Главная » Файлы » ҰБТға Дайындық » Қазақстан және Дүние жүзі тарихы

Қазақстан тарихы 1
[ · Скачать удаленно (1.03Mb) ] 04.11.2012, 00:07
Қазақстан тарихы

1 - НҰСҚА

1. Қазақстан жеріндегі ежелгі адамның алғашқы іздері қандай дәуірлерге жатады

A) Неолит

B) Энеолит

C) Ерте палеолит

D) Мезолит

E) Соңғы палеолит

2. Андронов мәдениетінің тұрақтары алғаш рет ... қаласына жақын жерде табылды

A) Орынбор

B) Тараз

C) Алматы

D) Ачинск

E) Шымкент

3. "Шошақ бөрікті" сақтардың мекені:

A) Мургаб аңғары.

B) Алтай.

C) Арал маңы.

D) Қара теңіз маңы.

E) Жетісуда.

4. ІХ ғ. мен ХІ ғ. бас кезінде қандай тайпалар Сырдариядан Еділге дейінгі аумақты иеленді?

A) Оғыз

B) Қарлұқ

C) Түркеш

D) Қарақытай

E) Қарахандықтар

5. Қазақстанның оңтүстігінде XІғ. Тұрғын үйдің жаңа түрлері, біркелкі, тура есіктермен жалғастырыла салынған бөлмелері бар үйдің атауы:

A) Крестік.

B) Анфиладалы.

C) Фасадтық.

D) Порталдық.

E) Бағаналық.

6. Ерте орта ғасырларда Орта Азияда соғдылықтар қандай дінді таратқан:

A) Будда.

B) Христиан.

C) Мұсылман.

D) Манихейлік.

E) Зороастра.

8. Моғолстан кімдермен болған соғыста әлсіреп бөлшектеніп кетті?

A) Ақ ордамен

B) Темір мемлекетімен

C) Алтын Орда хандарымен

D) Жоңғарлармен

E) Ноғай ордасымен

9. 1510 ж. Сығанақ түбінде Мұхаммед Шайбани кімнің әскерлерінен күйрей жеңіліске ұшырады?

A) Ойраттар

B) Қасым

C) Темір

D) Хақназар

E) Есенбұға

10. Кесенелерді салудағы негізгі үлгі:

A) Күмбез тәріздес.

B) Конус тәрізді.

C) Өткір ұшты.

D) Куб тәріздес.

E) Шатыр тәріздес.

11. XVІІІ ғ. І жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы.

A) Батыр сұлтан.

B) Барақ сұлтан.

C) Абылай хан.

D) Сәмеке хан.

E) Әбілқайыр хан.

12. Бородино шайқасында көрсеткен ерлігі үшін қай қазақ жауынгеріне көгілдір ленталы медаль берілді?

A) Әмен Байбатырұлы.

B) Сүлеймен батыр.

C) Нарынбай Жанжігітұлы.

D) Ықсан Әубәкірұлы.

E) Қарынбай Зындағұлұлы.

13. Қоқан әскер күштерінің Қаскелең өзені жағалауында салған Таушыбек бекінісін орыс әскерлері қай жылғы жазда басып алды?

A) 1853 ж.

B) 1854 ж.

C) 1852 ж.

D) 1851 ж.

E) 1850 ж.

14. 1813 ж. Орынборда ашылған училищеде даярланған мамандар.

A) Молдалар

B) Офицерлер

C) Мұғалімдер

D) Аудармашылар

E) Ресейлік билеу әкімшілігі үшін шенеуніктер

15. 1867-68жж. "Ереженің" ең негізгі түйінді жері.

A) Округтардың жойылуы

B) Әскери губернатордың облыстағы казак әскерінің атаманы болып есептелуі.

C) Түркістан генерал -губернаторлығын құрылуы.

D) Әскери соттардың құрылуы
E) Әскери және азаматтық биліктің генерал-губернатор қолына шоғырлануы
Категория: Қазақстан және Дүние жүзі тарихы | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: тарихы, Қазақстан
Просмотров: 3503 | Загрузок: 673 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.3/3
Всего комментариев: 1
avatar
0
1 анель • 19:56, 30.10.2013
где ответы
ComForm">
avatar