, жүннен жасалған киімді тоңбау үшін киеміз. Олардың түгінің арасында ауа бар. Сол ауа дененің жылуын сыртқа шығармай ұстап тұрады.
Суреттерге қарап ауаның ғарышта, биік тауда, теңіз түбінде де қажеттілгін анықтайды.
Суреттерді талдау.
1-топ. Мұнайдың төгілуі
2-топ.Өзен, көлдердің тартылуы
3-топ.Өндіріс қалдықтары, қоқыстардың көбейуі.
4-топ.Зауыт, фабрикалардың қалаға жақын орналасуы. (Оқушылар бұлардың зиянды әсері, оның алдын алу жолдары туралы өз ойларын ортаға салады)

Тәжірибелер

Суреттер

Суреттер

Сергіту сәті
Саусақпен мұрын қысайық
Әншіге біраз ұқсайық
Әрбір сөздің дыбысын
Қандай екенін ұғайық
(Сергіту сәтінде дыбыс неге дұрыс шықпады?) Ауа аузымыз арқылы шыққандықтан дыбысымыз өзгерді.
Ой толғаныс
Оқушының жаңа сабақты қаншалықты меңгергендігін анықтау.
«Фишбоун» әдісі
Басы: проблемалық сұрақ
Сүйегі: шығу жолдары
Құйрығы: жауабы
1.Денсаулықты қалай сақтаймыз?
2.Мектеп ауласын қалай көгалдандырамыз?
3.Ауадағы оттегі таусылмауы үшін не істеуміз қажет?
4.Жер бетіндегі тіршілік үшін ауаның маңызы қандай? 1-топ. Бес жолды өлең. Ауа
Зат есім(1)
Етістік(2)
Сын есім(3)
Сөйлем (4)
Мәндес сөз (1)
2-топ. Табиғат туралы мақал-мәтел
3-топ. «Таза ауа- денсаулық кепілі» эссе жазу
4-топ. Венн диаграммасы
Дені сау адам Ауру адам

Оқушылар проблемалық сұрақтарға жауап береді.
БББ кестесінің 3-бөлімін толтыру. Плакат

Кесте.
Рефлексия
Бағдаршам бойынша кері байланыс жасау.
Жасыл түс-түсіндім
Сары түс-қиналдым, бірақ орындадым
Қызыл түс -маған көмек керек Бағдаршам

Бағалау.

«5» - күн
«4» - бұлт
«3» - жаңбыр
Топтық және жеке жұмыстарда белсене қатысып, өз пікірін білдіріп, дәлелдеген оқушыларды бағалау Әр топ келесі топты смайликтер арқылы бағалайды. Смайликтер
Үйге тапсырма «Ауа» мәтінді оқу. Қосымша мәліметтер жинау Күнделіктеріне жазып алады. Оқулық, ғаламтор желісі
Категория: Ашық сабақтар | Добавил: afgan0984 | Теги: Ауа. Ауаның қасиеті
Просмотров: 2223 | Загрузок: 329 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar