Главная » Файлы » ҰБТға Дайындық » Қазақ Тілі және Қазақ әдебиеті

Қазақ тілі-тест
22.06.2013, 22:17
1. Диалект сөзді табыңыз.

A) Нағашы.

B) Бөле.

C) Құдаша.

D) Абысын.

E) Құдағай.







2. Ашық дауыстылы сөзді көрсетіңіз.

A) Күні-түні.

B) Бесарықтың.

C) Павлодар.

D) Алматы.

E) Ақсу.







3. Қате тасымалданған сөзді көрсетіңіз.

A) Жү-зі.

B) Ер-лік.

C) О-ю.

D) Ер-тең-гі.

E) Ба-ла.







4. Сөздердіңқосарлануы арқылы жасалғансөзді белгілеңіз.

A) Алты(бақан)

B) Арманның (ауылы)

C) Өн(діргіш)

D) Жел(тоқсан)

E) Жан(жануар)







5. Зат есімді табыңыз.

A) Сары.

B) Әрең.

C) Кітап.

D) Әттең.

E) Екі.







6. Жинақтық сан есімді табыњыз.

A) Бес.

B) Бес-бестен.

C) Беске жуық.

D) Бесінші.

E) Бесеу.







7. Тәуелденіп келген есімдік түрін белгілеңіз.

A) Өзіммен, қайсыбіреу.

B) Кімде-кім, әркім.

C) Бұны, кіммін?

D) Осысы, мынауың.

E) Өз, бұған.







8. Күрделі еліктеу сөзді анықтаңыз.

A) Жарқ.

B) Былғаң.

C) Баж-бұж.

D) Бір-екі.

E) Ербең.







9. Сөйлемді көрсетіңіз.

A) Оқып жатыр.

B) Бір мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз.

C) Сұрастыру.

D) Мен келдім.

E) Барлық ұстаз.







10. Омоним бола алатын сөзді табыңыз.

A) Өзен.

B) Аухау-аухау.

C) Әркім.

D) Сана.

E) Шалбар.







11. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

A) Нашар кісі.

B) Айызы қану.

C) Күллі ғалам.

D) Дауыссыз дыбыс.

E) Күн көзі.







12. Ілгерінді ықпалды көрсетіңіз.

A) Оқушы.

B) Жолдасым.

C) Аңшы.

D) Ойыншық.

E) Қашса.







13. Етістіктен жұрнақ арқылы жасалған сын есімді көрсетіңіз.

A) Саңқ етті.

B) Бір топ адам.

C) Ерте тұру.

D) Аспалы шам.

E) Тез жүру.







14. Болымсыз етістіктің жұрнағын көрсетіңіз.

A) -ма,-ме.

B) -ып,-іп.

C) -ар,-ер.

D) -ды,-ді.

E) -қан,-кен.







15. Интонация арқылы байланысқан тәсілді табыңыз.

A) Мектеп – кеме.

B) Жал-құйрығы қандай?

C) Бұл ауылда тұрады.

D) Бақа-шаян көп.

E) Ерлі-зайыпты адамдар.







16. Қосарлы айқындауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

A) Көбінің жүзі ақшыл не қызғылт сарғыш келеді.

B) Қызыл, жасыл жапырақтар жерде жатыр.

C) Ақәділ қария ақ боз үйдің есігін түргізіп қойып, әңгіме айтып тұр.

D) Пайда, мақтан - бәрі тұл.

E) Есік алды гүлмен құлпырып тұр.







17. Жақты сөйлемді табыңыз.

A) Мына кісіні қайдан көргенімді ұмытып тұрмын.

B) Жақсы оқуымыз керек.

C) Ұшуға болмайды.

D) Менің сөйлегім келмейді.

E) Саған қатты қимылдауға болмайды.







18. Қыстырма сөзге байланысты қойылып тұрған тыныс белгіні табыңыз.

A) Ой, Ардақ, сен ақ қоян қырдан қашқан.

B) Сол арада, шынын айту керек, аздап қуанып та қалдым.

C) Домбыра, сырнай, сыбызғы - қазақтың көне аспаптары.

D) Жамбыл, Дина - өнердің қос қазығы.

E) Ол математиканы, физиканы, әдебиетті жақсы оқитын.







19. Қоғамдық, саяси-әлеуметтік мәселелермен айналысатын айбынды құрал тілін табыңыз.

A) Көркем әдебиет.

B) Ресми тіл.

C) Ғылыми тіл.

D) Ауызекі тіл.

E) Публицистика.







20. Қосымша арқылы жасалған сөзді табыңыз.

A) Шекара.

B) Жолдастық.

C) Аққу.

D) Шеше.

E) Техника.







21. Үстеу қандай сөйлем мүшесі екенін анықтаңыз.

Оқты жаңбырша жаудырды.

A) Толықтауыш.

B) Анықтауыш.

C) Баяндауыш.

D) Бастауыш.

E) Пысықтауыш.







22. Септеулік шылаулы сөйлемді табыңыз.

A) Сенен кейін барамын.

B) Мектепке кейін барамын.

C) Әңгімеңді кейін айтарсың.

D) Кейін тұрып сөйлесіңіз.

E) Кейін бәрі кеш болады.







23. Шартты бағыныңқы сабақтасты табыңыз.

A) Маған жақындап келгенде ғана, өзімнің шәкіртім екенін таныдым.

B) Бүгін жаңа ай туды.

C) Кітабын оқып болғандықтан, досына бере салды.

D) Ертең апам келеді.

E) Табиғаттың тілін білсең, ешқашан қор болмайсың.







24. Төл сөздің төлеу сөзге айналу жолының дұрысын  көрсетіңіз.

- Енді кері қайтуға бола ма? – деп сұрады жауынгерлер.   

A) Жауынгерлер кері қайтуға болмайтынын сұрады.

B) Жауынгерлер енді кері қайтуға болатын, болмайтынын сұрады.

C) Жауынгерлер кері қайтуға болатынын сұрады.

D) Жауынгерлер кері қайтатынын айтты.

E) Жауынгерлер қайтуға рұқсат сұрады. 

25. Тырнақша дұрыс қойылған  сөйлемді табыңыз.

A) Абыз Қарт ананы жалғыз отырғызу ретсіз – деп ойлады.

B) Абыз; Қарт ананы жалғыз отырғызу ретсіз « деп ойлады».

C) Абыз, Қарт ананы жалғыз отырғызу ретсіз деп,- ойлады.

D) Абыз: "Қарт ананы жалғыз отырғызу ретсіз”, – деп ойлады.

E) Абыз- Қарт ананы жалғыз отырғызу ретсіз – деп ойлады.





ҚАЗАҚ ТІЛІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ



 
Категория: Қазақ Тілі және Қазақ әдебиеті | Добавил: Жадыра | Теги: тілі-тест, Қазақ
Просмотров: 2468 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar