Главная » 2013 » Желтоқсан » 8 » Рефераттар сайты Referati.kz
23:58
Рефераттар сайты Referati.kz

Сайт Қалай ашылды?

Ресей сайт жасау бірлестіктері 29.10.2005 қосылып ucoz атты веб-сайт ашу құралдары орнатылған КМС ашты. Көріп отырғаныңыздай осы үлкен жоба мен біздің қарапайым веб-сайтымыздың ашылған күндері бір болып отыр. Ең бірінші, осы сайтты ашпас бұрын қарапайым сайттар ашып үйрендім, ненің не екенін, кодтардың не мағына беретінін үйренгеннен кейін Referati.kz сайты өмірге келді. Referati.kz сайты – аса қызығушылық және кішкене болсын еңбектің арқасында ашылды. Ең бірінші сайтты ашқан кезде материалдар, яғни рефераттар, слайдтар және тесттер саны көп болған жоқ. Мен сайтқа материалдар салып, әрдайым көбейтіп отырдым. Сөйтіп, referati.kz сайты яндекс және гугл сайттарында атақты бола бастады, яғни көп кездесетін желі сұраныстарын біздің сайтымызға жіберіп отырды. Еңбектің нәтижесі тез көріне қоймады, веб-сайт әлі жас болған соң, сайтты іздеп кіретін адамдар саны да аз болды. Уақыт өте келе, адам саны көбейіп, графиктерге есім кетіп қарай бастадым, нәтижелер көрінген сайын қызығушылық артып одан әрі қарай дамытуды көздедім. Әрине, веб-сайттың дәл осындай көрсеткіштерге жетуі, барлығы да еңбектің арқасы деп ойлаймын.


Сөзімді қорытындылайтын болсам, бұл жоба менің 1-ақ жылғы еңбегім. Болашақта осы аталған және өздеріңіз көрген жұмыстармен тоқтап қалмай, ары қарай жалғасын табады, яғни өзімнің сайтымды ары қарай дамытып, өзім сияқты оқушыларға, студенттерге білімдерін шыңдауға көмек көрсетемін деп ойлаймын.

Просмотров: 1034 | Добавил: Злой_Админ)) | Рейтинг: 3.5/2