Главная » Файлы » ҰБТға Дайындық » ҰБТ-ға дайындық тест жинақтары(Қазақша вариант)

Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
[ Скачать с сервера (659.0 Kb) ] 11.07.2013, 23:03

Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары.


 1 нұсқа

  1. Махамбет Өтемісұлының туған жылын белгілеңіз.

A) 1846 ж.

B) 1835 ж.

C) 1904 ж.

D) 1865 ж.

E) 1804 ж.

 2. «Қырық мысал», «Маса» жинақтарының авторын белгілеңіз.

A) А.Байтұрсынұлы.

B) Ш.Құдайбердіұлы.

C) М.Жұмабаев.

D) Ж.Аймауытов.

E) М.Дулатов.

 3. «Өткен күндер» жинағының авторын анықтаңыз.

A) С.Сейфуллин.

B) Ж.Жабаев.

C) Ғ.Мүсірепов.

D) Б.Майлин.

E) І.Жансүгіров.

 4. «Құлагер» поэмасының кейіпкерін көрсетіңіз.

A) Ақан сері.

B) Күйші.

C) Мардан.

D) Қарашаш.

E) Мәмбет.

 5. М. Мақатаевтың қызмет еткен қаласын табыңыз.

A) Атырау қаласы.

B) Алматы қаласы.

C) Ақтау қаласы.

D) Павлодар қаласы.

E) Орал қаласы.

 6. Аңыз кейіпкеріне айналған жырауды табыңыз.

A) Доспамбет.

B) Жиренше.

C) Жиембет.

D) Қазтуған.

E) Асан қайғы.

 7. Асанның:

’’Ердің құны болса да,

Алдыңа келіп қалған соң,

Қол қусырып барған соң,

Аса кеш те, қоя бер,’’- деген өлеңінде не туралы айтылғанын анықтаңыз.

A) Дәстүр, салт мәселесі.

B) Жер мәселесі.

C) Кешірімділік.

D) Достық.

E) Қамқорлық.

 8. 19-ғасырда Орыс жағрафиялық қоғамының толық мүшесі болған қазақты анықтаңыз.

A) Ы. Алтынсарин.

B) А. Байтұрсынов.

C) М. Тынышбаев.

D) Ш. Уәлиханов.

E) Х. Досмұхамедов.

 9. Ы. Алтынсарин ұйымдастырған тұңғыш мектеп қай жылы, қай қалада ашылғанын белгілеңіз.

A) 1865 ж. Қостанайда.

B) 1864 ж. Торғайда.

C) 1865 ж. Орынборда.

D) 1863 ж. Ырғызда.

E) 1866 ж. Омбыда.

10. Абайдың бес асыл іс пен бес дұшпанды саралаған өлеңін табыңыз.

A) «Интернатта оқып жүр».

B) «Қалың елім, қазағым...»

C) «Әсемпаз болма әрнеге».

D) «Жасымда ғылым бар деп...»

E) «Ғылым таппай мақтанба».

Категория: ҰБТ-ға дайындық тест жинақтары(Қазақша вариант) | Добавил: Lazzat | Теги: ҰБТ
Просмотров: 2679 | Загрузок: 3399 | Рейтинг: 3.6/9
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar