Главная » Файлы » ҰБТға Дайындық » Химия пәнінен |
Химия пәнінен ҰБТ-ға дайындық Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10 сынып оқушыларына арналған курс.
[ · Скачать удаленно (82.5Kb) ] | 10.11.2012, 14:58 |
Курстың тақырыбы: ҰБТ-ға дайындық Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10 сынып оқушыларына арналған курс. Бағдарламаның түсінік хаты: Курстың мақсаты: 10«б»сынып окушыларының 8-9 сыныптарда химиядан алған білімдерін жүйелеп қайталау,талдау, одан әрі тереңдете түсу. Болашақта кәсіби бағыт таңдауға және жан – жақты дамыған бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптастыруына көмектесу. ҰБТ-ге дацындау. Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар: -химиялық негізгі түсініктерді кеңейту және тереңдету. -өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру. -есеп шығара білу іскерлігін қалыптастыру. -дүниетаным мен ғылыми көзқарасын қалыптастыру. -алған білімді қолдана білуге үйрету. Пән аралық керіктірулер: -физика -биология -маиематика -медицина Кәсіпке бағдарлау : химия пәні мұғалімі,дәрігер, технолог, лаборантаналитик. Уақыт көлемі:34 сағатқа негізделген аптасына 1 сағат. Р/с Тақырыбы: Сағ.саны күні Күтілетін нәтиже 1. Заттар, қасиеттері, Таза зат, қоспалар, қоспаны бөлу, тазарту. 1 Зат пен денені ажырата білу, қоспа түрлері, қоспалы бөлудің әдістерін білу. 2. Құбылыстар.Реакция белгілері.Жай,күрделі заттар. 1 Құбылыстарды ажырату, реакция белгілерін түсіндіру.Жай, күрделі зат туралы түсінік беру. 3. Химиялық таңба.Элемент. Валенттілік,формула. 1 Таңбалы тани білу.Валенттілікті дұрыс таба білу.Валенттік бойынша формула құру дағдысын қалыптастыру. 4. Зат мөлшері.Моль. 1 Зат мөлшерін қолдана отырып заттың мьольдік массасын, молекулалық массасын есептеу, білу. 5. Периодтық жүйенің құрылысы. 1 Периодтық жүйе, периодтық заңның маңызын білу. 6. Атом құрылысы.Ядро заряды.Энергиялық деңгей,деңгейше. 1 Атомның құрылысын дұрыс жаза білу,электрондарды деңгей мен деңгейшеге орналастыру. 7. Тест 1 8. Химиялық реакциялардың жылдамдығы. 1 Химиялық реакциялардың жылдамдығын анықтай білу. 9. Химиялық тепе-теңдік.,тепе-теңдіктің ығысуы. 1 Тепе-теңдік,тепе-теңдіктің ығысуын анықтай білу.Реакция әсер етуші заттар туралы түсінік қалыптастыру. 10. Электролиттік диссоциация теориясы. 1 Усаиович,протондық теориялар туралы түсінік беру.Заттарды диссоциациялай білу. 11. Қышқыл,негіз,тұздардың диссоциациялануы. 1 ЭДТ. Қышқылдардың, негіздердің, тұздардың қасиеттері, реакцияларды жазу. 12. Оттектің физикалық, химиялық қасиеттері.Алынуы. 1 Оттек тақырыбына реакциялар және есептер шығара білу. 13. Сутектің физикалық, химиялық қасиеттері.Алынуы. 1 Сутек тақырыбына реакциялар және есептер шығара білу. 14. Су.Қасиеттері. Қолданылуы. 1 Судың химиялық қасиеттеріне реакция теңдеуін жазу, есептеулер жүргізу. 15. Ерітінділер.Ерігіштік. Ерітінді концентрациясы. 1 Ерітінді концентрациясы бойынша еріген зат нен судың мөлшерін табу. 16. Тест. 1 17. Оксидтер,қасиеттері, қолданылуы, алынуы. 1 Оксидтердің қасиеттеріне реакция теңдеулерін жазу, есептер шығару. 18. Қышқылдар, қасиеттері, қолданылуы, алынуы. 1 Қышқылдар тақырыбына есептер шығара білу. 19. Негіздер, қасиеттері, қолданылуы, алынуы. 1 Негіздер мен сілтілерді ажырата білу, қасиеттеріне реакцияларды жаза білу. 20. Тұздар, қасиеттері, қолданылуы, алынуы. 1 Тұздар тақырыбына есептеулер жүргізу. 21. Генетикалық байланыс. 1 Генетикалық қатарды құра білу, қатар бойынша реакциялар жаза білу. 22. Тест. 1 23. Галогендер VІІ A топшасы, VІ А топшасы. 1 Галогендердің химиялық қасиеттеріне реакциялар жазу. 24. ІV А, V А топшасының бейметалдары, олардың қосылыстары. 1 Бейметалдар тақырыбы бойынша есептер шығара білу. 25. Бейметалдар тақырыбына есептер шығару. 1 Есептеулер жүргізу. 26. Металдардың жалпы қасиеттері, алынуы. 1 Металдардың алынуына реакциялар жазу. 27. Металдардың химиялық қасиеттері. 1 Металдардың химиялық қасиеттері бойынша есептер шығара білу. Курсты ұйымдастыру формасы: Курс сабақ кестесіне енгізілген сабақ түрінде өтеді. Курсты оқытуды аяқтау формасы: -тест (тоқсанның соңында) -оқушының зерттеу жұмысы (реферат, баяндама) -сынақөтем. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі: «5» баллдық жүйемен бағалау. Ұсынылған әдебиеттер: Мұғалім үшін: -«Химия мектепте» журналы. -«Химия» 10 сынып авторлары:Қ.Бекішев,Н.Нұрахметов,Н.Заграничная. -«Химия» 8 сынып авторлары:Н.Нұрахметов.К.Жексембина,Н.Заграничная. -«Химия» 9 сынып автор: Н.Нұрахметов,К.Сарманова,К.Жексембина, Н.Заграничная. -Химия пәні бойынша тест жинағы 2007,2008,2009,2010 ж. -«химия есептер мен жаттығулар жинағы» 8;9 сынып авторы А.Е.Темірболатова. | |
Просмотров: 7763 | Загрузок: 744 | |
Всего комментариев: 0 | |