Главная » Файлы » ҰБТға Дайындық » биология пәнінен

Ұлғайтқыш құралдар: микроскоп, ұлғайтқыш әйнек.
[ Скачать с сервера (27.9 Kb) · Скачать удаленно (1500) ] 26.03.2015, 18:00
Сабақтың тақырыбы Ұлғайтқыш құралдар: микроскоп, ұлғайтқыш әйнек. Ұлғайтқыш құралдарды қолдану тәсілдері. Препараттар даярлау. Материалдар және құрал жабдықтар. Қауіпсіздік техникасы.
Сабақтың жалпы мақсаты Ұлғайтқыш құралдардың құрылысымен танысу, қолдану тәсілдерін үйрену
Әдіс-тәсілдер Блум таксономиясы, диалог,жеке жұмыс, топтық жұмыс, «Өрмекшінің торы» әдісі, «Миға шабуыл» әдісі, «Нақты жауап» айдары, «Тапқыр болсаң, тауып көр» ойыны, «Сиқырлы шаршы» немесе «Sudoku» күрделенген тапсырмасы
Күтілетін нәтижесі Ұлғайтқышқұралдардың құрылысын біледі, талдай алады
Жұмыс жасауға дағдыланады. Өз бетінше қорытынды жасай алады.
Түйінді идея Нақты ойлау арқылы ой қорыту
№ Уа-қыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Дерек көздер, көрнекілік-тер

1 2 мин Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру «Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз»
Оқушылар бір біріне тілектерін білдіреді
Стикерлер
плакат

2 2 мин Топқа бөлу
Оқушыларды топқа бөлу арқылы алдағы сабақтың не туралы болатынын пайымдату, назарларын жаңа сабаққа қарай бағыттау Суреттер арқылы топқа бөлу
1. Окуляр
2. Көру түтігі
3. Обьективтер
4. Заттық үстелше Суреттер, топ аттары жазылған парақшалар
3 1 мин Сабақтың бағалау критерийлерімен таныстыру

№ Аты-жөні білу
түсіну қолдану талдау жинақтау бағалау
1 ұпай 4 ұпай 4 ұпай 3 ұпай 1 ұпай 2 ұпай
парақша
4 5 мин Үй жұмысы сұрау
 Өсімдіктерге тіршілік орталары
 Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы
 Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы
Өсімдіктердің табиғат жағдайларындағы өзгерістері
5 5 мин Жаңа сабақтың ашылуы
І.Білу. «Миға шабуыл» әдісі
1. Балалар сендер «Ұлғайтқыш құралдар,микроскоп» деген сөзді естігенде көз алдарыңа нені елестетесіңдер? Оқушылар өздерінің түсініктері бойынша менталді карта жасайды Плакаттар,
маркерлер
Слайд
6 5 мин ІІ. Түсіну.
1. Ұлғайтқыш құралдар дегеніміз не?
2. Ұлғайтқыш құралдармен нені көре аламыз?
3. Препараттар дегеніміз не? Оқушылар топ болып тақырыпты оқиды, өз пікірлерін айтады. Микроскоп туралы білімдерінің қай дәрежеде екенін көрсетеді.

7.
5 мин
ІІІ. Қолдану.
Қима қағаздағы суреттер арқылы микрооскопты құрастырады ,құрылысымен танысады.Қауіпсіздік ережесінмен танысады (жеке жұмыс)

Микроскоп Атқаратын
бөлімдері
қызметі

тірек сызба
8 10 мин «Тапқыр болсаң, тауып көр» ойыны

«Sudoku» немесе «Сиқырлы шаршы»
(талантты және дарынды оқушыларға арналған күрделенген тапсырма)
Топтық жұмыс
Пияз қабығының жасушасын зерттеу
Төмендегі сөйлемдерді оқып шығып,ойланып тұсындағы сандарын торкөздің ішіне препарат дайындау ретіне қарай орналастырыңдар
1. Препаратты жабын шынымен жабады
2. Пияз қабығын аршиды
3. Зат шынысына йод тамшысын тамызады
4. Пияздың шырынды қабатының дөңес жағынан жұқа өңіні сылып алады
5. Зат шынысына су тамызады
6. Пияз өңінің бүктелген жерін сапты инемен түзейді
7. Препаратты зат үстелшеге орналастырады Үлестірме қағаздар
Кеспе суреттер

9 2 мин Сергіту сәті
«Кел, билейік!» Оқушылар бейнероликтегі би қимылдарын музыка ырғағымен жасайды Интербелсенді тақтадан бейнеролик көрсету
10. 5 мин ІV. Талдау
Оқушылармен бірге сабақты талдау.
1. Жасушаның ашылу тарихы
2. Ұлғайтқыш құралдарды кім ашты?
3. Ұлғайтқыш құралдардың бөлімдерін атаңдар?
4. Қауіпсіздік техникасы Әр топ өз ойларын айтады.
Суреттер
Слайд
11 3 мин V. Жинақтау

«Өрмекшінің торы» әдісі бойынша қорытынды жасау Оқушылар «Өрмекшінің торы» әдісі бойынша өз ойларын жинақтайды
Әр топ бір-бір сөйлемнен өз идеяларын айтады.
Тоқыма жіп
12 3 мин VІ. Бағалау

1. Бүгінгі сабақ сендерге түсінікті ме?
2. Түсінбеген, сендерге қиындық тудырған сұрақтар бар ма?

Блум таксономиясы бойынша бағалау парақшасын үлестіру.

№ Аты-жөні бі-лу
түсі-ну қол-дану талдау жи-нақтау баға-лау

Оқушылар смайликтерді көтеру арқылы бүгінгі сабақты бағалайды
-мен көп нәрсені үйрендім
- мен аз нәрсе үйрендім
-мен ештеңе үйренбедім
Бағалау шкаласы
«5»-12-15 ұпай
«4»- 9-12 ұпай
«3»-5-8 ұпай
13. 2 мин «Не үйрендім?, Не үйренгім келеді?» кері байланыс жасау
Үйге тапсырма
Кез келген өсімдікті алып зерттеу. Зерттеу жұмысын дәптерге түсіру Күнделігіні жазып алады
Категория: биология пәнінен | Добавил: №26
Просмотров: 1711 | Загрузок: 647 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar