Главная » 2013 » Желтоқсан » 8 » 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні құтты болсын
23:22
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні құтты болсын

Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 12 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.

Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы – өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс. Бұл еркіндік сүйгіш, патриоттық дәстүр 16-желтоқсан оқиғаларына дейін жалғасты. Осылайша бұл тәуелсіздік күнінің оңайлықпен келмегенін білеміз. Елбасымыз өткен дәуірдегі қаһармандық оқиғалардың тізбегін таяудағы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арнаған сөзінде: «Ұлы далада бірінен соң бірі толас таппай жүріп жатқан 200-ге тарта көтерілістер эстафетасы, біздің бүгінгі тәуелсіздігіміздің бастау көздері» деп бағалаған болатын.  Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға бар өмірін сарп еткен хан-сұлтандары мен батырларын тарихқа өлшеусіз үлес қосқан ірі тұлғалар ретінде ардақтап, олардың өлмес рухын ұлт мақтанышы ретінде күні бүгінге дейін жеткізді. Бұл қасиетті шежіре – бүгінгі буын арқылы келер ұрпақтың бойына жастайынан сіңірілетін баға жетпес игілік. Осы өнегені, елжандылық, отансүйгіштік дәстүрді жастардың бойына дарыту, патриоттық рухта тәрбиелеу – бүгінгі таңда әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы болып табылады.




Біз сіздерді Республикамыздың Тәуелсіздік алған күнімен құттықтаймыз.
Еліміз өркендеп барлығыңыздың жолыңыз ашылып, ҰБТ тапсыратын
оқушыларымыз 100 ұпайдан кем алмай, өзінің қалаған оқу орнына түсіп,
елімізге пайдасы тиетін беделді азаматтар қатарына қосыла берсін.
Студенттер сабақтарыңды жақсылап оқып, елімізді алға тарта берсін.
Осындай керемет мемлекетіміз -  тек жұлдыздай
дүние жүзі алдында жарқырап тұра берсін. Дамушы елдер қатарындағы туған
елімізді тек дамыта берейік, Біз - барша халық сенген еліміздің
болашағымыз. Сондықтан да, тек еңбектеніп елімізге пайдасын тигізейік
ағайын.

Ізгі тілекпен: REFERATi.kz сайты әкімшілігі


Просмотров: 2261 | Добавил: Злой_Админ)) | Рейтинг: 0.0/0