Главная » Файлы » ҰБТға Дайындық » Физика пәнінен

7-10 сынып Физика
[ · Скачать удаленно (76.0Kb) ] 04.11.2012, 00:14
7- класс I нұсқа



1. Физика сөзінің мағынасы қандай?

А) табиғат Б) мезгіл В) ауа Г) аспан



2. Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы ... деп аталады.

А) траектория Б) жол В) орын ауыстыру Г) материялық нүкте



3. Деформация сөзінің мағынасы қандай?

А) күш Б) өлшеу В) бүліну, бұзылу Г) дұрыс жауап жоқ



4. Гук заңының формуласы:

А) F=ma Б) F=N В) P=mg Г) F=kx



5. Күн жүйесінің құрамында неше планета бар?

А) 5 Б) 6 В) 7 Г) 8



6. Салмақ деген не?

А) дененің тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші

Б) бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш В) дененің өзі жанасып тұрған бетке тік бағытта түсіретін күш

Г) белгілі бір бетке түсітен күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама



7. Қысымның формуласы:

А) F=pS Б) p=F/S В) P=mg Г) F=ka



8. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал:

А) динамометр Б) альтиметр В) манометр Г) барометр



9. Жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын шама:

А) қуат Б) қысым В) күш Г) жұмыс



10. Кинетикалық энергияның формуласы:

А) Eп=mgh Б) Ek=mV2/2 В) W= Eп + Ek Г) барлығы дұрыс

















7- класс II нұсқа



1. Астрономия сөзінің мағынасы қандай?

А) табиғат Б) жұлдыз-заң В) мезгіл Г) ауа



2. Дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесіндіні ... деп атайды.

А) орын ауыстыру Б) жол В) траектория Г) материялық нүкте



3. Жылдамдықтың формуласы:

А) S=V*t Б) t=S/V В)V=S/t Г) Vорт=L/t



4. Гук заңы қандай деформация кезінде орындалады?

А) пластикалық Б) серпімді В) пластикалық және серпімді

Г) дұрыс жауап жоқ



5. Күшті өлшейтін құрал:

А) динамометр Б) барометр В) манометр Г) альтиметр



6. Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш ... деп аталады.

А) ауырлық күші Б) нормаль қысым күші В) үйкеліс күші Г) Архимед күші



7. Жердің бетін қоршап тұрған ауа қабығы қалай аталады?

А) атмосфера Б) литосфера В) стратосфера Г) гидросфера



8. Дене орын ауыстырғанда күштің атқарған жұмысы ... деп аталады.

А) кинетикалық энергия Б) потенциалдық энергия В) механикалық жұмыс Г) энергия



9. Қуаттың формуласы:

А) N=A*t Б) N=A/t В) p=F/S Г) P=mg



10. Потенциалдық энергияның формуласы:

А) Eп=mgh Б) Ek=mV2/2 В) W= Eп + Ek Г) барлығы дұрыс















10- класс I нұсқа



1. Қарастырылып отырған жағдайда өлшемдері мен пішінін ескермеуге болатын дене:

А) санақ жүйесі Б) материялық нүкте В) жол Г) орын ауыстыру



2. Центрге тартқыш үдеудің формуласы:

А) a=V 2 /r Б) a=V/t В) V=S/t Г) a=V/r



3. Бұрыштық жылдамдықтың формуласы:

А) V=S/t Б) V=2r/T В) Г) V=r



4. Ньютонның II заңының тұжырымдалуы:

А) денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңескен болса, онда ол тыныштық күйінде болады немесе түзусызықты бірқалыпты қозғалады

Б) өзара әрекеттесетін екі дене бір түзудің бойымен модульдері бойынша тең, ал бағыты жағынан қарама-қарсы күштермен әрекеттеседі.

В) кез келген екі дене бір-біріне массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал және арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал күшпен тартылады

Г) дененің алатын үдеуі оған түсірілген күшке тура пропорционал және оның массасына кері пропорционал.



5. Гравитациялық тұрақтының мәні:

А) 6,67*10 -11 Б) 9,8 В) 6,37*10 6 Г) 11,2



6. Күш импульсінің формуласы:

А) p=F/S Б) P=mg В) I=Ft Г) P=mV



7. Гей-Люссак заңы:

А) Б) В) Г)



8. Универсал газ тұрақтысы:

А) 8,31 Б) 9,8 м/с 2 В) 6,37*10 6 м Г) 11,2 км/с



9. Тұрақты температура кезіндегі газдың бір күйден екінші күйге өту процесі қалай аталады?

А) адиабаталық Б) изотермалық В) изохоралық Г) изобаралық



10. Жылу алмасусыз жүретін процесс:

А) изотермалық Б) изохоралық В) изобаралық Г) адиабаталық
Категория: Физика пәнінен | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: физика, сынып, 7-10
Просмотров: 21281 | Загрузок: 2133 | Рейтинг: 3.5/41
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar